Джон Ордвейдің айтуынша, Швейцария банкіндегі үлкен көлемді қаржының қордаланып қалуына қатысты екі ұстаным бар. Ресми Астана бұл ақшалар Қазақстан қазынаның есебінде жатқан, соған байланысты ол Қазақстан Үкіметінің ақшасы деп есептейді. Алайда АҚШ өкіметінің ұстанымы оған қарама-қайшы дейді Джон Ордвей
- АҚШ үкіметі бұл ақшалар Гиффен мырзаға қарсы қозғалған іске қатысты шенеуніктердің сыбайласқан жемқорлық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған деген ұстанымда. Соған байланысты біз осы ақшалардың қордалануына қатысты басқа да пікірлермен келіспейміз. Бірақ осыған қатысты дауларды одан әрі өршітпеу мақсатында біз бұл ақшаны Қазақстан халқының игілігіне жаратуды жөн деп шештік.
АҚШ-та жүргізілген тергеу сөз болып отырған қаржының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен бұрынғы үкімет басшысы Нұрлан Балғымбаевқа америкалық банкир Джеймс Гиффен арқылы пара ретінде берілген деген күдік бар деп белгіледі. 2004 жылдың мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы сот ісі американдық бизнесмен Гиффенге қатысты екендігін айтып, бұл азамат Қазақстан президентінің кеңесшісі болған деген пікірді жоққа шығарған еді. «Қазақгейт» деген атауға ие болған осы іске қатысты сот 2004 жылдан бері бес рет кейінге қалдырылды. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей соттың қашан басталатындығы әлі белгісіз екендігін айтады.
- Менде бұл туралы ақпарат жоқ, сот процесінің қашан басталатындығын білмеймін. Өз басым оған шақырту алған жоқпын. Гиффен мырзаға қатысты іс толығымен соттың қарауындағы мәселе.
Осылайша 84 миллион доллардың тағдыры, Қазақстан, АҚШ және Швейцария үкіметтерінің үшжақты келісімі негізінде шешіліп, қаржы Қазақстандағы балалар мен жастарды қолдауды көздейтін «Бота» қорына аударылған еді. Джон Ордвейдің айтуынша, ауқымды ақшаны ұсату мәселесінде және қорды басқаруда Қазақстан азаматтарының рөлі басым болады.
- Біріншіден, бұл қорды шетел азаматтары басқармайды, қорды басқару мүшелерінің басым бөлігін Қазақстан азаматтары құрайтын болады. Қор Қазақстандағы кедейшілікте өмір сүретін балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. «Бота» қорын құру кезінде ондағы қаржының оңтайлы ұсатылуына ерекше мән берілген. Қордың жұмысы әділ әрі адал әрекеттерге негізделген жүйемен жүргізіледі.
Швейцар банкісіндегі ауқымды қаржы шоты алғаш рет 1999 жылы анықталып, 10 миллиард теңдеген астам қаржы жеті жыл көлемінде тұмшаланып жатты.