«Шаңырақ» ықшам ауданында былтыр шілденің 14-і күні болған қанды қақтығыс, өз аты-жөнін өзгертіп беруді өтінген Асқардың аяғына тыртық түрінде із қалдырыпты. Сол күні құқық қызметкерлері бірінің атқан оғы аяғына келіп тигендігін айтты Асқар «Азаттық» тілшісіне:
- Маған тиген оқтың бәрі содан ғой. Ауруханада бір апта полицияның қарауымен кісендеулі жаттым. Оның өзінде жазылмай жатып шығарып жіберді.
Әйтсе де, Шаңырақ қақтығысы бойынша Алматы қалалық сотында өтіп жатқан сот ісінде кейбір құқық қызметкерлері қару қолданылғандығын жоққа шығарып, жалған куәлік етті деп мәлімдеді «Шаңыраққа тірек» қоғамдық ұйымының жетекшісі Дос Көшім көкектің 26-сы күні қалалық сот ғимаратының алдында. Бұл ретте ол жұртшылық назарына бірнеше фотосуретті көрсетті:
- Сот басталғалы бері және соттың алдындағы жауаптардың бәрінде ішкі істер басқармасы, олардың басшылары, полковник Бугаев, кеше ғана сотта куә болған полковник Жексенбиев – бәрі «Шаңырақтағы қақтығыс кезінде тәртіп сақшылары ешқандай қару қолданған жоқ» дегенді бірнеше рет қайталап айтты. Біз мұның бәрін жалған куәлік деп ойлаймыз! Олардың сөздерін жоққа шығару есебінде біздің қолдарымызда суреттер бар. Міне, қолданылған мылтық көрініп тұр. Атылып жатқан мылтық та бар. Мінеки, оқ-дәрілер... Біз мұны жалған куәлік беру болмасын деген ниетпен айтып тұрмыз. Өйткені, жалған айту соттың бағытын басқа жаққа бұрып әкетеді.
Оның айтуынша, лауазымды полиция қызметкерлері оқ ату үшін рұқсатты тек Ішкі істер министрінен алу керектігін, бірақ ондай рұқсаттың берілмегендігін хабарлаған. Ал енді олар қақтығыста қарудың қолданылғандығын жоққа шығару арқылы қылмыстың ізін жасырғысы келіп отыр дейді сотта қоғамдық қорғаушы қызметін атқарушы Жасарал Қуанышәлі:
- Өздерінің халыққа қарсы оқ атқандарын жасыру үшін сот алдында ант бере отырып, өтірік айтып отыр. Заң бойынша оларға қарсы іс қозғалуы керек. Біз бұл мәселені көтереміз. Сот бұған қалай қарайды, оны уақыт көрсетеді.
Дегенмен, сәуірдің көкектің 26-сы күні жалғасқан сот отырысында куәгер ретінде жауап берген Алматы қаласы Әуезов ауданының сол кездегі әкімі Владимир Устюгов адвокаттар сұрағына жауап бере отырып, полицейлердің қару қолданғанын көрмегенін айтты.
Сонымен бірге Әуезов ауданының бұрынғы әкімі Устюгов 2006 жылы шілденің 14-і күні кешкі сағат бес жарым шамасында «Шаңыраққа» келгендігін, онда бірнеше тұрғын мен қоғамдық ұйым өкілдерінің құқық органдарының қызметкерлерімен келіссөз жүргізуге тырысқандарын, ал өзінің жағдайға еш араласпағанын айтты:
- Мен бұл шараға қатысқанда бір ғана мақсатым, яғни, техникамен қамтамасыз етуім керек болды. Қалғанының бәрі сот орындаушылары жетекшілігімен жүргізілді, - деді бұрынғы әкім Владимир Устюгов.
Адвокаттардың «жергілікті билік өкілі ретінде мәселені ушықтырмай, неге бейбіт түрде шешуге ат салыспадың?» деген сұраққа ол бұл өзінің құзырына кірмейтіндігін айтты.
Былтырғы жылы шілденің 14-і күні Алматы қаласының аумағындағы «Шаңырақ» ықшам ауданы тұрғындары заңсыз жерді иемденген деп, жергілікті билік өкілдері құқық органдарының көмегімен олардың үй-жайларын бұзбақшы болып келгенде тұрғындардың қарсылығына кезікті. Сол күні екі жақтың арасындағы қақтығыстың салдарынан бір полиция қызметкері отқа оранып, кейін ауруханада қаза болды, ондаған адам түрлі жарақат алды. Сол оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қазір сот алдында 25 адам, соның ішінде 5 адам «адам өлтірді» деген айыппен жауапқа тартылып жатыр.