Қазақстан мен Әзірбайжан Каспий теңізін бейбіт келісімдер негізінде бөлісуге келіскендігі туралы «Литер» газетінде баяндалыпты. «Тамыздың 7-күні Астанада Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойды» делінген мақалада. «Олардың арасында мұнай-газ саласында әріптестік орнатуды қарастыратын құжаттар бар. Екі мемлекеттің лидерлері қазақстандық каспий тасымалдау жүйесін дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұл жүйе – қазақ мұнайын шетелге тасымалдауды қарастырады. Сондай-ақ, осы жүйе аясында Ескен-Құрық газ құбырын салу жоспарланған» деп жазды «Литер» газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Комсомольская правда: Казахстан» газеті былай деп жазды: «Бұл – Ильхам Әлиевтің Қазақстанға екінші сапары. Әзірбайжан басшысы осыдан жарты жыл алғаш рет Астанаға келгенде Ақордада бірнеше құжатқа қолын қойған еді. Осы жолғы сапары барысында да көптеген келісімдер дүниеге келуі мүмкін. Олардың ішінде Қазақстанның «Баку-Жейхан» мұнай құбыры жобасына қатысу мәселесі де қозғалатыны анық. Бұл мәселеде Ильхам Әлиев құны 420 миллион доллар тұратын Карс-Баку құбырына Қазақстан жағы тиісті көлемдегі мұнай жеткізіп отыратындай кепілдікті қалайды» деп түйіндейді «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Биылғы жарты жылдықта Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің көрсеткіші 10,2 пайыза өскендігі туралы «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Бұл ақпаратты тамыздың 7-күні Үкімет отырысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Бердібек Сапарбаев мәлім қылды» делінген мақалада. «Бердібек Сапарбаев белгіленген мерзімде экспортты шикізат саласы экономика өсімінің 13 пайызын құрады, - дейді. Сонымен қатар, ол мұның сыртында кейбір облыстарда өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бұрынғыдан баяулағанын да бұгіп қалмады. Айталық, бұл көрсеткіш Ақтөбе облысында – 1,5 пайыз болса, Алматы облысында – 2, Қарағанды облысында тіпті 3,9 пайызға түскен. Ал негізгі қорға инвестицияларды тарту республика бойынша 11,2 пайызға өсіпті. Және инвестициялық қаржыландыру үдерісінде де оң өзгерістер сезіледі» деп жазды «Айқын» газеті.
Бұл уақытта Қазақстанда шілде айының соңында инфляцияның деңгейі 8,8 пайыз болғандығына «Литер» газеті мән беріп өтіпті. «Ал бұған дейінгі алғашқы төрт айда инфляция деңгейі 7,6-7,8 пайыз арасында құбылып тұрған» делінген мақалада. «Қлттық банктің төрағасы Әнуар Сәйденовтың айтуынша, маусым-шілде айларында инфляцияның өсу деңгейінің 1,8 пайызды көрсетуі – соңғы он жыл ішінде болмаған жағдай. Соның нәтижесінде шілде айының аяғында инфляцияның жылдық деңгейі 8,8 пайызға жетіп отыр. Жағдайды бақылауда ұстау үшін Ұлттық банкі «қымбат ақша» саясатын ұстанбақшы» деп жазды «Литер» газеті.
Алматыда халыққа берген уәдесін орындамаған құрылыс компаниясының басшысы ұсталғандығы туралы мақала да «Литер» газетінде баяндалыпты. «Тамыздың 6-күні «Алматыинвестстрой» құрылыс компаниясының басшысы Дмитриенво ұсталды» делінген мақалада. «Осы жылғы шілденің 27-күні қаржы полициясы сөз болып отырған компанияның басшысына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Енді алданып қалған тұрғындардың арманы орындалатын түрі бар. Өйткені үлескерлер «Алматыдер» мекемесімен меморандумға отырды. Ол бойынша аталған мекеме үлескерлердің үйін салып беру үшін басқа бір компанияны іздестіретін болады» деп түйіндейді «Литер» газеті.