Жезқазған қаласының тұрғыны Бақытгүл Шақпұтованың айтуынша, осы жылғы наурыздың 22-күні ол журналист Оралғайша Омаршановамен бірге Алматы облысындағы Маловодное елді-мекеніне барады. Мақсат – Қазаткомдағы оқиғаның жай-жапсарымен танысу ғана емес, сонымен қатар, сол жерде ағасының үй қарауында отырған Вита Махмахановтың қайда екендігін анықтау.
Вита Махмаханов 2006 жылдың соңында Жезқазған қаласының тұрғыны Сағит Шақпұтовты өлтірген деген күдікпен қамауға алынады. Алайда осы жылғы наурыздың 1-күні Жезқазған қалалық прокуроры М.Наурызбаев оны қолхатпен босату арқылы Алматы қаласында үй қамауында ұстауға шешім шығарады. Соған сәйкес Вита Махмаханов наурыздың 17-іне дейін Алматыда болып, Қазаткомдағы қанды қақтығыс болардан бір күн бұрын Маловодноедегі ағасының үйіне барған.
Бұл туралы Оралғайша Омаршанова «Закон и правосудие» газетінде наурыздың 26-күні басылған «Кровавый беспредел, или кто стоит за братьями – «махновцами»?» атты мақаласында былай деп жазған: «Маловодное елді-мекеніне сапарымыздың нәтижесінде, сол ауылдың тұрғындары Вита Махмаханов қамауда болған ағасының үйінен бір ротаға жетерлік қару-жарақ табылған. Осыған қарап, үй қарауында отырған Махмахановты ешкім тексермеген деген ой туады».
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов «Азаттық» радиосына сәуірдің 21-күні берген сұхбатында, сол үйден қару табылғандығын растап, қару-жарақтың қаншалықты заңды екендігі тексеріліп жатқанын айтқан болатын. Сонымен қатар, Бағдат Қожахметов адам өлтірген деген күдікпен ұсталған Вита Махмахановтың құқық органдарының қарауында екендігін хабарлаған-ды:
- Адам өлтірген деген күдікпен ұсталған Вита Махмахановты біздегі уақытша ұстайтын абақтыдан прокурордың шешімімен шығарып, үй қамауына отырғызып қойған.
- Қазір Вита Махмаханов қайда?
- Ол қазір де біздің қарауымызда, - деді Бағдат Қожахметов.
Алайда «Караван» газеті Вита Махмаханов наурыздың 18-күнгі Қазаткомдағы оқиғадан соң, өзінің бауыры, халықаралық іздеудегі Тахир Махмахановпен бірге қашып кеткендігі туралы ақпарат таратты. Аталған газетте осы жылғы мамырдың 4-күні басылған «Кто закал кровавый спектакль?» атты материалда автор Руслан Хасбулатов былай деп жазды: «Маловодное және Қазаткомдағы қанды оқиғалар, «Қазақмыс» кәсіпорындарына ықпалы бар адамды өткен жылы тапсырыспен өлтіргендерден кек алу мақсатында ұйымдастырылуы мүмкін. Өкінішке орай, Витаның өзінен бұл туралы сұрау мүмкін болмай отыр, өйткені ол Қазаткомдағы оқиғадан соң бауыры Тахирмен бірге елден қашып кеткен».
Бұл ақпаратты Бақытгүл Шақпұтова (Сағит Шақпұтовтың әпкесі) жоққа шығарып отыр. Өйткені наурыздың 26-күні Вита Махмахановты куәгерлермен беттестірген болатын дейді ол.
- Мен «Караван» газетіне сенбеймін, олар ештемені тексермей жаза салады. Осы жылғы наурыздың 26-күні Қарағанды қаласында Вита Махмахановты куәгерлермен беттестірді. Газеттің таратқан ақпараты рас болса, ол наурыздың 18-күні қашып кетер еді ғой.
Сонымен қатар, Бақытгүл Шақпұтова «Караван» газетін сотқа беретін ойы бар екендігін айтып отыр. Өйткені олар бұған дейін Сағит Шақпұтовтың өліміне қатысты ақиқаттан алыс материалдар басқан дейді ол. Бұл жердегі әңгіме «Караван» тілшісі Татьяна Теннің «Қазақмыс» корпорациясындағы қазбаларды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топпен күрес туралы «Медный скат» атты көлемді зерттеуі туралы болып отыр. Мақала авторының өзі, «Азаттық» радиосына, бұл материалдарда қылмыстық топтың басшысы Сағи туралы жазғандығын және ол бүркеншік ат екендігін алға тартты.
Бұл уақытта, «Караван» газеті таратқан ақпараттан секем алған Бақытгүл Шақпұтова жедел түрде Вита Махмахановтың қайда екендігін анықтау мақсатында Қарағандыға барғандығын айтады. Алайда облыстық прокуратурадағылар Вита Махмахановтың Қарағанды қаласында үй қамауында отырғандығын, бүгінгі күні өзінің адвокатымен бірге тергеу материалдарымен танысып жатқандығын жеткізген.
Енді осы іс бойынша жәбір көруші жақ, әртүрлі мазмұндағы ақпараттардан соң, ҚР Қылмыс Кодексінің 96-бабы бойынша айыпталушының әлі күнге дейін үй қамауында отырғанына алаңдаушылық танытуда.
- Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті Вита Махмахановқа екі бап бойынша айып тағып отыр: заңсыз қару ұстау және қасақана адам өлтіргені үшін. Енді бұл істі прокуратура қарап жатыр. Мен айыпталушының неге үй қамауында отырғандығын сұрап едім, прокуратурадағылар «біз солай шештік» деп жауап берді, - дейді Бақытгүл Шақпұтова.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов бұл жағдайда полиция дәрменсіз екендігін айтып отыр.
- Адам өлтірген деген күдікпен полиция Вита Махмахановты ұстады. Оны босату туралы шешімді прокурор қабылдады. Полиция прокуратураның айтқанын істейді, өйткені ол құқық қорғау органдарының ең жоғарғы инстанциясы, - дейді министрлік өкілі.
Жоғалып кеткен журналист Оралғайша Омаршанова да өзінің соңғы мақаласында «кісі өлтірген деген күдікпен істі болған адам неге үй қамауында отыруы керек, әлде Ішкі істер министрлігінің Махмаханов үшін қорғаушы тағайындайтын ақшасы көп пе?» деген сауал тастаған болатын.