Қазақстанда 1989 жылдан бастап билік басында отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің Қазақстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мақаласы сенбі күні «Gazeta.kz» интернет-парақшада жарияланды. «Маған қарасты «Караван» газеті мен КТК телеарнасының заңсыз жабылуын сөз бостандығы және ақпаратты тарату еркіндігіне қарсы бағытталған шара деп білемін» деп бастаған Рахат Әлиев, президент Назарбаевпен келіспей жүргеніне біраз уақыт болғандығын айта отырып, оның себептерін былайша түсіндірген: «Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатымен келіспейтіндігім туралы оған бірнеше мәрте айтқанмын да. Алайда менің елшіліктегі мәртебем осыған қатысты пікірімді көпшілікпен бөлісуге мүмкіндік бермеді. Бірақ, мен түбегейлі шешімге келдім».
Рахат Әлиевтің пікірінше, президент билігінің бір адамның қолына шоғырлануы, шетелдік бақылаушылар үшін сайлау процесінің қойылымға айналуы, демократиялық құндылықтардан кері шегіну – мұның барлығы елге абырой алып келмеген. «Саяси оппозиционерлердің өліміне қатысты аңыздар, сыбайласқан жемқорлыққа қатысты толассыз жанжалдардың барлығы Қазақстанның беделіне кері әсер етті. Осының бәрін мен президентке айтқанмын. Және бұл Назарбаевтың айналасындағылардың сипаттамасына қайшы келді» делінген мақалада. Сонымен қатар, Рахат Әлиев осыдан бірнеше ай бұрын Нұрсұлтан Әбішұлына 2012 жылғы президент сайлауына түскісі келетін ойын білдіргендігін айтады. «Бұл менің саяси мәнсабымның әрі қарайғы табиғи дамуы іспеттес – және оған қоса елдегі саяси өмірді тірілтуге талпыныс жасау болар еді» деп жазған Рахат Әлиев. «Осы әңгімеден кейін-ақ Нұрбанкке шабуыл жасалды. Менің ойымша, бұл соңғы ескерту сияқты. Бірақ мен оны түсінбегендеймін. Нәтижесінде, шұғыл түрде қылмыстық іс жасалынды. Бұл – саяси кеңістіктегі өз қарсыластарынан құтылудағы адамгершілік аясынан аспайтын әдістердің бірі. Осы үшін мен адамгершілігі мол президентке алғысымды білдіремін. Тек менің жалғыз өтінішім бар – адамдарды қинау тоқтатылсын. Президент мырза, бұл Сіздің қолыңыздан келетін шаруа» деп түйіндейді Рахат Әлиев «Gazeta.kz» интернет газетіне жариялаған мәлімдемесін.
Сонымен қатар, аталған басылым мамырдың 26-күні қалалық ішкі істер департаментінің шұғыл әрекетті тергеу тобы парламент депутаты Дариға Назарбаева мен елші Рахат Әлиевтің Алматыдағы Науаи көшесіндегі үйіне кіргендігін жазып отыр. Сонымен қатар, үйге басып кіру әрекеті куәгерлердің қатысуынсыз өтіп жатқандығын және бұл заң талаптарына қайшы екендігі айтылған. «Оның үстіне мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттың хұқына қол сұқпаушылық мәртебесі өрескел бұзылып отыр» деп жазды Рахат Әлиевтің меншігі саналатын «Gazeta.kz» интернет газеті. Түскі сағат 3-тен кете осы ақпарат жарияланған соң арада көп ұзамай аталмыш сайт жұмыс істемей қалды.
Сенбі күні жарық көрген өзге басылымдар Рахат Әлиевтің төңірегіндегі жанжалға қатысты жазып үлгермепті. Алайда газеттер басқа да тақырыптарға тоқталып отыр. Мәселен, «Экспресс К» газеті осы жылы Қазақстан аумағында жергілікті полиция шетелдік әріптестерінің сұрауына сәйкес іздеуде жүрген 45 шетел азаматын ұстағандығы туралы жазыпты. «Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы үш айдың ішінде қазақ полициясының іздеуіндегі 25 адам шетелде ұсталған. Олардың 22-і Ресей аумағында, қалғандары Өзбекстан, Украина және Қырғызстанда қолға түсті» делінген мақалада. Бас прокуратураның өкілі Марат Мұқатаевтің айтуынша, іздеудегі азаматтарды ұстауға қатысты Қытай, АҚШ, Канада және Еуропа одағына мүше көптеген елдер Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға құлықсыз болып келеді екен. «Мәселен, қытай түрмелерінде қазақ азаматтары саусақпен санарлықтай болғанымен мұндай құжат бізге де, Қытайға да аса қажет. Өйткені олардың азаматтары біздің түрмелерде өте көп» депті прокуратура өкілі Марат Мұқатаев «Экспресс К» газетіне берген сұхбатында.
«Айқын» газеті болса Атырау облысындағы ең алып мұнай компаниясы "Теңізшевройл" басшылығы еңбек тәртібін бұзушыларды "400-дік" код деп аталатын белгімен жазалап келгендігі туралы жазыпты. «Бұл жөнінде Теңіз кенішіндегі жұмысшылар тарапынан талай айтылып жүргенмен де құзырлы органдар оның тым асқынған жағдайда екенін жуырда ғана анықтады. Қазақстандық жұмысшылар тарапынан жазылған арыздарды тексерген Жылыой аудандық прокуратурасы аталған компанияның бас директорына "400-дік" кодты тез арада жою туралы және оны енді қолданысқа енгізбеу жөнінде ұсыныс жолдаған» делінген мақалада. «Алайда компания үнсіз қалуды жөн көрген. Ескертулерінен еш нәтиже шықпаған аудандық прокуратура ешқандай заңда көрсетілмеген "қаралы таңбаның" күшін жою жөнінде қалалық сотқа талап арыз жолдаған. Бірақ, қалалық сот аудандық прокуратураның талап-арызын қараусыз қалдырды. Соған сәйкес Жылыой аудандық прокуратурасы бүгінгі күні сот шешіміне наразылық дайындап жатыр» деп түйіндейді «Айқын» газеті.