Вера деген кішкентай қыз 1 жастан астан енді асты. Енді ғана жүре бастаған Вераның інісі Саша оның шашындағы қызыл лентаны тартса ол мәз болып күледі. Ол екеуі де бақытты, денсаулықтары жақсы бала. Бірақ үш ай бұрын Вера мен Саша Мәскеудегі жетімдер үйінде өсіп жатқан. Ол екеуін анасы асырай алмайтын болған соң балалар үйіне тапсырған. Енді қазір екі кішкентай сәби Мәскеудің сыртындағы ауылда тұратын Наташа мен Сергей Петровтардың үлкен үйінде, өздерін жақсы көретін отбасында өмір сүріп жатыр:
“Мен әйеліміз екеуміз бұл туралы ұзақтан бері ойланып жүргенбіз. Сосын біздің басқа балаларға да көмектесе алатындай мүмкіндігіміз бар деген ұйғарымға келдік. Мен ақша немесе сыйлық беру туралы айтып отырғанын жоқ, мен балаларды үйімізге әкеліп, өз балаларымыздай өсіруді айтам. Біз бұл жөнінде көп талқыладық. Сосын мүмкіндік болғанда оны ұстап қалдық. Енді қазір екі баланы асырап алып, өсіріп жатырмыз және одан өте үлкен ғанибет көріп отырмыз”.
ЮНИСЕФ-тің хабарына қарағанда, Ресейде 750 мың бала өз туған ата-анасынсыз өсіп жатыр. Олардың көпшілігі туыстарымен тұрып жатса, 200 мыңы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. ЮНИСЕФ-тің Ресейдегі өкілі Карел де Руйдің пікірінше:
“Түрлі себептермен, ол балалар тастанды немесе мемлекетке тапсырылған. Біз бәріміз бұл процестің нәтижесі жақсы емес екенін білеміз. Ол балалардың ең бөлігі кейін мектепті бітірген соң әлеуметтік өмірге икемделе алмайды. Олардың 10 проценті өзіне-өзі қол жұмсайды. Көбісі түрмеге түседі. Сондықтан, бұл қолайсыз әңгіме”.
Ресейдегі балалар жетімдер үйіне түрлі себептермен келген. Бір жағдайда олардың ата-анасы оларды бағып-өсіре алмайтындай жағдайда болса, кейбіреуі ішімдікке салынғандар немесе балаларына қатыгездік танытқандар болмаса жұқпалы ауруға ұшырағандар.
Қазір ЮНИСЕФ пен балаларды қорғау жөніндегі басқа да топтар елдегі денсаулық және білім министрліктерімен бірге жұміс істеп, үйдегі жылылық жетіспеген балаларға жақсы қолдау көрсете алатын қалыптасқан отбасыларға беруге тырысып жатыр.
Екі баланы асырап алған Наташа алты айлық Сашаны оның сүйікті оыншығымен ұйықтатып жатыр. Ол асырап алған балаларын жетімдер үйінен әкелген күнді былай есіне алады:
“Ол жерде жансыз адам сияқты жатты. Ол қолдарын, аяқтарын қимылдатпады, күлмеді. Ол адамдарға назар аудармаған еді. Екі-үш күннен кейін ғана ол қолына ойыншықтарды ала бастады, сосын ыңылдап сөйлеп, жымиятын болды. өйткені жетімдер үйінде олар тек қана жатады олармен ешкім де ойнамайды. Біз онда бірінші күні барып, қолымызға көтеріп жүргенде, сол жерде істейтін бір әйел бізге айқайлап, “сендер балаларды қолға үйретсеңдер сосын олар бізге көтер деп айтады” деп ұрысты. өзіңіз білесіз жанұяның аты жанұя, оның орны бөлек”.
Бірақ, Саша мен Вера сияқты сәбилер балалар үйінде өте көп. Оларды асырап алу процесі ұзақ әрі қиын және оған сот арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл тұрғыда ЮНИСЕФ-тің өкілі Карел де Руйдің сөзіне қарағанда, проблеманың бір жағы Ресейде асырап алу дәстүрі жоқ. Совет кезінде тастанды балалар 18 жасқа келгенше жетімдер үйінде өседі. Ал, әлемнің басқа бөліктерінде жетім немесе әке-шешесі асырай алмаған балаларды туыстарды бағып алады.
Ресейде балаларды бағып алып отбасын кеңейту ұғымы өте сирек. Карел де Руйдің айтуынша, асыраусыз қалғандарды кей жағдайда ата-әжесі бағатын болса, олардың көбісі аз ғана зейнетақымен өмір сүреді. Ал, Наташа мен Сергей бала асырап алу процесінің Ресейде қиын екенін алға тартып, енді өздері асырап алған екі бүлдіршінге асыранды екенін ешқашан айтпаймыз деп отыр.