Отан туралы ән салып тұрған осы бір 8 жасар ауған баласы атамекенін ешқашан көрген емес. Оның әкесі Халид Әбдіхалик 1994-ші жылы Ауғанстанда медицина институтының бірінші курсында оқып жүрген кезінде соғыстан қашып, Қазақстанды паналап келген. Бастапқыда дәрігерлік оқуын жалғастырып, осында білім алуға ұмтылған Халид, оған қаражаты да, құжаттары болмағандықтан, райынан тез қайтады. Содан кейін осында ауған қызына үйленіп, үш баланы өмірге әкелген.
Отбасынан өзге Халид бүгінде өзінің ешнәрсесі: білімі де, азаматтығы да, төлқұжаты да, баспанасы да, тұрақты жұмысы да жоқ екендігін айтады.
«Бұған дейін мен Алматының «барахолка» аталатын базарында жұмыс істегем. Бірақ, контейнерлер өте қымбат болғандықтан, есеп айырыса алмай қалдым. Қазір жұмыс істемеймін. Отбасымды асырау үшін ара-тұра такси жүргізушісі боламын. Үш балам, әйелімнен өзге қолымда әкем тұрады. Ешқайсысы жұмыс істемейді. Жаныма бататыны – балаларды мектепке дайындауым керек. Олар қазақ, орыс тілдерін үйренуі тиіс. Бірақ, балабақшаға, оларды дайындауға ақшам жетпейді», - дейді Халид Әбдіхалик.
Ол туған-туыстары, дос-жарандары қалған Отанына қайтуды аңсайды. Бірақ, бүгінгі жағдайда ол мүмкін емес дейді елінен жырақ кетуге мәжбүр болған ауған азаматы.
«Бұл - өте ауыр. Мен сізге қалай түсіндірерімді де білмеймеймін. Саясаттың қалай болатынын ешкім болжай алмайды. Бір-екі күн ол жақта тыныш болса, қайтқымыз келіп қалады. Бірақ, балаларды ұрлайды деп естіп қаламыз, теледидардан күн сайын бомба жарылып жатқанын көріп жатырмыз. Алда бізді не күтіп тұрғаны да беймәлім», - дейді Халид Әбдіхалық.
Қазір Халидтің отбасын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігі Қазақстаннан үшінші елге, яғни, Канадаға аттандыруға дайын. Өзі де, балалары да қазақ еліне бауыр басып қалған Халид тек Қазақстанмен ғана емес, «дәрігер болсам, елді емдесем» деген жалғыз арманымен де қоштасқанын қамыға айтады.
Халидтың отандасы - 40 жасар Әнжели Олуми Алматыда мемлекеттік медицина университетін бітіріп, дәрігер-гинеколог мамандығын алған, қазір Алматы медицина колледжінде дәріс береді.
«Мен дәрігермін. Бірақ, мамандығым бойынша бәрібір жұмыс істемеймін. Мен перзентханада жұмыс істегім келеді. Бірақ, мұнда жұмысқа орналаса алмай жүрмін. Өйткені, барлық жерде сыбайласқан жемқорлық», - дейді ауған босқыны.
Ауғанстанда жағдай жақсарды дегенді естіп, Әнжели Олуми күйеуі, үш баласымен былтыр еліне аттанған екен.
«Бірақ, күйеуімді онда жазықсыз ұстап, 7 ай қамап қойды. Өзім осында қайта келіп, бар дүние-мүлкімді сатып, 30750 доллар қарыз алып, 7 ай абақтыда жатқан жұбайымды шығарып алдым. Енді ол жаққа аяғымды аттап баспаймын», - дейді Әнжели.
Екі жыл бұрын Әнжелидің Қазақстан азаматтығын алу үшін құжат өткізген әрекетінен де ештеңе шықпаған.
«Біз бүгін – ешкім емеспіз! Бұлай қашанғы өмір сүруге болады?», - дейді Әнжели Олуми.
Дегенмен, Әнжели Олуми қазіргі уақытта Қазақстанда тұрып жатқан ауған босқындары арасындағы өз мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болған жалғыз адам екенін айтады, Алматыдағы Ауған диаспорасына қолдау көрсету орталығының басшысы Ахмадул Васток.
«Қазір бізде инженерлер, дәрігерлер, педагогтар өте көп. Босқындардың 40-50 пайызы жоғары білімді мамандар. Бірақ, олардың барлығы дерлік базарларда, алып-сатумен айналысады. Олар үшін ең негізгі мәселе – құжаттар. Елде емін-ерін жүріп-тұруы, кәсіпкерлікпен айналысып, басқа елге шығуы үшін олардың құжаттары жоқ. Ал олар жұмыс істейтін базарлар кеңейіп, табыстары азайған. Мұндағы пәтерді жалға алу бағасы болса, күрт өсіп кетті. Сондықтан, олар басқа үшінші елге кетуге мәжбүр», - дейді Ахмадул Васток.
Оның айтуынша, соңғы жылдары екі жүзге жуық ауғандық үшінші ел, негізінен, Канадаға қоныс аударған. Ал Ауғанстанға оралатындар кемде-кем.
Саяси тұрақсыздың салдарынан Ауғанстанда 1979 жылдан бері ауғандықтар елдің ішінде көшіп қонып, өзге елдерден пана іздеуге мәжбүр болды. Деректер бойынша, осы кезең ішінде 3 миллионнан астам ауғандық Пәкістан, Иран және басқа елдерге босып кетуге мәжбүр болған.