Қазақстанның ішкі істер министрлігі Вена сотын «халықаралық ережелерді бұзған» деп айтыптағаны туралы «Литер» газетінде баяндалыпты. «Министрлік Қазақстан азаматын экстрадициялаудан бас тартқан вена сотының шешімін «халықаралық құқықтарға қайшы және орынсыз» деп есептейді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов шұғыл түрде өткізілген брифингте мәлімдеді» делінген мақалада. «Бағдат Қожахметовтің айтуынша, үш адамның ұрлануына қатысы бар Рахат Әлиевті қайтармауында саяси астар бар. Сонымен қатар, ол сөз болып отырған іске қатысты сот мәжілістері Қазақстан жағының қатысуынсыз, жабық жағдайда өткендігін атап көрсетті» деп жазды «Литер» газеті.
Осы тақырып төңірегінде «Время» газеті былай деп жазды: «Рахатгейт» ісінде, осыдан екі жыл бұрынғы мақаланың басты кейіпкері – канадалық Адонис Дербастың аты аталды. Бізде бар мәліметтерге қарағанда, Вена соты Рахат Әлиевті экстрадициялауға қарсы шешім шығаруда дәл осы азаматтың мәлімдемесін негізге алған. Дәлірек айтқанда, Адонис Дербастың Рахат Әлиевке қарсы мәлімет беруіне миллион доллар ұсыныпты-мыс». Сонымен қатар, мақала авторы осындай мәлімдеге Қазақстанның ішкі істер министрлігі қарсы шыққандығын атап көрсеткен. «Сәрсенбі күнгі брифингте Бағдат Қожахметов «Қазақстан жағы Адонис Дербасты сатып алғысы келген» деген ақпарат шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді» делінген «Время» газетінің мақаласында.
«Экспресс К» газеті болса Шымкент қаласының маңындағы жерді заңсыз басып алушылықтар туралы баяндапты. «Зиратқа деп бөлінген 64 гектар жерді негізінен Ордабасы және Қазығұрт аудандарының тұрғындары заңсыз басып алып, сол жерлерге баспана тұрғыза бастаған» делінген мақалада. «Облыстық жер ресурстары басқармасының өкілі Бағдат Аюбековтың айтуынша, жерге иемдену құжатпен рәсімделмеген. Халық бұл жерлерді кейін заңдастырып алуға болады деп үміттенеді. Сейсенбі күні әкімшілік өкілдері бұл жерлерге ауыр техника әкеліп, заңсыз баспаналарды бұзды» деп жазды «Экспресс К» газеті.
Бұл уақытта Алматы қаласының төңірегіндегі жерлерді заңсыз басып алу жағдайы тағы тіркелгендігіне «Литер» газеті мән беріп өтіпті. «Боралдай қорғаны орналасқан жерлерді жергілікті халық дүйсенбі күні бөліп ала бастаған. Жұртшылық арасында тараған сыбыс бойынша, жер телімдерін «Нұр Отан» партиясының өкілдері таратқан» делінген мақалада. «Жер таратып жатыр дегенді естіген халық жаңағы орынға көптеп жиналған. Тіпті қайсыбіреулері жерді қоршайтын жіптерді сатудан әжептәуір пайда көріпті. Заңсыз жердің таласындағы жағдайдан хабардар болған жергілікті әкімшілік халыққа бұл жерлер мемлекеттің меншігі екендігін түсіндіруге тырысқан. Алайда жер телімдерін қоршап алған жұртшылық бұл арадан енді тастап кетпейтіндіктерін мәлімдеді» деп жазды «Литер» газеті.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса Астана қаласының тұрғыны Жаныр Холдаған үшем дүниеге әкелгендігі туралы баяндапты. «Мадина, Индира және Гүлмира – жаңа туылған нәрестелерді осылай деп атады» делінген мақалада. «Дәрігерлердің айтуынша, үшемді дүниеге әкелу оңай емес. Бірақ үшемнің анасы атанған Жаныр ерлік танытты. Үшемнің дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай. Мұндай көрсеткіш Астанада осы жылы екінші мәрте тіркеліп отыр» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.