Кез келген жүйенің өзін-өзі реттеуіш, тәртіпке келтіргіш діңгегі болады деседі. Конституция да сондай кез-келген қоғамды реттеуші діңгек деп танылады екен. Бірақ осы Конституциясы жоқ кейбір мемлекеттер де қазіргі уақытта гүлденіп отыр. Мысалы, Ұлыбритания. Тарихшы ғалымдарда адамзат қоғамының тарихындағы ең алғашқы Конституция сонау Шумерлер заманында, біздің жыл санауымыздан 25 ғасыр бұрын жазылған деген пікір бар. Ал тәуелсіздігін алғалы он алты жыл болып, өтпелі кезеңін басынан кешіріп отырған Қазақстан Ата заңына биыл 12 жыл толып отыр. Соны бүкіл Қазақстан жұртшылығы демалыспен тойлады. Ал осы Ата заңға байланысты қоғамдағы пікірталас, сын, әсіресе оппозиция тарапынан, әлі басылған емес. Десек те, осы кейде қарама-қайшы айтылатын пікірлердің кейбіреулерін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
«Меніңше, Қазақстанның Конституциясы дәл осы күнгі біздің қоғамымыздың даму деңгейі мен біздің халқымыздың саясатты түсіну деңгейіне сай келетін еңбек сияқты көрінеді. Себебі, Конституция декларативті түрде, әйтеуір осылай істелуі керек деген жобасы бар. Өкінішке орай, әрбір азамат осы Конституцияны Құран сияқты жатқа біліп, осы Конституцияның әрбір бабымен өздерін қорғайтын деңгейге жеткен жоқ. Сондықтан халық үшін Конституцияның маңызы, менің ойымша, өз деңгейінде емес», - дейді «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.
Алайда Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, тағы да басқа толып жатқан атағы бар, ал ең негізгісі - осы Қазақстан Конституциясын жасауға ат салысқан, атақты заңгер маман Ғайрат Сапарғалиев «қазақтардың құқықтық сауатсыздығы - өздерінің саяси самарқау салғырттығынан» деген пікірде:
«Барлығын сыпыра Конституцияны оқымайды деуге болмас. Бірақ, Конституцияны білмейтіндер халықтың арасында бар. Ол өздеріне зиян болады. Себебі, олар өздерінің Конституцияда жазылған құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар міндеттерін білмейтін болса, ол заң бойынша әрекет жасай алмайды. Мектептің 9-10 сыныптарында оқылатын «Адам.Қоғам.Заң» деген пән бар, т.б. пәндер бар, бірақ сол пәндерді оқытатын мұғалімдердің өздері кейде Ата заңды білмейді. Міне, мәселе қайда жатыр! Бұған мән бермейді. Бұл, біріншіден - ұят, екіншіден, оның залалы өздеріне тиеді. Кейде көпшіліктің Конституцияны білмеуі – олардың саяси салғырттығының салдары десе де болады. «Ой, қойшы, онда тұрған не бар?» дейді».
Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстан халқының көпшілігі «Конституцияға сенбейтіндіктен оқымауы да мүмкін» екенін айтады.
«Қазақстан Конституциясы, басқа да Орта Азия мемлекеттеріндегі Конституциялар секілді, азаматтардың саяси не азаматтық құқықтарының орындалуына септігін тигізетін құжат боп табылмайды. Қазақстан Конституциясына соңғы енгізілген өзгертулер президент билігінің мүмкіндігін арта түсіп, саяси сахнадағы ойын тәртібін тіпті де өзгертіп жіберді. Бір жағынан жалпы адамзаттық демократиялық құндылықтарға кепілдік беретін сияқты да, екінші жағынан биліктің үш тармағы арасындағы тепе-теңдікті бұзып жіберді. Яғни, бұрындағы парламент пен сот жүйесінің президенттік билікке тәуелділігі сақталды. Ал саяси сипатында авторитарлық сипат басым. Сондықтан Қазақстан Конституциясы осы күйінде көпшілік күткен қажеттіліктерге жауап бере алмаса керек. Екіншіден, биліктің өзі, не осы Ата заңды жасаушылардың өздері Конституцияны жиі бұзады. Бұл заңды түрде қарапайым азаматтардың Конституцияға деген сеніміне сызат түсіреді», - дейді Д.Сатпаев.
