Accessibility links

Ирақ иммигрантының үкіметтік емес ұйымы соғыс зардабын шеккен әлем әйелдеріне қолдау көрсетуде


Зайнаб Салби Ирақтан АҚШ-қа жаңадан келген кезде оның жасы небәрі 23-те болған. Сол кезде Зайнаб өзі үшін Балқан соғысын бастан кешкен әйелдерге көмектесем деген шешім қабылдаған. Ол өзінің бұл игілікті мақсатын жүзеге асыруды әр ай сайын 32 әйелге хатпен бірге 27 доллардан қаржы жіберуден бастаған.

Міне содан бергі 14 жыл уақыт ішінде Зайнаб Салби негізін қалаған үкіметтік емес ұйым отбасы мен жақындары соғыстың түрлі зардаптарын бастан кешкен 90 мыңнан астам әйелге көмектесіп, 30 миллион доллардан асатын қаржы жіберген.

Зайнаб Салби Ирақта өз ойынан өзі қорқатындай ортада өсіп бойжетті. Саддам Хуссейннің жеке ұшқыштарының бірінің қызы болғандықтан, Зайнабтың отбасы қорқыныш пен үрей тудыратындай ортада тұрып жатты, айналадағылардың барлығы да өзгеше ойлаудың өзі өміріңе қауіп төндіріп, түрмеден бір-ақ шығарады дейтін қорқынышты жайттар айтатын.

Зайнаб 23 жасында Америкаға келгенде, оның азапты тағдырға айнала бастаған жұбайлық өмірі артта қалған еді. Бөтен елге келісімен ол жер бетінде басқа өмірдің бар екенін көріп-біле бастады, тұңғыш рет газеттің не екенін көрді, оны оқып, жаңалықтарды білді, көзі ашылды.

Бұл - 1993 жыл болатын. Зайнабтың газеттерден оқыған жаңалықтарында Босния мен Герцеговинағдағы концентрациялық лагерлер мен әйелдер түрмелері туралы жазылып жататын. Міне осы қатыгездіктер Зайнабтың есіне Иран–Ирақ соғысы жылдарындағы өзінің бастан кешкен қиын жағдайларын түсіргені айқын.

Осыдан кейін Зайнаб өз өмірін қайта бастаймын деп шешті. Ол өзіне азап пен қорлық көрсеткен күйеуінен ажырасып, соғыс зардабын шеккен Балқан әйелдеріне көмектесуді мұрат еткен топ құру ісін бастап кетті.

Осылайша Зайнаб Вашингтонда өзі жұмыс істейтін шіркеуде алдына қойған мақсатын орындаудың алғашқы қадамын Босния мен Хорватиядағы 32 әйелге хат жазып, олардың әрқайсысына ай сайын 27 доллардан ақша жіберуден бастады. Ол сол сәтте қиындыққа кездескен өзі сияқты бұл әйелдер өмірде жалғыз қалмай, қолдап, көмек беретін жаннның бар екендігін білсін деп ойладым дейді.

Сол уақыттан бері 14 жыл өте шықты, Зайнабтың "Әйелдер халықаралық әйелдер" үшін деп аталатын үкіметтік емес ұйымы әлемнің 93 мың әйеліне көмек қолын созып, оларға 30 миллион доллардың шағын кредиттері мен несиелерін, басқа да ақшалай қаржыларын жөнелтіп, тірек болған екен.

Бүгіндері Зайнаб Вашингтондағы күн шуағы жарқырап төгіліп тұрған кеңсесінде, жер бетінің әр түкпірінен жолданған алғысқа толы хаттар мен суреттер ортасында отырып, бұның өзі соғыстың басқа қыры дейді.

- Бұл бір адаммен ғана шектелмейді, онымен бітпейді, нақты айтқанда бұл әлемнің барлық түкпірінен күш-жігерін бізге қосқан жүздеген, мыңдаған адам. Мен нақты бір әйелге көмектесіп, оның өмірінің қалыпты арнаға түсуіне қолдау жасағым келеді, өйткені егер тиынның екі жағы болса, соғыс та соның бір ғана жағы, біз сол шекаралық бір жағын талқылап жатырмыз. Ерлер егер соғыс пен күрес, қару мен оқ-дәріні сөз етсе, біз соғыстың екінші жағын, оның адам өміріне әсерін, оқу мен денсаулыққа, басқа да салалрға әсерін талқылап, оны шешу жолдарын қарастырамыз.

Сонымен Салбидің айтқан ойларын бір сөзбен қорытындылар болсақ, ол "Әйелдер халықаралық Әйелдер" үшін үкіметтік емес ұйымы әйелдердің өмірін тұрақтандыру арқылы бейбітшілік құрып жатыр дегенге саяды.

Зайнаб өз жұмысы арқылы замандастарын әйелдер мықты, жігерлі болса, қоғам да мықты, әлеуетті болады деген сенімге жетелейді.

- Біз оларды әйелдердің хұқтарының қандай екеніне, олардың экономикадағы, қоғамдағы, саясаттағы, денсаулық саласындағы алатын орны қандай екеніне оқытамыз. Сондай-ақ біз оларды кәсіби мамандыққа үйретіп, жұмыс табу мүмкіндіктерін кеңейтеміз, сонда олар өздері табыс тауып, жағдайларын жақсарта алады. Нәтижесінде біздер әйелдердің соғыс зардабын шеккен, оның құрбаны болған әлсіз жаннан, қоғамның белсенді азаматы болуына көмектесетіндігімізге сенімдіміз.

Қазір әйелдер үшін ұйымының Ауғанстанда жергілікті 60 қызметкері болса, Косово мен Ирақта 50- ден өкілдері жұмыс істейді.

Жергілікті аймақтарда түрлі бағыттағы жаттығу бағдарламапары жолға қойылған. Жыл соңында белсенді жұмыс істеп, өздерін жақсы танытқан әйелдерге ұйым шағын несиелер беріп, олардың өз жеке кәсібін бастап кетулеріне мүмкіндік туғызады.

Салби өзінің сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған уақыттан бері жер бетінің түрлі аймақтарында 250 дей түрлі соғыстар орын алған, сол соғыстар барысында 23 миллион апат пен өлім-жітім басқа да бақытсыздықтар болған дейді. Міне олардың 90 проценті азаматтарға, тіршілік иелеріне тікелей қатысты. Осы көрсеткіштің төрттен үш бөлігі әйелдер мен балалар, ересек адамдар болған, демек олардың тағдырлары соғыстан зардап шекті, олар оның құрбанына айналды. Ендеше өмірдегі ең қымбат нәрсе - Бейбітшілік дейді Зайнаб Салби.
XS
SM
MD
LG