Freedom House ұйымының айтуынша, ТМД елдерінің баспасөз цензурасына қайта оралғандығының нәтижесі - хабар таратуға монополияның орнауы, алпауыттар билігі, әділет-сот жүйесінің ұйымдасқан қылмыспен шырмалуы, интернетке бақылау қойылуынан байқалады. Міне, мұның бәрі 1990 жылдарға қарағанда баспасөз еркіндігінің төмендеп кеткендігінің айқын көрінісі деп жазылған.
Freedom House ұйымының зерттеулер директоры Кристофер Уолкер баяндамада жазылған жайттарға «Азаттық» радиосына берген сұхбатында тоқталады.
«Азаттық» радиосы: - Алғашқы сауал: хабарламада бұрынғы Совет елдері аймағында баспасөзді бақылаудың жаңа тәсілі пайда болды деп жазылған. Оның бұрын қолданылған цензурадан айырмашылығы қандай?
Кристофер Уолкер: - Ескі советтік бақылау үлгісі біреу болатын, ол – мемлекеттік бақылау деп аталатын. Оның мәнісі барлық баспасөз өніміне, жаңалықтарға мемлекет бақылау жасайтын және ол біртұтас жүйе болатын. Бүгінгі цензураның ерекшелігі, мәселен Ресей сияқты елде баспасөзді бақылап, басқарып отырудың әртүрлі құралдары қолданылатындығын көруге болады. Міне бұның советтік кезеңмен бүгінді салыстырғандағы принципті айырмашылық екенін әркім-ақ көреді.
«Азаттық» радиосы: - Баяндамада үкіметтердің көпшіліктің нені оқып, нені көріп, нені тыңдауына бақылау жасаудың төрт әдіс-тәсілі бар екендігі атап көрсетілген, ол қандай әдістер десек болады?
Кристофер Уолкер: - Ең біріншісі, соңғы уақыттарда әділін айтсақ БАҚ-дарын бақылау күшейе түсті. Қауіпті деген жүйелер қауіпсіздігін теледидарды пайдалану арқылы сақтап, өз мүдделері үшін ғана алға басады. Біз байқаған екінші бір жайт, заңдық жүйелер мен талаптар БАҚ-дарына қысым көрсету, қудалау бағытында қатайта түсілген. Мұндай шараларды көптеген елдерден көреміз, мәселен Беларус, Ресей. Қазақстан. БАҚ-дарын бағындырудың үшінші тәсілі, ол халықаралық басылымдар мен хабарлар тарату әдісін түрлендіруге биліктің көбірек назар аудара бастауы. Мәселен, Ресей билігі шетелдік БАҚ-дарын тарту арқылы жергілікті БАҚ-дарына немесе «Азаттық» радиосы сияқты халықаралық радиостанцияның жергілікті бөлімдеріне бәсекелестікті ұлғайтып, оларды тыңдарманы мен көрерменінің көбеюі мүмкіндігінен айырды. Ендігі төртінші әдіс: ол газеттерге негізгі назарды аудартуға тырысу, ал ақпарат алуда газеттерге кейінгі, екінші кезекте қызығушылық болады. Газеттердің оқырманы да көп болмайды.
«Азаттық» радиосы: - Сіздер зерттеген көп елдерде ресми билік интернетті арнайы нысанаға алған. Олай болса адамдар осы интернеттен үкіметтің саясатына қайшы келетін идеялар мен ойларды оқудан, пікір алмасудан қорқа ма екен?
Кристофер Уолкер: - Интернеттің пайда болуы - Совет кезеңі мен бүгінгі күн арасындағы басты айырмашылық. Интернет технология мен олардан өз еліндегі БАҚ-дарында айтылмайтын ақпарат деректерді адамдардың тауып, оқи алуы, міне бұл шынында айырмашылық. Олар қоғамдық және саяси пікірталастарға бірқатар құндылықтар қоса алады. Әрине, үкіметтер белгілі бір дәрежеде оқырмандардың интернетке еркін енуіне қысым жасайды деген алаңдаушылық бар, өйткені бұл аймақтағы биліктің басқа БАҚ-дарына қарсы қолданып жатқан шаралары соны аңғартады.