Осы жылғы маусымның 29-күні үшінші шақырылымдағы Парламент өз жұмысын аяқтап, сессиясын жабуы мүмкін екендігі туралы мақала «Айқын» газетінде жарық көріпті. «Бізге жеткен бір ақпарға сенсек, сондай қаулыға Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов ендігі қол қойған. Міне, сол жиын қазіргі халық қалаулыларының соңғы отырысына айналуы мүмкін» делінген мақалада. «Маусымның 19-күні төменгі палатаның елуден астам депутаты Парламентті таратуын сұрап, Мемлекет басшысына жүгінді. Бұл өтінішке төменгі палатадағы 77 депутатының 53-і қол қойған. Қалғандары жылы орнымен уақытынан бұрын қоштасқысы келмей, бірақ оппозиция болуды да қаламай, екіұдай күй кешуде. Қалай болғанда бұл қадамға қасқайып қарсы шыққан ешкім байқалмайды. Қазіргі Парламентті тарату идеясының Мәжілісте мықтап үстемдік құрғаны сонша, халық қалаулыларында қыңқ етуге шама жоқ. Ендеше тікелей қызметін қойып, ойы он саққа жүгірген, Парламенттің емін тек мемлекет басшысы таба алатынға ұқсайды. Заң шығарушы биліктің енді жұмысы да, тынысы да соған бағытталып тұр» деп түйіндейді «Айқын» газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Литер» газеті былай деп жазды: «Егер «Ақ-Орда» депутаттардың өтінішін қабылдайтын болса, онда мәжілістің жаңа құрамы үшін сайлау осы жылдың күзінде өткізіліп қалуы мүмкін». Сонымен қатар, мақала авторы жаңадан қабылданған заңдарға сәйкес 107 депутаттың 98-і партиялық тізім бойынша сайлауға түсетіндігін ескертіп отыр. «Тоғыз депутат Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамынан сайланатын болады» деп жазды «Литер» газеті.
Ал мәжілістің тарауын қалап өтініш жазғандарға қосылмаған депутаттарды болашақ Парламенттің құрамынан көреміз бе деген сұраққа «Айқын» газеті жауап іздепті. «Президент атына жолданған өтінішке 24 депутат қол қойған жоқ» делінген мақалада. «Мәжіліс депутаты Амалбек Тшанның айтуынша, келесі Парламенттік сайлауға ілігу үшін біздің депутаттар қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр. Ұят болса да мойындаймыз, қазіргі Парламенттің бар болмысы да, менталитеті де осы тәуелділік психологиядан арылмаған дейді ол. Ал депутат Уәлихан Қалижан болса қол қою, қол қоймау – адамның басыбайлы жеке құқығы екендігін баса айтты. Сондықтан оған қарап бір болжам жасау дұрыс емес» деп жазды «Айқын» газеті.
Мәжіліс таратылған жағдайда оның қызметін уақытша Сенат атқаратындығына «Комсомольская правда: Казахстан» газеті мән беріп отыр. «Негізгі заң өзгертілді, соған қатысты туындаған құжаттар жинағы қабылданды. Енді төменгі палата депутаттарына өз қызметін аяқтауға ешқандай кедергі жоқ» делінген мақалада. «Президентке жолданған өтінішті мемлекет басшысы тез арада қабылдауы мүмкін. Бұл жағдайда келесі сайлау мәжіліс тарқағаннан кейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Ал бұл уақытқа дейін оның қызметін парламенттің жоғарғы палатасы атқаратын болады» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Мәжілістің таратылуын қалап өтініш жазған депутаттардың барлығы «Нұр Отан» саяси партиясының мүшелері болуы мүмкін екендігі туралы «Время» газетінде жазылыпты. «Өтінішке елу адам қол қойған болса, осындай мазмұндағы хаттың жазылуына қарсы шыққандар табылмады» делінген мақалада. «Тек депутат Ерасыл Әбілқасомов қана «Коммунистер берілмейді!» деп ұрандатты. Депутат Әбілқасымов өзін парламенттің таратылуына бірден-бір мүдделі адамдардың бірі ретінде таныстырды. Бірақ бұл хатқа қол қоюға үзілді-кесілді бас тарттым, өйткені қол қойған елу адамның барлығы «Нұр-Отан» партиясының мүшелері, солар-ақ таратыла берсін» депті депутат Ерасыл Әбілқасымов.