«Взгляд» газетінің тілшісі Екатерина Беляева мамырдың 29-ы күні сағат кешкі 7-де Алматының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі алдына барып, Қазақстанның конституциясына енгізілген өзгерістерге үнсіз наразылығын білдіріп тұрды. Оның қолына ұстаған үлкен қара қағазда «Конституцияға өзгерістер – тоталитаризмге жол салу» деген ақ түсті сөздер жазылған.
- Мен антидемократияға қарсылығымды білдіремін! Конституцияға енгізілген өзгерістерге, соның ішінде Қазақстан президентінің тағы да сайлауға түсуіне мүмкіндік берілуіне наразылығымды танытамын! Бұл дегеніңіз, оның мәңгі президент болуға жасаған қадамы. Мұны бәрі жақсы түсінеді. Бірақ айта алмайды, ал мен айтамын! - деді журналист Екатерина Беляева «Азаттық» тілшісіне.
Алайда, оның наразылық акциясы бар-жоғы 20 минөтке созылды. Себебі, бұл уақытта Тәуелсіздік монументі маңына полицейлерден өзге Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының қызметкерілері келіп үлгерген еді. Прокуратура өкілі Екатерина Беляеваға оның бұл әрекеті заңға қайшы екендігін қатаң түрде ескертті:
- Сіз бұл әрекеттеріңізге Алматы әкімшілігінен рұқсат алған жоқсыз. Заң бойынша, митингі, шерулер, демонстрациялар ұйымдастыру тәртібін бұзудың арты әкімшілік, қылмыстық істің қозғалуына соқтыруы мүмкін екенін есіңізге саламын. Сондықтан, осы акцияны тоқтатып, бұл жерден жедел түрде кетуіңізді талап етемін, - деді покуратура қызметкері.
Ал Е.Беляева Конституцияға сай өзінің жеке пікірін білдіріп тұрғанын, ешқандай да митингі ұйымдастырмағандығын құқық органының өкілдеріне түсіндіруге тырысты. Бірақ, Беляеваның наразылығы мен оған араша түсуге тырысқан адвокат Сергей Уткиннің әрекеттеріне қарамастан, екі полиция қызметкері журналистің екі қолынан алып, дедектетіп апарып, сол жерде тұрған жеке меншік нөмірлі «Ауди» автокөлігіне күшпен салып алып кетті.
Адвокат Сергей Уткин құқық органдарының бұл әрекеттерін заңды өрескел бұзу деп бағалады:
- Бұл митингі де, шеру де емес екені анық. Сондықтан, мұны митингілер, шерулер өткізу туралы заңға жатқызуға болмайды. Ескерткіштің жанында ешқандай тәртіп бұзбай тұрды. Прокурор да оның нақты қандай заң бұзу іс-қимыл жасағанын дөп айтып бере алған жоқ қой. Бірақ, полицейлер ешқандай құжат көрсетпестен, жеке меншік нөмірі бар мәшинаға салып алды да кетті. Бұл - құқық нормаларына мүлдем жат!
Ал Беляева осы алаңнан өзін Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына апарып, ешқандай нақты айып тақпастан, 3 сағаттан астам уақыт ұстағандығын айтты, «Азаттық» радиосына сәрсенбі күні. Полицейлер оған қатысты істі әкімшілік сотқа беретіндігін хабалапты. Алайда, өзіне тағылған айыптармен келіспейтін Екатерина, полицейлердің үстінен арызданбақ ниетте.
- Маған олар айыппұл салатын сияқты. Мен ол ақшаны төлеймін, бірақ мені заңсыз ұстаған полицейлердің үстінен арыз жазып, олардан материалдық-моральдық шығын өнідіріп алмақшымын, - дейді журналист Екатерина Беляева.
Бұған дейін, мамырдың 24-і күні, қазақстандық тәуелсіз журналист, адам құқығын қорғаушы Сергей Дуванов Алматыдағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші жанына келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік мерзімін шектемеу туралы заң нормасына өзінің азаматтық наразылығын білдірген жазу ұстап тұрған еді. Сол жолы Дувановты полиция алып кетіп, сот арқылы айыппұл салды.
Арада бес күн өткенде дәл сол жерге әлгіндей наразылық білдіріп шыққан Екатерина Беляева Дувановтың кейпін құшты. Ал, мамырдың 30-ы күні қоғамдық ұйым мүшесі Ғалым Ақелеуов те конституциялық өзгерістерге наразылығын білдіріп, тағы да сол Республика алаңына шықпақшы.
Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 18- күні Қазақстан парламенті Қазақстан конституциясына бірқатар өзгерістер енгізу туралы заң түзетулерін қабылдады. Онда парламенттің құрамын кеңейту, оны партиялық тізіммен жасақтау тәрізді толықтырулармен қатар Қазақстанның бірінші президентіне шектеусіз мәрте президент қызметіне сайлауына мүмкіндік беретін норма бекітілді.