Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тақырыбын зерттеуші Оралғайша Омаршанованың [шығармашылық псевдонимі - Оралғайша Жабағтайқызы] туған-туыстары мен әріптестерінің айтуынша, журналист осы жылғы наурыз айында бірнеше өткір қылмыстық істердің ізімен Қарағанды, Жезқазған, Алматы және Астана қалаларында жұмыс істеген. Оралғайшаның жүрген жолдарын рет-ретімен қарайтын болсақ, алдымен ол наурыздың 9-күні Жезқазған қаласына барады, сол жерде 8 күн жұмыс істеген журналист наурыздың 16-күні Астанаға қайтып оралған. Алайда, Оралғайша үйінде көп тұрақтамай, наурыздың 22-күні Алматы облысының Маловодное ауылына келген. Одан кейінгі бір апта көлемінде журналист өзінің жеке қауіпсіздігі үшін Қарағанды қаласынан қару сатып алып, оны Астанада тіркеген соң наурыздың 28-күні Алматыға қарай жолға шыққан. Ертесіне жеткен Оралғайша Омаршанова қаладан пәтер жалдайды, ал оны соңғы рет Алматыда наурыздың 30-күні түс кезінде белгісіз көлікке мініп бара жатқан жерінен көргендер бар.
Осы уақыт аралығындағы жұмысы барысында журналисті белгісіз біреулер телефон арқылы қорқытқаны белгілі болып отыр. Айта кетерлік бір жайт, Оралғайша жоғалып кеткенге дейін оның өміріне қауіп төніп тұрғандығын тағы бірнеше адам, тіпті, құқық органдары да хабардар болыпты. Белгісіз біреулердің телефон арқылы қорқытқандығын Оралғайша Жезқазғанда жүргенде, сол қаланың тұрғыны Бақытгүл Шақпұтоваға айтқан. Өз кезегінде Бақытгүл журналист өміріне қауіп төнгендігін Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің тергеу қызметіне жеткізген. Бақытгүл осы мазмұндағы өтініш наурыздың 26-күні Ішкі істер министрлігіне қарасты жеке қауіпсіздік департаментіне де түскенін айтаып отыр.
- Тергеу қызметкерлеріне Оралғайшаны қорқытып жатқандығын айтып едім, олар менен тиісті өтініш жазуын сұрап, Оралғайшаның қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндігін айтты. Ал наурыздың 26-күні мені жеке қауіпсіздік департаментіне шақыртып, сол жерде өз арызымды тастап кеттім. Содан төрт күн өткеннен кейін Оралғайша жоғалып отыр.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов «Закон и правосудие» газетінің тілшісіне төнген қауіптен құқық органдары хабардар болған деген ақпаратты жоққа шығармайды.
- Әрине, полиция бұл жайында білуі мүмкін. Неге десеңіз, оның жұмыс істейтін саласы журналистік зерттеу болғаннан кейін, оның неше түрлі адамдардың проблемаларын көтеріп, беймәлім ақпаратты жариялауынан біреуге жеккөрінішті болып қалуы мүмкін, - дейді Бағдат Қожахметов.
Алайда, Оралғайшаның жеке қауіпсіздігін құқық қорғау органдарынан ешкім қорғамағаны белгілі болып отыр. Оның туған бауыры Жанат Омаршанов полиция тарапынан тиісті көмектің болмағандығына қынжылыс білдіреді.
- Полициядан ешқандай адам бөлінбеген. Жеке қауіпсіздік департаменті деген атынан да білуге болады ғой, өтініш түскен екен соң тиісті шараларын қолдануы қажет еді, - деді ол.
Белгісіз біреулердің қорқытуынан Оралғайшаның өзі де секем алғаны байқалады. Оның туған-туыстары мен әріптестерінің әңгімесіне қарағанда, журналист наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірнеше мәрте кездескен. Олардың кімдер екендігі белгісіз. Сондай-ақ, Оралғайшаны қорқытқан адамның кім екендігінен де оның достары бейхабар. Бірақ, телефондағы әңгіме Жезқазған жайында болған дегенді айтады Бақытгүл Шақпұтова.
- Менің қасымда жүргенде Оралғайшаға біреу телефон соғып, «Жезқазғанда не жоғалтқаның бар, өлгің келіп жүр ме?» деп қорқытты. Ал мен одан «мынаусы несі?» деп шошына сұрағанымда, ол: «Қорықпай-ақ қой, психологиялық қысым көрсеткен түрлері ғой» деп жауап берді. Бірақ, содан секем алса керек, кейін ол маған қару сатып алғанын айтты, - дейді Бақытгүл Шақпұтова.
Журналист Жезқазған қаласына Сағит Шақпұтовтың өлтірілуіне қатысты қылмыстық істі зерттеу үшін барған. Бұл оқиға 2006 жылдың қараша айында аталған қалада тіркелген. Оралғайша осы қылмыстың артын қуалап Алматыға келген болатын, өйткені С.Шақпұтовты өлтірген деген күдікпен ұсталған Вита Махмаханов наурыздың 18-күнгі қанды қақтығыс кезінде Қазаткомдағы ағасының үй қарауында болған. Осы оқиғалар туралы наурыз айында Оралғайшаның екі мақаласы «Закон и правосудие» газетінде жарық көрген: «В чем связь между убийством инвалида и хищениями в корпорации Казахмыс?» атты материал – наурыздың 7-күні, «Кровавый беспредел, или Кто стоит за братьями-махновцами?» мақаласы наурыздың 26-күні басылған.
Қазіргі күні ешкім Оралғайшаның жоғалуына жоғарыда келтірілген қылмыстардың қатысы бар деген тұжырым жасауға негіз таппай отыр. Бірақ, көпшіліктің пікірі журналистің іс-түссіз кетуіне оның кәсіби жұмысы себеп болған дегенге саяды.
- Адам неге кет деп айтады?! Арты қуыстанғаннан кейін айтады. Яғни, Оралғайша бір шындықтың бетін ашты. Өйткені, ол шындықты айтудан қорықпайтын, - дейді Жанат Омаршанов.
Қазіргі күні журналисті іздестіру жұмыстары ҚР Ішкі істер министрлігінің қарауына алынды. Оралғайша Омаршанова – 39 жаста, 7 сынып оқитын қызы бар. «Закон и правосудие» газетінде бір жылға жуық қызмет жасайды.