Шілденің 4 күні таңертең Алан Джонстон Хамас әкімшілігі ресмилерінің қолына тапсырылды. Одан кейін Хамас жетекшісі Исмайл Ханияның жанында тұрған БиБиСи тілшісі телеарнадан көрсетіліп, өзінің босатылуына көмектескен барлық адамға алғысын жеткізді. Джонстон өзінің қамауда болған кезін былай суреттеп берді:
“Соңғы 16 апта әлбетте, менің өмірімдегі ең жаман кез болғанын елестете беріңіз. Ол бір кәдімгі тірідей жерлеген сияқты, әлемнен алыстатып, кей кезде қатты шошытады. Сіз өте қауіпті әрі не істейтіні белгісіз адамдардың қолында болдыңыз, және олар үнемі қорқытып-үркітіп, оның қашан аяқталатынын да білмейсіз”.
Алан Джонстон наурыздың 12-сінде жоғалып кетіп, оның көлігі ғана айдаладан табылған. Оны ұрлағандар кейін мәлімдеме жасап, өздерінің Ислам Армиясынан екенін айтқан. Аз ғана белгілі бұл жауынгерлік топ егер Британия түрмесіндегі мұсылмандарды босату жөніндегі өздерінің талаптары орындалмаса, тілшіні өлтіретіндіктерін айтқан.
Джонстон өзінің 24 сағат бойы шынжырланып ұсталғанын, бірақ өзі тұтқында болған соңғы жарты сағатқа дейін физикалық күш қолданылмағанын айтты. Оны тұтқынға алғандар өткен аптада Джонстонға жарылғыш заттар орнатылған кеудеше кигізіп, егер оны тұтқындықтан күшпен босату әрекеті болатын болса жарып жібереміз деген видео таспаны көрсеткен.
Алан Джонстонның ата-анасы Гарахам мен Маргарет Джонстондар Шотландиядағы үйлерінің алдына жиналған журналистерге берген сұхбатында былай деген:
“Біз қатты қуанып тұрмыз. Өміріміздің 114 күні қорқынышқа толы болды. Енді ғана оның даусын естідік, ол бізге телефон соқты. Артқы жақта қатты шу болып жатты. Менің ойымша, ол көп соққы көрген болуы керек, оның бар айтқаны, “Сәлем, әке!” деді, мен «сәлем балам, қалайсың? Бәрі жақсы ма?» дегенімде, ол «мен 100 процент аманмын» деді. Сосын телефон байланысы үзіліп кетті. Сондықтан, біздің бар естігеніміз сол ғана болды. Бірақ, біз оны теледидардан көрдік, бұл деген жантүршігерлік болды. Ол 114 күнге жалғасты”.
Сонымен қатар, Лондондағы БиБиСи-дің жаңалықтар бөлімінің директоры Хелен Боаден, әлемдегі барлық халыққа көрсеткен қолдауы үшін рахмет айтты:
“Біз Аланның аман-есен босатылғанына өте қатты жеңілдеп, қуанып қалдық, және оны 114 күннен кейін қауіпсіз жағдайда босату жолында тынбай жұмыс істеген барлық адамдарға көп-көп алғысымызды айтамыз. Бұл бір өте-өте қиын кезең болды. Әрине, бұл жағдай әлемнің әр түкпіріндегі біз ешқашан көрмеген адамдардың Аланға деген ашық қолдауын көрсетті”.
Джонстонды босатуға шақырған әлем бойынша шерулер өтіп, БиБиСи-дің интернет сайтындағы петицияға 200 мың адам қосылған. Джонстон бұл оқиғалар туралы өзіне екі аптадан кейін берілген радио арқылы естіп отырған.
Джонстонның айтуынша, Газаға бақылауды өзіне алған Исламшыл Хамас қозғалысының аймақтағы қауіпсіздікті жақсартуға берген уәдесі оның аман босатылуына ықпал еткен. Хамастың жауынгерлік тобы да өздерінің Джонстонды босату жолында белсенді жұмыс істейді деген болатын. Бірақ, бүгін Хамас босату шараларын қауіпсіздендіру үшін тұтқынға алушылармен ешқандай келіссөз жасалған жоқ дейді.
Хамас жетекшісі Исмайл Хания Джонстонның босатылғанына орай өзінің қуанышын білдіргенде былай деді:
“Мен өте күрделі, қиын жұмыс, парасаттылық пен шынайылық бұл істің жабылуына жетекші болды дедім. Осының бәрі бізге аталмыш мәселені Палестина халқының беделі үшін аяқтауға көмектесті. Бұл жағдайдың шешілгені Палестина халқының абырой-беделі үшін болды”.
Хамастың саяси жетекшісі Халед Мешаалдың сөзіне қарағанда, Джонстонның босатылуы Фатх әкімшілігінің жетекші болмай отырғанын әшкереледі.
Джонстон Ұлыбританияға жету үшін Газа қаласынан Израйлге шығып кетті.