Қазақстанда тамыз айында өтетін мәжіліс сайлауын бақылау үшін ОБСЕ ұйымының өкілдері келе бастағандығы туралы «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде баяндалыпты. «Шілденің 12-күні Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушыларды тіркеу жұмыстарын бастады – Қазақстанда жұмыс істеуге ОБСЕ ұйымының 18 өкілі мен ТМД-ға мүше елдердің 8 бақылаушысы рұқсат алды» делінген мақалада. «ОБСЕ өкілі Кристиан Штрохалдың айтуынша, аталған ұйым Қазақстанға 436 бақылаушы жібермек екен. Еуропалықтардың бұл сайлауға үлкен мән беріп отырғандығын түсінуге болады: сайлау нәтижелерінің Қазақстанның ОБСЕ ұйымына төрағалық ету-етпеу мәселесіне тікелей қатысы бар» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
«Айқын» газеті болса ғарышкер Талғат Мұсабаев сайлауға үміткер ретінде тіркеуден өте алмағандығына тоқталып отыр. «Шілденің 12-күні Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» ұсынған партиялық тізімдегі Талғат Мұсабаевты тіркемей тастады» делінген мақалада. «Осылайша, төртінші толқындағы депкорпустен ғарыштық мамандықтың өкілі орын алмайтындығы мәлім болуда. Демек, осы сала кезінде үшінші сайланымдағы Парламентке өтіп, тыңнан түрен салған ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің жолын жалғастырар ізбасарсыз қалып отыр. Өйткені Талғат Мұсабаев сайлау комиссиясының он жыл тұрақты түрде Қазақстанда тұру деген талапқа жауап бермейді» деп жазды «Айқын» газеті.
«Литер» газеті болса сайлауға түсіуге үміткерлерді тіркеу жұмысы шілденің 17-күні аяқталатындығын ескертіп отыр. «Қазіргі күні Орталық сайлау комиссиясына жеті партия сайлауға қатысатын үміткерлер тізімін өткізді» делінген мақалада. «Аталған комиссияның бейсенбі күнгі жиналысында үміткерлерді тіркеу жұмысы пысықталды. Әзірге комиссияға «Нұр Отан», «Ақ жол», Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, «Руханият», «Ауыл» және Халықтық коммунистік партиясы үміткерлер тізімін тапсырған» деп жазды «Литер» газеті.
Тамыздағы сайлау Қазақстандағы ресми тіркелген партиялардың санының біршама қысқаруына әсер еткендігіне «Начнем с понедельника» газеті мән беріп өтіпті. Мақала авторы Андрей Чеботарев сайлау науқаны барысында бірқатар күтпеген жайттардың тіркелгендігін атап өткен. «Қазақстан коммунистер партиясының сайлауға байкот жариялауын да солардың қатарына жатқызуға болады. Төменгі палатаның барлық орнына жайғасуға «Нұр Отан» ғана емес, «Ақ Жол» партиясының да ұмтылып отырғандығын атап өтпеске болмайды. Осылайша олар өздерінің кадр мәселесіндегі артықшылығын паш еткендей. Оның үстіне үміткерлердің барлығы көпшлік алдында ақпарат құралдары арқылы сөйлей алады. «Нағыз Ақ жол» партиясын өздерінің құрамына қосып алған социал-демократтар болса сайлау кампаниясы кезінде биліктің қарсылығына тап болуы да ғажап емес» деп жазды саясаттанушы Андрей Чеботарев «Начнем с понедельника» газетіне жарияланған мақаласында.
Бұл уақытта тіркелмеген «Атамекен» партиясының төрағасы Ержан Досмұхамедовтың президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысы бар-жоқтығын тексеру керек деген ұсынысын «КУБ» интернет газеті жариялапты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа арналған хатында Е.Досмұхамедов былай деп жазған: «А.Сәрсенбайұлы мемлекеттік қызметтен кетіп оппозициялық лагерге өткен соң Т.Құлыбаев оған миллионнан астам қаржы бергені маған белгілі болды. Бірақ Сәрсенбайұлы тәуелсіз саяси қайраткерге айналуы арқылы басқаға бағынғысы келмеген». Осы сөздерді айта келе, Ержан Досмұхамедов президент Назарбаевқа бірнеше өтініш жасаған. Атап айтқанда, «Т.Құлыбаевтың саясаткер А.Сәрсенбайұлының өліміне қаншалықты қатысы бар екендігін тексеруді сұраймын» деп жазды Ержан Досмұхамедов «КУБ» интернет газетіне жариялаған ашық хатында.