Парламент мәжілісі депутатын сайлау әртүрлі заң бұзушылықтармен өтіп жатқандығы туралы «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында жарияланды. Мақалада заң бұзушылық фактілері бірнеше сайлау учаскесінде тіркелгендігі көрсетілген. Мәселен, «Алматы облысындағы 602-ші учаскеде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер сайлау комиссиясының мүшелеріне бұйрық беріп тұрды. Бұл жағдай бейнекамераға түсіріліп, тиісті акт толтырылды» делінген мақалада. Сондай-ақ, «Жезқазған қаласында 781-ші учаскеде «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті үлініп тұр. Осыған орай бақылаушылардың ескертуіне назар аударылған жоқ. Астана қаласында 20-шы учаскеде бақылаушылар кіргізілген жоқ. Семей қаласындағы бірнеше учаскеде мемлекеттік органдардың өкілдері «exit pool» негізінде сауалнама жүргізіп тұр. Заң бойынша мемлекеттік органдардың жұмысшыларына мұндай қызметті атқаруға болмайды» деп жазды ««ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
Сонымен қатар, «КУБ» интернет газеті де сайлау барысындағы заң бұзушылықтар туралы жазыпты. Мәселен, «Теміртау қаласындағы 172-ші учаскесінде бұзылған көпқабатты 18 үйдің тұрғындары тізімге алынған. Бұл тұрғындар жаңа мекенінде дауыс беруі мүмкін. Соған байланысты бір адам екі рет дауыс берген болып шығады. Бұл сайлау заңдарын өрескел бұзу болып табылады» делінген мақалада. Сондай-ақ, «Алматы қаласының сайлаушылар тізіміне соңғы екі жылда бұзылған 432 үйдің тұрғындары енгізілген» деп жазды «КУБ» интернет газеті.
Бұл уақытта Малайзия өкілдері Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін өздерінде қолданбақшы екендігі «Экспресс К» газетінде баяндалыпты. «Малайзияның орталық сайлау комиссиясының хатшысы Датук Хаджи Камарузаман тамыздың 17-күні Астанада жергілікті орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездесуі кезінде Қазақстанның сайлау барысында қолданып жүрген әйнек жәшіктері қызықтырғаны туралы мәлімдеді» делінген мақалада. «Біз осындай жәшіктердің көшірмесін түсіріп алдық, - дейді ол. – Бұрындары Малайзияда метал жәшіктер қолданылып келді, сайлаушылар оның ішінде не барын көре алмайтын. Егер сұлтан Заинал Абидин рұқсат етіп жатса, онда қазақстандық жәшіктердің көшірмесі осы жылғы күзде Малайзияда өтетін сайлау барысында қолданылатын болады» деп жазды «Экспресс К» газеті.
«Айқын» газеті болса Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлау қарсаңында халықаралық бақылаушылармен кездескендігіне тоқталып өтіпті. «Қуандық Тұрғанқұлов Финляндия елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мария Лийса Килуненмен жолығысты. Демократиясы дәуірлеген, парламенттеріне биыл тура бір ғасыр болған финляндиялық лауазымды өкілді демократиясы енді көктеп келе жатқан елдің өткізгелі отырған саяси шарасы қатты қызықтырады екен» делінген мақалада. «Фин өкілі Қуандық Тұрғанқұловқа түйдек-түйдегімен сауалдар тастады. Финляндия елінде парламентте отырған әйелдердің үлес салмағы 39 пайызды құрайды. Бұл жағынан олар Швейцария мен Норвегиядан кейін үшінші орында тұр. Сондықтан болар алғашқы сұрақты «науқанға қанша әйел заты қатысып жатыр, оларға қандай мүмкіндіктер берілді?» деп қойды. Төраға: «Бізде әйелдер мен еркектердің құқығы бірдей. Сайлауға партиялар тізімімен түсіп жатқан нәзік жандар 12 пайызды құрайды. Ал мәслихаттық жарысқа қатысатындар саны одан аздау» деп жауап берді» деп жазды «Айқын» газеті.
«Егемен Қазақстан» газеті Литва парламентінің депутаты Вилкас Пранастың сайлау төңірегіндегі пікірін жариялапты. «Литвада электрондық дауыс беру өткізілмейді. Бірақ, қазір олар электрондық емес, Интернет арқылы дауыс беруді таңдап отыр. Әлі бұл ресми түрде қабылданған жоқ, қарсы да, жақтайтындар да баршылық. Келесі жылы қазанда өтетін саяси додада сайлаудың интернеттік түрі қабылданатын шығар деген үміт бар. Өйткені, Еуроодақ бойынша шекара ашылғалы халықтың көпшілігі шетелде жүргендіктен, оларға Интернет арқылы дауыс беру ыңғайлы» депті Вилкас Пранас «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.