Атап айтқанда, мақалалар тамыздың 17-де «Интернешнл геральд трибюн» және «Нью-Йорк таймс» деген беделді америкалық газеттерде қатар жарық көрді. Бұл мақалаларда Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы бері мұнда еркін және әділ сайлау ешқашан болмаған делінеді. 2005 жылы президент сайлауы тағы бір рет өткізілгенде Назарбаев 91 пайыз дауыс жинағаны айтылған. Халықаралық бақылаушылар топтары сайлау бұрмаланды деп баға берген. Биылғы шілде айынан бері шетел дипломаттарының арасында бірнеше хат таратылды, ол хаттарда 2005 жылы Қазақстанда президент сайлауы өткенде ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел бақылаушыларының пікіріне ықпал жасау мақсатында бірнеше арнайы шара өткізген деп айтылады.
Мәселен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі төрағасы Нартай Дүтбаев 2005 жылы 21 желтоқсанда президент Назарбаевқа жазған хатында «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының халықаралық бақылаушылар тобына ықпал жасау мақсатында бірқатар шара жасадық» деп есеп берген. Хат көшірмесінде көрсетілгендей, бұл құпия құжат болып табылады. Нартай Дүтбаевтың қолы қойылған деп аталатын құжатта ұлттық қауіпсіздік қызметі шетел бақылаушыларын бір-бірімен шағыстыра алды, олардың назарын басқа жаққа бұра алды, тіпті бақылаушылардың жұмыстан бос уақытын пайдалана білді, оларға түрлі демалыс шараларын ұйымдастырды делінеді.
Екінші құжат президент Назарбаевтың хаты деп айтылады. Назарбаевтың хат таңбасы белгіленген құжатта Назарбаевтың қолымен жазылған резолюция бар делінеді, онда халықаралық бақылаушылар тобының қызметі жайында ашу-ызамен жазылған қорытынды бар, «екі жүзді өлшем пайдаланылған» деген жазу бар.
Бұл құжаттар шетел дипломаттарының қолына қайдан келді? «Интернешнл геральд трибюн» және «Нью-Йорк таймс» газеттері жазып отырғандай, хаттарды Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінде істейтін біреу еуропалық дипломаттарға жіберген көрінеді. Алайда, бұл хаттарды алған шетел дипломаттары қызмет тәртібіне сілтеме жасап, аты-жөндерін баспасөзде көрсетпеуді сұраған. «Интернешнл геральд трибюн» және «Нью-Йорк таймс» газеттері құжаттардың қаншалықты шын екенін білу қиын дейді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының халықаралық бақылаушылар тобының бастығы Кристиан Строухел журналистерге жазбаша берген жауабында: «бұл хаттар жайында ешқандай шара қолданбаймыз, мұндай шаруаларды зерттеу күнделікті міндетімізге жатпайды, хаттар мәселесін қарау не қарамау Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саяси басшылығына тәуелді» деді.
Бұл құжаттардың мәселесін қарамаймыз деп Қазақстан президентінің әкімшілігі де жауап қатты, сайлауда дауыс берілетін сенбі күні болғандықтан, бұл күннің алдында сайлау мәселесі бойынша ешқандай саяси мәселені талқыламаймыз деп Қазақстан президентінің әкімшілігі «Нью-Йорк таймс» газетіне сұхбат беруден бас тартты. Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан елшілігінің жоғары өкілі Талғат Қалиев әңгіме туғызып отырған хаттарды «жалған» деп бағалап, хаттарда көрсетілген тәсіл «ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмыс әдісіне» келмейді деді. «Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мақала дайындалып жатқан кезеңде сұхбат беру өтінішімізге жауап бермеді, ал қызметінен кеткен Нартай Дүтбаевты тауып алып, пікірін сұрау мүмкін болмады» деп жазады «Нью-Йорк таймс» газеті.
Міне, 2005 жылы даулы жағдайда өткен президент сайлауынан осындай жаңғырық естіліп отыр. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Орталық сайлау комиссиясының ресми өкілдері бұл мәлімет жайында «Азаттық» радиосына сипаттама бермеді. Шетелдерде дипломаттардың арасында жүрген жұмбақ хаттардың мәселесі қалай бұрылып жатады екен, ол жағын «Азаттық» радиосы, әрине, хабарлап тұрады.