Тамыздың 6-сы күні Парламеттен Қазақстан халқы Ассамблеясына бөлінген квота бойынша депутаттық орынды иемденетін үміткерлердің есімі мәлім болды. Үміткерлерді Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі ұсынды. Олар ұлты ұйғыр Мұрат Ахмадиев, орыс Раиса Полищук, қазақ Қайрат Сәдуақасов, украин Валерий Виниченко, белорусь Леонид Питаленко, неміс Егорь Капель, өзбек Рузакүл Қалмұратов, балқар Людмила Хачиева, корей Виктор Цой. Бұл 9 депуттатың ішіне өз үміткерлерін іліндіре алмай қалған ұқттың өкілдері де болды. Солардың бірі Қазақстандағы шешен-ингуш халықтарының мәдени даму қауымдастығының төрағасы Ахмет Мұрадов былай деді.
- Әрине, біз де өз өкілімізді Парламенттен көргіміз келіп еді. Алайда Қазақстанда 130 ұлт бар, ал Ассамблеяға 9 орын бөлінді. Сондықтан әрине, Парламенттегі орындарға тек ірі ұлттар ғана үміт ете алатынын біз түсінеміз. Өйткені демократиялық принцинтерге сай көпшіліктің даусын азшылық сыйлауы керек. Біздің президент осы вариантты дұрыс деген соң, біз де осыны қолдадық, - дейді Ахмет Мұрадов.
Алайда Қазақстан халқы Ассамблеясындағы диаспора өкілдері ішінен 9 үміткерді ұсыну тәртібіне қарсылық білдіргендер де болды. Солардың бірі Қазақстандағы орыс қоғамының төрағасы Юрий Бунаков бұл жайында былай дейді.
- Біз ұлты орыс деген үміткердің ешқандай да славян қозғалысынан емес екендігін анықтадық. Ассамблеядан тек мәдени орталықтардың өкілдері ғана шығуы тиіс еді. Ал орыс үміткері Полищуктың кандидатурасын біздің мәдени орталықтан ешкім қолдаған жоқ. Полищуктың орнына орысы қалың тұратын облыстардың бірінен басқа біреуді, мысалы, елге танымал Климошенконы ұсыну керек еді. Бұл жерде кандидаттардың тізімін жинаған, осыны ұйымдастырған Жұматай Әлиев кінәлі болуы мүмкін. Біздің Қазақстандағыдай аз ұлттың өкілдерін Парламентке кіргізу деген бұрын-соңды әлемнің ешбір елінде болмаған. Бұл ұлы іс. Демократияға жасалған үлкен қадам. Алайда шенеуніктер президентіміздің бастаған ұлы қадамын осылайша бүлдіріп жатады, - дейді Юрий Бунаков.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі ұсынған кандидатты өз бірлестігінің қолдамағанын Алматы қалалық украин мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валентин Лейморенко да айтады.
- Менің білуімше, депутаттыққа кандидат болып 9 адам ұсынылды. Олардың екеуінің тегі украиндықтар екен. Алайда мен олардың кім екендіктерін білмеймін. Біз Қазақстандағы украиндер қауымдастығының төрағасы Порипс Михаил Сергеевич пен «Украинские новины» газетінің редакторы Черных Тарас Андреевичті ұсынған едік. Алайда олардың не себептен депутатттыққа ілінбей қалғанын білмеймін. Бар білетінім, біз өз үміткерлерімізді Ассамблеяның Кеңесінде таңдап, олардың құжаттарын Астанаға жібергеніміз, - дейді Валентин Лейморенко.
Алматы облыстық әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман депутат болғысын келген қай ұлттың өкілі болса да, Парламентте өз ұлттарының емес, бүкіл қазақстандықтардың мүддесін көздеуі керек деп есептейді.
- Парламентке барған диаспора өкілдері тек өз ұлтының мүддесін ғана ойлап кетпеуі керек. Олар мемлекеттік тілді білуі керек я болмаса тілге ниеттері түзу болуы керек. Сондай-ақ, мен қазақ халқын тануы керек деген сияқты критерийлер қойғым келіп еді. Олар сонымен қатар, білімдар болуы қажет. Қысқасы, мына қоғамға қызмет ете алатындай адам болуы керек дер едім, - дейді Асылы Осман.
Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұсынылған Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды сайлау тамыздың 20-сында өтеді.