«Нұрбанктің» іс-түссіз жоғалып кеткен бұрынғы менеджерінің зайыбы Армангүл Қапашева Вена қаласында бұрынғы елші Рахат Әлиевтің үйіне барғандығы туралы мақала «Время» газетінде жарық көріпті. «Тамыздың 21-күні Армангүл Қапашева күйеуі Жолдас Темірәлиевтен хабар білу мақсатында Рахат Әлиевтің үйіне барды» делінген мақалада. «Рахат Әлиев маған Жолдас пен Айбарды қайда тығып отырғандығын айтсын. Одан басқа ештеменің қажеті жоқ, - дейді Армангүл Қапашева. Рахата Әлиевтің үйі Вена қаласының батысындағы 13-ші ауданда орналасқан екен. Үйдің ауданы шамамен 3 мың шаршы метр. Ауланың айналасына бейнебақылау орнатылыпты. Есік қаққанымызда ауланың ішінен күзетші шығып біздің кім екенімізді сұрады, қайтып келіп қожайынның үйде жоқ екендігін айтты. Бұл уақытта Венадағы әріптестеріміз арқылы Рахат Әлиев тұрып жатқан үй 2002 жылғы желтоқсанның 17-күні үш миллион евроға сатып алынғандығын білдік» деп жазды «Время» газеті.
Сонымен қатар, аталған басылым бұрынғы елші Рахат Әлиевтің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатын келтіріпті. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен, Рахат Мұхтарұлы Әлиев, Сізді екінші әкем ретінде құрметтейтіндігімді, мені ауқаттылардың қатарына қосқаныңызға, өз қолыңызбен генерал погонын ұстатқаныңызға және басқа да жасаған жақсылықтарыңызға шын жүректен рахметімді айтамын» деп басталады Әлиевтің хаты. Сонымен қатар, хат иесі өзін Президенттің командасындағы адам ретінде қала беруге ниет білдіріп, оппозициясен де күресуге дайын екендігін жазған. «Егер қажет болып жатса оппозициямен, оның ішінде «арам» Қажыгелдинмен және оның жақтастарымен күресуге қашанда дайынмын» делінген Рахат Әлиевтің «Время» газетінде басылған хатында.
Бұл уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен кездесіп, Рахат Әлиев ісіне қатысты мәлімдеме жасағандығы туралы «Айқын» газетінде баяндалыпты. «Нұрпейісовтің мәлімдеуінше, Бас прокурор Рашид Түсіпбеков Австрия Республикасының федералдық әділет министрі Бергер ханымға хат жолдап, сот ұйғарымына деген наразылығын білдірді. Ол Вена сотының Әлиевке қатысты шығарған шешімін қайта қарау керектігін хатта нақтылап көрсетті. Бір қызығы, елден жырақта өткен сотқа Қазақстаннан бірде-бір ресми адамдар және республикамыздың мүддесін қорғайтын австриялық адвокаттар қатыса алмаған. Өйткені сот оларға сот мәжілісінің болатын уақытын айтпаған көрінеді. Вена қаласының жер соты шығарған шешімінде «бұрынғы елші оппозицияның мүшесі және ол елді батыстық идеяларға итермелеуге тырысқандықтан қуғынға ұшырады» деген пайымдаулар жасаған. Алайда Әлиевтің саясат сахнасында тап осындай қырларынан танылмағандығы белгілі.Қазіргі таңда бұрынғы елшінің үстінен қозғалған іске қатысы бар сегіз адам тұзаққа түсті. Қалғандары іздестірілуде» деп жазды «Айқын» газеті.
Ал «Литер» газеті болса журналист Анастасия Новикованы әдейі өлтірген деген ақпарат таратып отыр. «Журналист Новикова көпқабатты үйдің терезесінен өзі секірмеген, оның өлі денесін терезеден лақтырып жіберген» деп жазды «Литер» газеті. «Бұл туралы ақпаратты аталған басылымға Новикованың мүрдесін сараптамалаудан өткізген кісі хабарлаған. Оның айтуынша, мүрденің жүрек, бүйрек тұсының қанталағаны анықталды. Бұл Новикова тірі кезінде әлдебіреудің соққысынан пайда болуы мүмкін. Әзірге Новикованың дәл неден өлгендігін анықтау мұмкін болмай отыр, - дейді сарапшы. Тағы бір мәлімет, Анастасия Новикова Бейрут қаласында қайтыс болған кезде, Рахат Әлиевтің жақын достарының бірі Вадим Кошляк сол қалада болған. Қазіргі күні Вадим Кошляк тележүршізуші Новикованың өліміне қатысы бар күдіктілердің қатарына жатқызылып отыр» деп жазды «Литер» газеті.