Дос Көшім болса Қазақстан Конституциясының көптеген баптары өмірде орындалмайды дегенді алға тартады:
«Мен бір ғана бабын айтайын, ол – отызыншы бап. Онда Қазақстанда орта білім тегін болатынына кепілдік берілетіні жазылған. Бірақ, бәріміз білеміз, мектептерде ақша жинау, жөндеу құрылысына ақша жинау, әлі де толастаған жоқ және ол айтыла-айтыла мезі болған мәселе. Бұл жерде мемлекет Конституция арқылы беріп отырған кепілдігін көре алмай отырмыз. Конституцияның бұзылуының екінші бір мысалы – жақын арада парламентке Ассамблея атынан тоғыз адамның тағайындалуы. Сол уақытта Ассамблея адамдары бір емес, екі бапты қатар бұзды. Біріншіден, «Қазақстандағы бір адам бір ғана дауысқа ие» деген бап бұзылды. Себебі, Ассамблея адамдары екі рет дауыс берді, партияға және өздерінің адамдарына, онымен қоса, «Қазақстандағы барлық адамдар ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай – тең» деген бап бұзылды. Себебі, басқа ұлт өкілдерін сайлау арқылы Конституцияда мүлде жоқ мәселені біз өзіміз шығарып алдық».
Ал, профессор Ғайрат Сапарғалиев Конституция - қоғамдағы барлық келеңсіздікке жауап бермейді, бұған адамдардың өздері кінәлі деген уәж айтады:
«Конституция қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін заң емес, сол заңдардың негізін қалайды. Ал әр салада өзіне арналған, өзінің ерекшелігіне байланысты заңдар бар. Білім саласының да заңдары бар. Егер ол заңдардың талаптары өрескел бұзылып жатса, оған сол салаға жауапты мекеме басшылары, яғни жеке жауапты адамдар кінәлі».
Конституцияға байланысты тағы бір сын пікірінде Дос Көшім «Қазақстан Конституциясына билік өзіне тиімді өзгертулерді енгізумен әуестеніп кетті» дейді.
«Конституцияны біздің билік кез келген уақытта өздерінің бағыттарында өзгерте салады. Мысалы, 1998 жылы бір күннің ішінде 18 бап өзгерді. Егер президентімізге керек болса, ол парламент арқылы Конституцияның кез келген бабын өзгерте алады және биыл ол тағы да өзгертілді. Бұның бәрі халықтың талқылауы емес, сол билікке жақын топтың және парламенттің арқасында. Қысқасын айтқанда, Конституция қазіргі авторитарлық жүйеге қажетті құрал да, ал халық оны түсінетін деңгейге жеткен жоқ».
Бұған байлақысты академик Ғайрат Сапарғалиев төмендегідей түсініктеме береді:
«Қазір жаңа экономиканың негізі қаланып жатыр, әлеуметтік қатынастар өзгеріп отыр. Сондықтан бір қабылданған заң осы мәселелерде пайда болатын проблемаларды бірден шеше алмайды. Сондықтан, ондай өзгертулер өмір талабынан туындайды. Оны біреу «осылай қылып өзгертсек қалай?» дегеннен пайда болатын мәселе емес. Осы өзгерту мәселесі бойынша мемлекет тарапынан үш комссия құрылды. Сол комиссия халықтың пікірінің бәрін жинап, түйіндеп, тұжырымдап, осындай өзгертулер енгізуге болады деген қортындыға келді».
Қорыта айтқанда, Негізгі заң төңірегіндегі қоғамда осындай пікірталастың бітпеуі даму кезеңіндегі қоғам үшін заңды да әрі алдағы уақытта да бола бермек.