Accessibility links

Түркия Ирақтағы Күрдтерге қарсы шекара сыртында операциялар бастауы мүмкін бе?


Таяу апталарда Түркия өзінің саясаткерлері мен генералдарының Ирақтағы Күрдтердің әскери базаларын құрту үшін шекара сыртында операциялар жасау мүмкіндігін ашық қозғап жүрген тұста, өзінің шығысындағы шекара бойына әскерін топтай бастады. Мұндай әрекеттер Бағдадты алаңдатып, тіпті осы аптада Ақ Үй оны алға тартып, Ирақтың егемендігі құрметтелуі керек деген. Сонымен Түркияның әскери шабуылы болуы мүмкін бе?

Сәуір айының 12-де, Түркия генералдарының басшысы генерал Яшар Буюканыт өз әскерлерінің Ирақтағы Күрд жасақтарын басып тастайтын шекерадан тыс операцияларды жүргізуге дайын деп мәлімдеген. Оларды тоқтатып тұрған бір-ақ нәрсе бар, ол үкімет пен парламенттің мақұлдауы қажет болып отыр. Содан бері, бұл әңгімені әскери қызметкерлер мен оппозициялық саясаткерлер көтеріп, әрекетке көшуге үгіттеп келеді.

Сонымен қатар, жақында үкіметте бұл мәселені талқылады. Сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Түркияның Ираққа кіруі мүмкін жоспарын қарағанын нақтылады. Ендеше, алдағы күндері Анкара шабуыл бастауы мүмкін бе? Бұл тұрғыда бақылаушылар оның қажеті жоқ дейді, бірақ Абдулла Гүлдің мәлімдемесі үкіметтің қысым астында қалып отырғанын көрсетеді дегенді айтады.

Түркиялық журналист Лале Сариибрагимоглудың сөзіне қарағанда, жоғарыдағы сұраққа айтылатын жауапты елдегі 2-ші шілдеге белгіленген алдағы парламенттік сайлаулардан көруге болады. Айта кетейік, Сариибрагимоглу ағылшын тілді “Бүгінгі Заман” газетіндегі саяси бөлімнің тілшісі. Оның айтуынша, Ираққа тосыннан шабуылдау мүмкіндігі төңірегіндегі көп сөздер исламшыл тұрғыдағы Әділет және Даму жөніндегі жетекші Партияға қарсы зайырлы әскери құрылымды қоюы мүмкін. Журналист Сариибрагимоглудың атап көрсетуінше, әскерилер Түркиядағы террористік әрекеттерден шаршаған халықтың көпшілігі Күрд көтерілісшілеріне қарсы қатаң шаралар жасалғанын қолдайтынын біледі. Және мұны үкіметті әлсіз етіп көрсетуге пайдаланып келеді.

“Біз мұнда сайлаулар алдында шекара сыртындағы операциялармен үкіметті әлсізденудіруге тырысқан зайырлы құрылымдардың жергілікті саяси ойынына куә болып отырмыз. Өйткені, шекара сыртында операциялар жүргізуді күткен қоғамдық пікірмен бетпе-бет келіп отырмыз”.

Сөйтіп, екі тарап бәсекелестігін арттырып отырған тұста үкімет өз талқылауларын күшейте түсті. Ирақ үкіметінің айтуынша, ол әсіресе шекарада нұсқау күтіп отырған 140 мыңдай Түркия әскерімен қауіпті ойынға айналуы мүмкін. Түркия әскерилері бұл санды нақтылаудан бас тартты, бірақ мұндағы жасақтың көп екені белгілі.

Түркиялық журналист Сариибрагимоглуның пікірінше, дәл қазір үкімет бұл сөздер бойынша әрекет етпейді. Олар дауыс берушілерді сөзбен тыныштандырып, Уашингтон мен Бағдадқа Күрд жұмысшылар партиясының күшін көбірек ауыздықтау туралы жолдау жасамақшы.

Бұл түркиялық бақылаушының сөзіне қарағанда, қазіргі және оның алдындағы үкіметтің Күрд мәселесіне қайрылуындағы сәтсіздіктері қазіргі жағдайға әсер етіп отырғаны анық. Сондықтан, бұл мәселе тек әскери тұрғыда талқыланып отыр.

“Шешім жасаушылар үшін бізде болған екі алтын мүмкіндік жоғалды. 1999 жылға оралсақ, одақтас үкімет бұл соғыстан кейінгі аймақ үшін экономикалық шаралары мен келісімдерін алға тарта алды. Екінші алтын мүмкіндікті Күрдтердің проблемасына, олардың әлеуметтік жағдайына, экономикалық мәселесіне назар аудармай қазіргі үкімет жоғалтып отыр. Сонымен қатар, екі жыл бұрын Диярбакірда Түркия премьер министрі Режеп Тайып Ердоған проблеманы экономикалық мәселе ретінде мойындап, кей себептермен ол кейінге шегініп және біз бұл аймақ үшін ұсынылған ешқандай да экономикалық келісімдері көрген жоқпыз”.

Сайлаулардан кейін әлбетте тараптар Анкараның не істейтіні жөнінде шешетін болады. Көп нәрсе парламент сайлауларында парламенттегі көп орынды кімдердің алатындығына тікелей байланысты болмақ.
XS
SM
MD
LG