Алматы қаласында 16 қабаттан жоғары ғимараттар салуға тиым салынғандығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов осындай мазмұндағы қаулыға қол қойды» делінген мақалада. «Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Яков Заяцтың айтуынша, қазіргі күні қаланың бас жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал оның ең маңызды кезеңдерінің бірі – «Регламент» дайындау. Ол құрылыс нормалары мен ережелерді ескере отырып жасалды. Алматы секілді сейсмоқауіпті аймақтарда 9 қабатты ғимараттар салуға ғана рұқсат бар. Соған байланысты, дайындалған «Регламент», бір жағынан, құрылыс жұмысы аясын кеңейтеді, екінші жағынан – салынатын ғимараттардың биіктігін 13-16 қабаттан асырмайтындай етіп шектейді дейді Яков Заяц. Оның айтуынша, бұған дейінгі биік ғимараттар сол қалпында қалдырылып, салынып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы да аяғына дейін жеткізіледі» деп жазды «Время» газеті.
Бұл уақытта Алматы қаласының таулы аймақтарында құрылыс жүргізуге болмайтындығы туралы мақала «Экспресс К» газетінде жарық көріпті. «Көктөбе, Бутаковка, Тасты шоқы, тіпті Алматының барлық таулы аймақтары – қауіпті болып саналады» делінген мақалада. «Профессор Виталий Хомяковтың айтуынша, тау бөктерін нығайту жұмыстарының өзі топырақ көшуін одан әрі жиілетуі мүмкін. Өйткені, ауқымды құрылыстардың салдарынан топырақтың қозғалысы мен деформациялануы арта түседі. Тұрақсыз топырақтың үстіне көп қабатты үйлерді қазіргі технологияның жетістігімен салудың өзі қиын. Нәтижесінде қарапайым халық зардап шегеді. Бізде топырақ көші бола қалса, оны жылы жауып қою жағы басым болып тұр. Алайда, қауіпсіздік шараларына кететін қаржы, табиғи апат туғызатын шығыннан әлде қайда аз болады» депті профессор Виталий Хомяков «Экспресс К» газетіне берген сұхбатында.
Ал «Айқын» газеті ВИЧ жұқтырған жүкті әйелдер саны көбейгендігіне мән беріп өтіпті. «Алматы қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығы өткен жылы 50 мың жүкті әйелді арнайы тексеруден өткізген. Соның барысында нәресте сүюге бел буған 21 ананың қанынан ВИЧ инфекциясын жұқтырғанын анықтапты» делінген мақалада. «Өмірге ұрпақ әкелуге бел буған кейбір арулардың осылайша аяқ астынан қатерлі індет жұқтырғанына дәрігерлер алаңдаушылық білдіріп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл нәзік жандылардың барлығы есірткіге бой алдырған. Біз ВИЧ жұқтырған аналарды тоғыз айда екі рет арнайы тексереміз. Кейде жүкті аналар баласын алдырудан бас тартады. Қазір біздің орталықта бақылауға алынған осындай екі нәресте бар. Бұған қоса, алты әйел тіркеуде тұр. Сонымен қатар бес әйелге босануға рұқсат етілді. Өкінішке қарай, он әйел жасанды түсік жасатты» дейді Алматы қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова. Өткен жылы республика бойынша «ғасыр індетіне» шалдыққандар саны 6 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 13,3 пайызға тағы өскен. «Олардың басым бөлігі Қарағандыда тұрады. Одан кейінгі орындарда Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары тұр» деп жазды «Айқын» газеті.
Бұл уақытта Шымкентте балалар құқығы туралы мультфильм түсірілгені жайындағы мақала «Комсомольская правда: Қазақстан» газетінде жарық көріпті. «Шығарма авторлары балаларға халықаралық конвенцияларда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын жеңіл тілмен түсіндіруге бел шешіпті» делінген мақалада. «Мультфильм Чарльз Диккенстің «Оливер Твисттің хикаялары» атты шығармасының желісімен түсірілген. «Біріншіден, бұл кітап көпшілікке жақсы танымал. Екіншіден, оның сюжеті фильмнің иллюстрациясына өте жақын келді: өйткені, кейіпкерге қатысты балалар құқығы жөніндегі Конвенцияның барлық ережелері бұзылғандығын көреміз» дейді мультфильм режиссері Мақсұт Жәрімбетов. Оның айтуынша, қазіргі күні бес минуттық фильмнің 6 сериясы түсірілген. «Шығармашылық ұжым осы жылғы шілде айына дейін тағы 10 серия түсіруді жоспарлап отыр. Мультфильмнің алқашқы сериялары жергілікті телеарнаның бірінен көрсетіле бастады» деп жазды «Комсомольская правда: Қазақстан» газеті.
«Литер» газеті болса мылқау балаларды саусақпен сөйлесу әдісіне оқыту қайтадан қолға алынатындығына тоқталып өтіпті. «2004 жылы білім және ғылым министрлігі мылқау және құлағы нашар еститін балаларды саусақпен сөйлеуге үйрету сабағы алып тастаған болатын. Ондағы мақсат – есту қабілеті төмен балаларды «жалпыға бірдей» тілге бейімдеу. «Алайда, үш жыл өткен соң Павлодардың мылқаулар қоғамы мүгедектер бір-бірін әрең түсінетін жағдайға жеткендігін мәселе етіп көтеріп отыр» делінген мақалада. «Алматы қаласындағы мамандар болса саусақтың көмегі арқылы ыммен сөйлесуді мүгедек балаларға үйретудің аса қажеті жоқ деп санайды. Қалай дегенмен, есту қабілеті төмен балалар бұрынғыша сөйлесу әдістеріне қайта көшетін болады. Білім берудің жаңа стандарттарында осы жағы қарастырылған» деп түйіндейді «Литер» газеті.