Биылғы жылғы қаңтар айының 31-күні «Нұрбанктің» Алматыдағы бас кеңсесіне кіріп, із-түссіз жоғалып кеткен осы банктің бұрынғы басшылары Темірәлиев пен Хасеновты соңғы рет көк халатты кісілер алып кеткендігін көргендер бар екендігі туралы «Время» газетінде баяндалыпты. «Темірәлиевтің қызметтес жолдасы Болат Абдуллаев өзінің досын соңғы рет қаңтардың 18-күні көрген. Сол күні ол әріптесіне өзін Рахат Әлиев ұрғандығы туралы айтып берген. Оны білгелі бірінші рет мен досымның жылағанын көрдім дейді ол. Ал қаңтардың 31-күні «Нұрбанк» ғимаратының тоғызыншы қабатындағы оқиғаларды бірқатар адамдар көрген. Олар маған айқай-шу тынышталған соң Темірәлиев пен Хасеновты көк халат киген дәрігерлер алып кеткендігін айтты» депті Болат Абдуллаев «Время» газетіне берген сұхбатында.
«Литер» газеті болса осы жылы Қазақстанның оңтүстік облыстарында ауа температурасы елу градусқа жетуі мүмкін екендігіне тоқталып отыр. «Осы демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты ыстық болады. Ауа-райын болжаушылар температураның бірден 10 градусқа көтеріле келе 43-тің шамасында тоқтайтындығын хабарлады» делінген мақалада. «Метеорологтардың болжамына сенер болсақ, шілде айында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынап бағаны елуге жетуі мүмкін. Бұған дейін дәл осындай ыстық уақыт 1983 жылы тіркелген болатын. Сол жолы «Қазгидромет» дабыл қаққан еді. Осы жағдай тағы қайталанып отыр» деп жазды «Литер» газеті.
«Айқын» газеті болса Қарағанды қаласы газ дағдарысының алдында тұрғандығына мән беріп өтіпті. «Өткен жылы көгілдір отын қызметін ұсынатын жергілікті монополист «Әлемгаз» тоқсан соңына таман ай сайын баға секіртуден «рекорд» жаңартуға әдеттеніп алған соң ғана жергілікті билік назарын салған болатын. Содан 3 ай өтпей жатып «көгілдір отын» дағдарысы тағы басталды» делінген мақалада. «Сөйтіп, Қарағанды қаласының тұрғындары газсыз отыр. Ал дағдарысты шешуді өзінше қарастырып жатқан әкімшіліктің әзірге Павлодардан сатып алған 50 тонна көгілдір отыны үш аптаға жететін көрінеді. Әзірге уақытында ақшасын төлеп отыратын қала тұрғындары да отынсыз күн кешуде. Олардың жазығы не?!» деген сауал тастайды «Айқын» газеті.
Бұл уақытта Алматы қаласы әлемдегі ең қымбат қалалардың қатарында көрінгендігіне «Время» газеті мән беріп отыр. «Қазақстан әзірге елу елдің қатарына қосылған жоқ, Алматы болса қымбат қала ретінде аталып отыр» делінген мақалада. «Өткен жылы ғана бұл тізімде Алматы 52-ші орында болса, биыл 30-шы сатыға көтеріліпті. Қымбатшылығы жағынан оңтүстік астана Лос-Анджелес, Стамбул және Дубай секілді қалаларды басып озды. Бұл жағынан алғашқы үштікке Мәскеу, Лондон және Сеул қалалары енген. Зерттеу әлемнің 144 қаласында жүргізілген» деп жазды «Время» газеті.
Тарихта тұңғыш рет Олимпиада алауы Қазақстан аумағы арқылы өтетіндігі туралы мақала «Казахстанская правда» газетінде жарық көріпті. «Ұйымдастырушылардың жоспарына қарағанда, алау келесі жылғы наурыздың 30-күні Грекияда тұтанған соң Пекин қаласына жеткізіледі. Олимпиада алауы Қытай астанасынан Алматыға әкелінеді» делінген мақалада. «Осылайша, оңтүстік мегаполис 97 мың шақырымдық эстафета жолындағы үшінші қала болмақ. Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сиюньнің айтуынша, өткен жылы Қазақстанға 150 мың Қытай азаматы сапарлап келген» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.