Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Кришна санасы» діни бірлестігі орналасқан жердегі ғимараттардың барлығын, соның ішінде құдайға жалбарынатын орындарды да құлатуды талап еткен аудан әкімінің қолы қойылған хатты сәрсенбі күні таңсәріде жергілікті учаскелік полиция қызметкері өздеріне табыс еткендігін хабарлады «Кришна санасы» қоғамы баспасөз хатшысы Максим Варфоломеев «Азаттық» радиосына:
- Ғибадатхана құлатылады. Біздің қасиетті орнымыз күйрейді. Бұл біздің діни сезімімізді, жалпы индуизм ұстанушылардың сезімін қорлау. Яғни, бұл жерде әңгіме тек діни азшылық туралы емес. Бүкіл әлемдегі сондай діндәрлар біздің жағдайымызға бей-жай қалмайды деп ойлаймын. Мұның Қазақстан үшін халықаралық деңгейдегі теріс салдары үлкен болуы мүмкін. Екіншіден, ғибадатханаларда монахтар өмір сүреді. Одан кейін қоралардағы 30 сиыр ашық аспан астында қалайын деп тұр. Біздің шаруашылық заттарымызды былай қойғанда, ең бастысы - заңды мекен-жайымыздан айырылмақпыз. Ал біздің баратын басқа жеріміз жоқ болғандықтан, діни ұйым заңды тұлға ретінде жойылып кетпек.
Ол Қарасай ауданы әкімі үйлердің құлатылуын талап етуге құқысы жоқ деп санайды.
- Себебі, бұған дейін шығарылған сот шешімдерінде жер учаскелерін алу туралы ғана айтылған, ал діни қоғамға тиесілі ғимараттарды құлату туралы айтылмаған. Әкім діни бірлестік жеріндегі ғимараттарды «заңсыз салынған» дейді, бірақ олар кришнаиттер жерді алғанға дейін болған, - дейді «Кришна санасы» қоғамының өкілдері.
Алматы облысы Қарасай ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Рыскүл Жеңісбаева аудан әкімінің ғимараттарды құлату туралы қаулы шығаруға толық құқы бар деп есептейді.
- Бұл жерде ешқандай діни қудалау жоқ. Естеріңізде бар шығар, «Мерей» шаруашылық жерін заңсыз иеленген азаматтарға жерді аудандық қорға қайтару туралы шешім 2005 жылдың 22 желтоқсанында шыққан болатын. Соттың сол шешімі күшінде қалды. Олар оны саясатқа бұрмалап, қудалап, облыстық сотқа жүгінді. Бірақ облыстық сот аудандық соттың шешімін өз күшінде қалдырды. «Жер қатынастары туралы» заңның 37-ші бабына сәйкес, жер қайтарылатын болса, соның үстінде тұрған құрылыстар автоматты түрде құлатуға жатқызылады. Бұл жер аудандық жер қорына кіретіндіктен, әкімшілік оларға «қора-жайларыңызды, ғибадатханаларыңызды алып кетіңіздер» деп алдын ала ескертіп отыр. Оған әкімнің қақысы бар! – дейді Қарасай ауданы әкімшілігінің өкілі.
Алайда Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Виктория Тюленева болса, аудан әкімінің ғимараттарды алып тастауды талап етуге құқығы жоқ деп айтып, бұл қаулы заңсыз қабылданған дейді:
- Заң бойынша ешкім мұны талап ете алмайтыны біржақты анық. Тек үйлерді құлату туралы сот шешімі болса ғана бұл мәселені олар көтеруі мүмкін. Яғни, сот қана бөгет жасап тұрған құрылысты не ғимаратты алып тастау туралы үкім айта алады. Өйткені, бұл мәселе - жергілікті атқарушы биліктің емес, сот билігінің құзырындағы шаруа. Сот тек жерді алу туралы үкім шығарып, әкімшілік одан асып түсіп, ғибадатханаларды құлатуға шешім шығарса, мұның астарында діни негізден басқа не болуы мүмкін?!
«Кришна санасы» қоғамы Қазақстанда 1994 жылы ашылып, діни бірлестік ретінде тіркелген. Кришна дінін ұстанушылар мен жергілік билік өкілдері арасындағы дау 2004 жылдан бері жалғасып келеді. Былтырғы жылы сот шешімімен қараша айында діндәрлардың 13 үйі құлатылды. «Кришна санасы» қоғамы өкілдері Қазақстан билігінің діни бірлестікті көшіретін басқа жерді мамырдың 26-сына дейін тауып беру туралы уәдесін орындамай отырғанын айтады.