Парламентте өткен тыңдауда АҚШ үкіметінің атынан сыртқы істер министрлігі Еуропа және Еуразия істері бөлімінің өкілі Дениел Фрид сөйледі. Ал енді Збигнев Бжезинский 1970 жылдары президент Джимми Картердің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болған. Брент Скоукрофт та осы қызметті атқарған, ол Картердің алдындағы президент Джеральд Фордқа кеңесші болған, сосын Картерден кейін президент болған Рональд Рейганға кеңесші болған. Бұлардың үшеуі де Ресей мен АҚШ-тың қатынастарын президент Владимир Путиннің кейбір қимылдары қиындатып тұр дейді. Президент Джордж Буштың кейбір ұсыныстарын президент Путин орынсыз деп қабылдайды.
Ең үлкен алшақтық Польша мен Чехияда зымыраннан қорғану жүйесін орнату жоспары төңірегінде өрбіді. Путин америкалық жоспарды қатты сынайды, АҚШ жоспары қару-жарақ бәсекелестігін қайта қоздырады дейді, тиісті жауап қайтарамыз дейді. Міне, осындай қарамақайшылықтар Қырғи-қабақ соғысын қайта қоздырып отыр делінеді.
АҚШ президенттерінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері болған екі тұлға мәселені шешу жайында екі түрлі пікір айтады. Мәселен, Збигнев Бжезинский Ресейдің одақтас жинауға мүмкіншілігі аз, Ресей бұрынғы Совет Одағына қарағанда бұған қабілетсіз, себебі Ресейде бұрынғы Совет Одағының идеологиясы жоқ, Ресей идеологияның орнын ақшамен басқысы келеді, бірақ ақшаның шегі болады, ақшаға одақтас сатып ала алмайсың дейді:
- Идеологияға қарағанда, ақшаға міндеттеме сатып ала алмайсың. Ақшадан сенім тумайды. Ақшадан пайдақорлық шығады, ақшаның пайдасы көп болуы мүмкін. Бірақ ақша ықпал бұлағы сияқты күшті бола алмайды.
Ал енді Ресеймен қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады? Збигнев Бжезинский бұл үшін Ресейді Батысқа жақындату керек және Украина арқылы жақындату керек дейді. Украинаға көмек көрсету Ресейге қарсы саясат емес, керісінше, Украина Батысқа қосылса, Украина үлгісіне Ресей ереді дейді. Украинаны Батысқа жақындату саясатын Ресейдің ызасын келтірмей жасаған жөн, сонда Ресей бұрынғы империялық елесінен ада болады, дейді Збигнев Бжезинский.
АҚШ президенттері Джеральд Фордқа және Рональд Рейганға кеңесші болған Брент Скоукрофт бұл жайында қарама-қайшы пікір айтты. Ол Украинаны Батысқа, Батыс ұйымдарына тарту Ресейдің ызасын келтіреді, мұның нәтижесі Збигнев Бжезинский болжамдап отырғаннан мүлдем басқа болады дейді:
- Батыспен жақындасу мәселесінде Украина Совет Одағының алдына, дәлірек айтқанда, Ресейдің алдына шығып кетсе, бұл Ресейдің Батыс бағытына жылжуын бәсеңдетеді. Себебі олар біздер ағайынды екі елді бір-бірінен айырмақ деп ойлайды, біз Ресейді оқшауландырып, Украинаны Батысқа қосып алғымыз келеді деп ойлайды. Бұл мәселеде өте байыпты болуымыз керек.
Брент Скоукрофт Америка Құрама Штаттары тарапынан жасалған кейбір қимылға президент Владимир Путин қатты намыстануы мүмкін, өздерін шеттетілген боп сезінуі мүмкін дейді. Мәселен, 2001 жылы 11 қыркүйекте жасалған шабуылдардан соң Америка Құрама Штаттары Ауғанстанда Талибан мен Әл-Қаидаға қарсы соғыс ашқанда, Ресейді науқанға қосылуға шақырмады. Бұл дұрыс болмады, дейді Брент Скоукрофт.
АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Дениел Фрид трансатлантикалық одақтастар, яки Америка Құрама Штаттары мен Батыс Еуропа сыртқы саясатта соңғы кезде бірауыздық танытады деп мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин батыс елдері демократия мәселесінде ақыл айтады деп намыстанады, АҚШ-тың кейбір қимылдарына күдікпен қарайды. Дегенмен, Путин мен Буш шілде айының басында АҚШ-та кездеседі, олардың келіссөздері Буштың жеке үйінде өтеді.