БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңсесінің баяндамасында Ауғанстанда 2006 жылы заңсыз апиын өнімінің көлемі күрт артып кеткендігіне баса назар аударылған. Сөйтіп, апиын өндірісі бұрынғымен салыстырғанда 50 процентке дейін артып, бүкілғаламдық дәрежеде рекордты жаңа деңгейге жетті делінеді.
Хабарламада апиын өндірісінің көлемі жылдан-жылға қалай артқаны туарсында мынандай мәліметтер келтіріледі. 2005 жылы апиын өнімі Ауғанстанда 3800 тонна болса, келесі 2006 жылы оның көлемі 6600 тоннаға дейін артып кеткен. Апиынның героин үшін басты шикізат екендігі белгілі.
БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасының сарапшысы Томас Питсман Ауғанстан әлемдегі көкнәр өсіріп, апиын өндіріп, өңдейтін бірден-бір мекен болып тұр деп атап көрсетеді.
- Біздің әлемде кездесіп тұрған ең бір өткір мәселеміз бұл Ауғанстан. Бүкіл дүниежүзінде өндірілетін апиынның 92 проценті Ауғанстаннан шығады. Біз өткен 2006 жылы апиын өндірудің 49 процентке дейін артып, ең бір шарықтау шегіне жеткенін көрдік. Апиын көбіне Ауғанстанның оңтүстік аймағында өсіріледі. Бұл ретте Ауғанстанның ішінде байланыс нашар деуге келмейді.
Есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңсесінің атқарушы директоры Антонио Мариа Коста Ауғанстанның оңтүстігіндегі негізінен бүлікшілер қолындағы Хелманд провинциясы апиын өнімімен қамтамасыз етуші орталық болып табылады дейді. Коста егер Хелманд провинциясында апиын өндірісіне тосқауыл қойылатын болса, әлем қауіпті бір көзден, демек есірткі қатерінен арылған болар еді деп атап көрсетеді.
- Ауғанстандағы жағдай ол есірткі аймағы болғандықтан ғана қанағаттанғысыз деуге болмайды, өйткені онда кедейлік, тұрақсыздық, ұйымдасқан қылмыс пен бүлікшілер бас көтеріп тұрғандықтан сондай жағдай қалыптасуда. Соңғы екі жылда мұнда есірткі көлемінің тым артып кеткені, міне, осы аталғандардың салдары, - дейді ол.
БҰҰ-ның кеңсесі әлемнің басқа еш жерінде осыншалықты көлемдегі есірткі өндірісі шоғырланған жер жоқ дейді. Сарапшы Питсман Ауған фермерлеріне көкнәр өсіріп, апиын өндіруді қойдыру үшін оларға баламалы жол ұсыну, демек алқаптарында басқа ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп, содан табыс табуына, ақша жасауларына мүмкіндік туғызу қажет деген ойын ортаға салады. Ол тәліп бүлікшілері мен апиын өңдеушілердің арасында тығыз қарым-қатынастың бар екендігі айдан анық дейді.
Ауғанстандағы заңсыз есірткі нарығындағы тағы бір көңіл аударалық маңызды жайт ол, елдің ішіндегі лабораторияларда осында өндірілген апиынның 90 процентке жуығы героин мен морфийге айналдырылады, содан кейін барып ол бүкіл әлемге контрабандалық тауар болып таратылатындығы. Франс пресс агенттігі бұдан екі жыл бұрын БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңсесінің шенеуніктері Ауғанстан негізінен шикі апиын өндіретін аймақ деп айтқан болатын деп хабарлайды.
Баяндамада Ауғанстанда апиын өндірісіне тосқауыл қойылмай отырса, «Алтын үшбұрыш», яғни Мянмар, Таиланд, Лаос елдерінде соңғы онжылдықтар ішінде есірткі өндірісі 80 процентке дейін төмендеді деп атап көрсетілген.