Лариса Асхарова 2001 жылдың 18-ші мамырында болған оқиғаны есіне түсіреді. Ол күні Ресейдің федералды күштері түн ауа Шешенстандағы оның үйіне басып кірген.
“Таң ата біз есікті қатты соққан дауыстан ояндық. Мен кейбір кездері қателесіп келетіндер болатынын білетінмін, мен орнымнан атып тұрып, “қазір тұра тұрыңыз мен келе жатырмын” деп есікті ашуға жүгірдім. Бірақ, әскерлер есікті бұзып кірді. Олар мені қабырғаға итеріп, қаруларын тақап тұрды. Одан кейін олар ешқандай сұрақ қоймастан, бірден жатын бөлмеге барып, менің күйеуімді басып ұстап, қолына кісен салып, басына пластик қапты кигізіп, жерге жатқызып қойды. Сосын аты-жөнін сұраған соң, оны бір жаққа алып кетті”.
Асхарованың айтуынша, кейінірек осы күні әкетілген тағы алты адамның өлі денесі табылған. Бірақ ол үшін жоқтау айтып қайғыратындай тіпті жұбаныш та жоқ.
Әлемде Асхарова сияқты өз туыстарының не өлі не тірі екенінен бейхабар адамдар саны қаншама. Олар жылдар бойы олардың қайда екенін білмейді.
“Қақтығыстар немесе шиеленістің түрлі жағдайлары салдарынан жоғалған адамдар он және жүз мыңдаған болып отыр”, - дегенді айтады жоғалғандарды табуға тырысып жүрген Қызыл крест халықаралық комитетінен Карла Хаддад.
Бұл ұйымның жаңа жарық көрген есебі әлемдегі барлық елдердің өкіметін жоғалып кеткендердің отбасына көмектесу үшін көбірек әрекет жасауға шақырып отыр.
Қызыл крест ұйымының бағалауынша Ирақтың өзін алатын болсақ, елдегі бірнеше жылға созылған қақтығыстар салдарынан оның ішінде, Иран-Ирақ соғысы, Саддам Хуссейн режимі және қазіргі орын алып жатқан шабуылдардан кем дегенде 375 мың адам жоғалған. Карла Хаддадтың сөзіне қарағанда:
“Кейбір кездері әшейін үйден шығып, мәйітханаға туысыңды іздеп барғанның өзі қиын жағдайға қалдырады. Бізде қақтығыс кезінде жоғалып кеткен баласын іздеп шыққан әкесін басып әкеткен оқиға туралы бір әйелдің айтқан оқиғасы бар”.
Тіпті бейбіт жағдай қалыптасқанның өзінде онда жоғалғандарды табу сияқты басқа да кедергілер бар. Олар жаппай көмілген адам мүрделері туралы ақпараттар алу, мәселен, жабық жерлерді ашуға көндіру де болуы мүмкін.
Еуропада Таулы Қарабахтағы қақтығыстан және 1990 жылғы Балқан соғысынан кейін кеткен адамдар әлі бар. Боснияда жоғалғандарды анықтау жайында Халықаралық комиссия жұмыс істеді. Аталмыш комиссия бұл жерде ашқан жаппай көмбелерден табылған құрбандар мен олардың отбасы мүшелерінен ДНК алу арқылы көп мәйітті анықтаған. ДНК-ның арқасында жоғалған 10 мың адам анықталып, комиссия Босниядағы соғыста жоғалған тағы 13 мың адамның кім екенін анықтауға үміт артып отыр. Оны анықтау тек олардың туыстары үшін ғана маңызды емес екенін айтады комиссия мүшелері.
Бұл тұрғыда Халықаралық Қызыл крест ұйымы адамдардың із-түзсіз жоғалмауын азайту үшін ең дұрыс жол қақтығыс кезінде екі тарап та түрмедегі немесе орнын ауыстырған адамдарды тіркеп отыруы тиіс дегенді айтады. Осыған сәйкес, өткен жылдың соңында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мәжбүрлі жағдайда жоғалуға қарсы арнайы конвенция қабылдаған. Қызыл крест ұйымы барлық елдерді сол келісім құжатты бекітуге шақырды.
Қызыл крест ұйымының бұл үндеуіне тағы бір халықаралық ұйым қосылып отыр. Еуропалық Кеңестің парламент Ассамблеясынан Рене ван дер Линденнің айтуынша, ол Шешенстан мен Таяу Шығыстағы көп адамның жоғалғаны туралы олардың отбасы мүшелерімен кездескен.
Алты жыл өтсе де өзінің күйеуінің тағдыры туралы сөз шығып қала ма деп Лариса Асхарова үміт артып отыр. Ол өзінің әлі күнге дейін сол таңда күйеуін әкеткен әскери көліктің нөмірін жатқа білетінін айтады. Бірақ, оны ешкім де білгісі келмейді деп күрсінеді ол.