«Нұрбанктің» іс-түссіз жоғалып кеткен бұрынғы менеджерінің зайыбы Армангүл Қапашева Вена қаласында бұрынғы елші Рахат Әлиевпен кездескендігі туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Бұл кездесу тамыздың 20-күні болуы керек еді. Алайда бірнеше сағатқа созылған жолдың қиындығынан Армангүлдің қан қысымы көтеріліп, жүздесу кейінге қалдырылды. Кездесу тамыздың 21-күні болды» делінген мақалада. «Армангүл Австрияға бір ғана мақсатпен барды – бұрынғы елшіні экстрадициялауды тездету, егер мүмкіндік болып жатса онымен жүзбе-жүз кездесу. – Күйеуім Жолдастың қайда екендігін анықтамайынша қайтпаймын, - деді Армангүл, Вена қаласына түскен сәтінде. Оның пікірінше, Жолдас және Айбар бұрынғы елші Рахат Әлиевтің қамауында отырған болуы мүмкін. – Мен оның көзіне қарап, балаларымның әкесін қайда жібердің деп сұраймын», - депті Армангүл Қапашева «Время» газетінің тілшісіне.
Бұл уақытта Рахат Әлиевтің әкесі Лондонға сапарлап шыққандығы туралы «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайтында жарық көріпті. «Біздің мәлімет бойынша Мұхтар Әлиев тамыздың 20-күні түнде Лондонға ұшқалы жатқан ұшаққа жіберілген жоқ» делінген мақалада. «Әлиев мырзаны орта жолдан тоқтатудың себептері түсіндірілген жоқ. Оның үстіне оны Қазақстаннан шығармауға ешқандай себеп жоқ» деп жазды «ZONAKZ» тәуелсіз интернет сайты.
«Айқын» газеті болса «Аджип» компаниясынан Қазақстанда мұнай өндіруге қатысты лицензия қайтарылып алынғаны туралы жазыпты. «Осыдан біраз бұрын Үкімет елдегі ең ірі мұнай кен орнына қатысты «Қашаған контрактісінің» қайта қаралатындығын мәлімдеген еді. Енді оқиғаның өрбу барысы одан да қатаң сипат алғандығы белгілі болды: тамыздың 21-күні Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов Премьер-Министрге «Қашаған бойынша жұмыстардың мүлде тоқтатылуы мүмкіндігін» хабарлады» делінген мақалада. «Ол ол ма, экологияға жауапты министрлік «Аджип ККО» консорциумына берілген рұқсаттаманы кері қайтарып алыпты. Нұрлан Ысқақовты мұқият тыңдаған Үкімет басшысы Энергетика және минералды ресурстар министріне мән-жайды анықтап, ұлттық заңнамада белгіленген тиісті шараларға кірісуді жүктеді. Әдетте, инвестицияға зәру мемлекеттер шетелдік инвесторлармен арадағы контрактіні қайта қарауға көп бара бермейді» деп жазды «Айқын» газеті.
Бұл уақытта Қазақстанның банк жүйесі қиын күндерді басынан өткеріп жатқандығы туралы «Литер» газетінде баяндалыпты. «АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс салдарынан Қазақстанда туындаған дақпырт, негізінен алғанда қолдан жасалынған. Бұл жерде Қазақстан әлі де болса әлемдік экономикаға толықтай интеграцияланбағандығын айта кету керек. Алайда, тамыздың басында жергілікті қаржы рыногында орын алған бірқатар проблемаларды банктердің дағдарыстан сақтану әрекеті деп түсіндіруге болады» делінген мақалада. «Бизнес-орта идеологиялық тетіктердің экономикаға әсерін барынша тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Жағдайды жақсы жағынан реттеу үшін банктердің несие беру саясатын қайта қарастыру керек. Әрине, қаржыны жылжымайтын мүлікке салу, экономиканың шынайы секторына қарағанда тиімді. Бірақ экономиканы нығайтуы үшін де, банктің тұтынуышылар базасын кеңейту үшін де, экономиканың басқа да салаларына көңіл бөлу қажет» деп түйіндейді «Литер» газеті.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса республикада ипотека жөніндегі пайыз 3,5-ға, ал тұтынушы несиесі – 6 пайызға өскендігіне мән беріп өтіпті. «Бұл жағдайдың тұрғындар үшін қаншалықты әсері барын білу үшін бірқатар банктерге хабарласып көрдік» делінген мақалада. «Банктердің көпшілігі қыркүйек айына дейін ипотекалық несиені беру жұмысын уақытша тоқтатыпты. Ал басқалары несие жөніндегі талаптарды күшейткен. Мәселен, бұған дейін алғашқы жарна 15 пайыз болып келсе, қазіргі күні оның мөлшері екі есеге өсірілген» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.