Жексенбі күні таңертеңгі сағат 10-да Алматыда журналистер алдына шыққан Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінен шамамен 5 мыңдай хаттама жинауды жоспарлағанымен, дауыс берудің аяқталғанына 12 сағаттан асып кетсе де көптеген сайлау учаскелері оппозициялық партия өкілдеріне дауыс беру нәтижесі туралы хаттамаларды бермей отырғанын хабарлады.
- Сайлау туралы заң талабын бұзып отырған комиссялармен әлі күрес жүріп жатыр деп, - мәлімдеді партия жетекшілерінің бірі Болат Әбілов.
Оппозициялық партия өкілі Әміржан Қосанов бұл сайлауда Алматы қаласы бойынша өздері жинақтаған деректермен таныстырды.
- Қазірде біздің қолымызда Алматы қаласы бойынша сайлау учаскелерінің 90 пайызының хаттамалары бар. Ондағы деректер бойынша біз 22 пайыздан астам дауыс алып отырмыз. Біз барлық облыстардан хаттамаларды алған соң біздің партия өзінің саяси мәлімдемесін жасайды, - деді Қосанов.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда сенбі күні өткен сайлауда дауыс беруге жұрттың ең аз қатысқаны - Алматы қаласында тіркеліп отыр. Яғни, қала бойынша сайлаушылардың небары 22 пайызы ғана дауыс беруге келген. Сол күні қаладағы дауыс беру учаскелерінде «Exit poll» тәсілімен жұмыс істеген «Ашық қоғам» халықаралық зерттеу мекемесінің қортындысы бойынша, алматылық сайлаушылардың 64 пайызы президентшіл «Нұр Отан» партиясына дауыс берсе, 18 пайыздан астамы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны таңдапты. Оппозициялық партияны қолдаушылар қатарының бұдан екі апта бұрынғы зерттеу нәтижесімен салыстырғанда өсуінің негізгі бір себебі ретінде, ұйым жетекшісі Игорь Кузнецов, дауыс беруге келгендердің арасында негізінен қазіргі тірлікке разы емес оппозициялық көзқарастағы адамдардың болғанымен түсіндірді.
- Ондай адамдар Алматыда тұрғындардың шамамен 15 пайызын құрайды. Олар сайлауға келуді өз міндеті санап, дауыс беруге қатысты. Ал бірақ, бұл жолы сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беруге селқостық танытқан соң, жаңағыдай көзқарастағылардың үлес салмағы дауыс беру нәтижесін өзгертіп отыр, - дейді әлеуметтік зерттеуші Игорь Кузнецов.
Жексенбі күні сағат 11-де Астанада Қазақстаның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының алдын ала қортындысын жария етті. Ресми орган басшысы Қуандық Тұрғанқұлов ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы «Нұр Отан» партиясының 88 пайыздан астам дауысқа ие болғанын, ал басқа 6 партияның ешқайсысы заңмен белгіленген 7 пайыздық межеден өте алмай отырғанын хабарлады. Екінші орындағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия небары 4,62 пайыз алған.
Ал өткен парламент сайлауында Мәжілістен жалғыз орын тиген «Ақ жол» демократиялық партиясына бұл жолы бұйырған дауыс мөлшері 3,27 пайыз делініп отыр. Жексенбі күні «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында «Ақ жол» партиясы жетекшісінің орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов Орталық сайлау комиссиясының жария еткеніне партияның наразы екенін білдірді:
- Ол нәтижемен келіспейміз де, мойындамаймыз да. Барлық жерде жаппай заң бұзушылық, жаппай бұрмалаушылық жасалғаны туралы бізге мәліметтер түсіп жатыр. Соған байланысты біз қазір мәлімдеме жасамақпыз.
Ресми дерек бойынша, 18 тамыз күні дауыс беруге елде тіркелген 8,8 млн сайлаушының 64 пайыздан астамы қатысқан. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымынан Қазақстандағы парламент сайлауын бақылған топтар «сайлау заңға сәйкес еркін және ашық өтті» деп мәлімдеді.
Қазақстан парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліске депутаты сайлауы ел тарихында алғаш рет биыл толықтай партиялық тізім бойынша өткізілді. Сайлау додасына 7 саяси партия түсіп, бір партия оған байкот жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұсынылған Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды сайлау тамыздың 20-сында өтеді.
Парламент сайлауының түпкілікті ресми қортындысы алдағы аптада жарияланбақ.