Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев өзінің қайын атасы, президент Назарбаевтан кешірім сұрауға дайын екендігі туралы мақала «Время» газетінде жарық көріп отыр. «Рахат Мұхтарұлы газеттің бас редакторына сұхбат беруге өзі сұранды» делінген мақалада. Онда бұрынғы елші өзі жасаған саяси мәлімдемелері үшін мемлекет басшысы Назарбаевтың алдында жауап беруге дайын екендігін білдірген. «Мен Президенттен кешірім сұрай отырып, бұған дейінгі саяси мәлімдемелер қызбалықпен айтылғандығын мәлімдеймін» деген Рахат Әлиев. Мақала авторы бұл сөздерді Рахат Мұхтарұлы мамырдың 31-күні айтқандығын ескертіп отыр. Ал маусымның 14-күні бұрынғы елші осы сұхбаттың мәтінін газет бетіне басуға келісімін берген. «Сол күні Рахат Мұхтарұлы 2012 жылы президенттік сайлауға қатысуға қалай қарайсыз деген сұрақты жауапсыз қалдырды» деп жазды «Время» басылымы.
Ал «Литер» газеті болса ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың бұрынғы елші Рахат Әлиев төңірегіндегі жанжалға қатысты сұхбатын басып отыр. Онда министр Ертісбаев президенттің күйеу баласының медиа-империясына қатысты мәселеге өзгелерден бұрын көз жеткізгендігін атап көрсеткен. «Бұл туралы мен баяғыда-ақ айтқанмын. Мен бәрінен бұрын «оянған» болатынмын» депті министр. Сонымен қатар, ол осы істі аяғына дейін жеткізгісі келетіндігін айтып отыр. «Рахаттың соңғы әрекеттеріне қарап маған америкалық детективтегі «Сіздің жауап бермеуге құқыңыз бар..» деген сөйлем еріксіз еске түсіп отыр. Осындай тығырықтан шығу үшін Рахаттың сотқа дайындалып, тергеу ісімен шұғылданғаны дұрыс болар еді» депті министр Ертісбаев «Литер» газетіне берген сұхбатында.
Министр Ермұхамет Қабиденұлының үстінен қозғалған іске қатысты кезекті сот процесі туралы «Время» газетінде баяндалыпты. «Министрдің адковаты Виталий Воронов «Время» газетіне қатысты қарсы шағым түсіруі мүмкін екендігін мәлімдеді. Егер аталған газеттің редакциясы министр Ертісбаевқа қатысты талаптарынан бас тартса, онда бейбіт келісімге келуге болатындығын ескертті» делінген мақалада. Алайда газет ұжымының ақпарат министріне қойған талаптары одан сайын көбейіп отыр. «Бұған дейін біз министрден өзінің редакция ұжымына қатысты айтқан сөздері үшін көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етіп келсек, енді ол моралдық шығын ретінде 2 миллион теңге төлеуі тиіс. Талап орындалған жағдайда бұл қаржы Алматы қалалық балалар үйіне аударылатын болады» деп жазды «Время» газеті.
Бұл уақытта Шымкентте жаппай ВИЧ инфекциясының таралу оқиғасына қатысты соттың кезекті отырысы өткендігіне «Комсомольская правда: Казахстан» газеті мән беріп отыр. «Қатерлі кеселді жұқтырған балалардың ата-аналары кінәлілерді қатаң жазалауын талап еткен. Тіпті олардың бірқатары әділ шешім ретінде өлім жазасын сұрағандары да бар» делінген мақалада. Сонымен қатар, мақала авторы зардап шегушілер сот шешімінің әділ болатындығына күмән келтіріп отырғандығын атап көрсеткен. «Ауруға шалдыққан балалардың ата-аналары әділ шешім болмаған жағдайда наразылық акциясына шығып, тағы да сотқа шағым түсіретіндіктерін ескертіп отыр» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Ал «Экспресс К» газеті болса Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалар саны тағы өскендігін хабарлап отыр. «Қатерлі дерт үш баладан табылды. Осылайша бұл тізімдегі бала саны 114-ке жетті» делінген «Экспресс К» газетінің мақаласында.
«Айқын» газеті Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында мал дәрігерлері аусыл кеселіне шалдыққан 500-ден астам ірі қара малды өртегендігіне тоқталып отыр. «Қазір қауіпті инфекцияның қандай жолмен таралғанын зерттейтін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына санитарлық дәрігерлер, медицина қызметкерлері және ветеринарлар кірді» делінген мақалада. «Бұған дейін Жезқазған өңірінде аусылдың ошағы бұрқ ете қалды, вакцинаға ақшаларын аяған фермерлер қыстан әрең алып шыққан жүзге тарта ірі қараны өз қолдарымен өртеген болатын. Мамыр айында мал ауруына байланысты кезекті айқай Атырау облысынан шықты. Жайықтың бойында жайылып жүрген ірілі-ұсақ мүйізді малдар жаппай ауруға бой алдырған. Олардан алынған қанды тексерген «Республикалық ветеринарлық лаборатория» мекемесі «малдар аусыл ауруына шалдыққан» деген үкім шығарып, дімкәс малдың бәрін өртеуге бұйрық берді. Аман қалғандарын ветеринарлар жанталасып егіп шықты. Ал базарда малдың еті қымбаттаған. Биылдың өзінде батыстағы мыңдаған мал аусылмен ауырып өртелсе, Жамбыл облысының өрісінде жайылып жүрген мың бас сиыр табиғи өрттің құшағында тірідей қуырылып қалды» деп жазды «Айқын» газеті.