Accessibility links

Қазақстан, Ресей және Түркіменстанның газ құбырын салу жөніндегі шешімінің артында қай елдің мүддесі жатыр?


Қазақстан, Ресей және Түркіменстан Каспий маңынан өтетін газ құбырын салуға уағдаласты. Бұл туралы мамырдың 12-сі күні үш мемлекет басшылары Түркіменбашыдағы саммит барысында қабылдаған декларциясында жариялады. Қазақстан президенті жанындағы Стретегиялық зерттеулер институты мамандары жылына 30 миллиард тонна газ өндіруді жоспаралап, оны экспорттау көлемін арттырғалы отырған Қазақстан үшін бұл жоба өте тиімді десе, кейбір тәуелсіз сарапшылар газ құбырын салуда Ресей мүддесі басым болып отырғаныны айтады.

«Қазақстан, Ресей, Түркіменстан президенттері осы елдердің үкіметтеріне 2007 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін Каспий маңынан өтетін га құбырын салуда ынтамақтастыққа келу жөніндегі келісім-шартты дайындап, оған қол қоюды тапсырды», - деп жазылған Түркіменбашыда өткен саммит нәтижесінде қабылданған декларацияда. Бұл құжаттың мақсаты түркіменнің табиғи газымен қоса қазақстанның табиғи газын тасымалдау қуаттылығын арттыру» деп көрсетілген. Каспий жағалуымен өтетін газ құбыры Түркіменстан, Қазақстан территориясымен өтіп, ресей ауқымына шығады деп жоспарланған. Жаңадан іске қосылатын газ құбыры Қазақстанның газын тасымаладу ақымын кеңейте түседі дейді Қазақстан президенті жанындағы стратиегиялық зериттеулер институтының директоры орынбасары Санат Көшкімбаев.

- Мәселе – Қазақстанның болашақта газды экспорттау көлемін арттыруды жоспарлап отырғандығында. Біз газ өндіру көлемін 30 миллиард тоннаға дейін арттырып, оны Еуропаға шығару көлемін ұлғайтқымыз келеді. Осы тұрғыдан алғанда, аймақтағы ең ірі газ өндірушілер – Ресей мен Түркіменстанның ұстанымдары бізді қызықтырады. Мысалы, ресейлік «Газпром» базар желісін қалыптастырып, өнімді тұтынушыға жеткізу мәселесін жолға қойған. Сондықтан, велосипедті жаңадан ойлап шығармай-ақ дайын еңбек бөлісіне түскіміз келеді. Ресейге де бұл экономикалық қана емес, геосаяси тетіктер береді. Бірақ бізге ресей мен батыстың қарым-қатынасынан гөрі газымыздан жақсырақ бағамен пайда тапқанымыз маңыздырақ, - дейді Санат Көшкімбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабаев та Түркіменбашыдағы кездесу кезінде бұл бастаманың «таза бизнес-коммерциялық жоба» екендігін, ешқандай саясттатың мұнда жоқтығын айтқанымен, қазақстандық сарапшылардың бірқатары постсоветтік үш мемлекет басшыларының келісімін геосаяси контексте қарастырады. Мысалы, қоғамдық мәселелерді сараптау орталығының диреткоры Меруерт Махмұтова Қазақстан президентінің Польша президентіне алдын-ала уәде бергеніне қарамастан, Краковте өткен Украина, Әзірбайжан, Грузия, Литва, Польша, Қазақстан басшыларының энергтеикалық саммитіне бармай қалды дейді. Бұған Ресей президенті себепші деп есептейді сарапшы:

- Польшада бес мемлекет: «Қалайша Ресейге қатынаспай, «Одесса-Гданьск»газ құбырын өткіземіз?» деген мәселені қарады. Соған Қазақстан президентінің бармай қалуы арқылы оның бір мағынасы жойылған сияқты. Ал осы арқылы Ресей Орталық Азиядағы салмағын, мүмкіншілігін Еуропаға да, Польшаға да көрсетті деп ойлаймын. Үш мемлекеттің жаңа жобасында негізінен Ресейдің мүддесі жатқан болуы керек. Қазақстан мен Түркіманстан болса, энергетикалық саясатқа қолайлы басқа да жолдарды іздегені абзал. Ресейге байланып қалмай...

Газ құбыры төңірегінде геосаяси сипаттың барын Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зертетулер институтының қызметкері Мұхит Асанбаев та жоққа шығармайды. Бірақ, оның пікірінше, батыс бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан мен Ресейдің арасын ушықтыру үшін экономикалық мәселені көбірек саяси пікірталас тақырыбына айналдырып отыр:

- Польшада саммит өткізген елдердің мақсаты бір: Ресейді айналып өту. Бірақ бұл мүмкін емес қой?! Бізге түк те пайдасы жоқ. Өздері Еуропада отырып, біздің Ресеймен арамызға ши жүгірткісі келеді. Ал біз Қазақстанға кім жақсы жағдай және көбірек мүмкіндіктер береді, солармен жұмыс істейміз. Польша мен Ресейдің ежелгі антогонистер екендігі мәлім. Польшаның артында кім тұрғаны белгілі. Ол – АҚШ.... Бізге ең маңыздысы – балама тасымал жолдарын күшейту. Ал үш елдің келісімі арқылы КТК мұнай құбырының мұнай өткізу мүмкіндігін кеңейтуге қол жеткізілді. Сондықтан, бұл бізге де, Түркіменстанға да тиімді.

Ал экономист, саясаткер Серікболсын Әбділдин егер үш постсоветтік мемлекеттің экономикалық бастамасы жалғасын тауып, газ одағының негізі қаланса, құба –құп бола еді дейді:

- Біреуі екіншісін толтырып отырады да және оны пайдаланудың маңызы, экономикалық көрсеткіштері артады. Егер Ресей, Қазақстан, Түркіменстан бір одақ болып отырса, ОПЕК тәрізді ұйымдарға да ықпалын тигізетін құрылым болады.

Мамырдың 12-сі күні сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан қазіргі гатасымаладу жүйесін қайта өңдеп, Орталық Азиядан шығарылатын газ тасымалдау қуаттылығын арттыру бойынша уағдаластыққа келді.
XS
SM
MD
LG