Солтүстік Осетияның Беслан мектебінде 2004 жылы 1 қыркүйекте мыңнан астам адам кепілдікке алынған болатын. Соғысушылар көршілес Шешенстанда соғыс тоқтатылсын, Ресей әскері шығарылсын деп талап еткен. 3 қыркүйек күні спортзал маңында екі жарылыс естілген соң Ресей арнайы жасағы шабуылды бастап жіберді де, арада қанды қақтығыс бұрқ ете түсті. Ресми жорамал бойынша қақтығысқа түрткі болған алғашқы екі жарылысты соғысушылар жасады.
Беслан трагедиясында 330-дан астам адам қаза тапты, олардың жартысы балалар еді. Ол оқиғадан кейін үш жыл өтсе де құрбан болғандардың отбасыларының ашу-ызасы әлі басылған жоқ. Олар қайғырып отыр.
Ресми билік Беслан трагедиясына байланысты тек бір адамды ғана сотқа тартып жазалады. Ал оқиғаға немқұрайдылық танытты деп айыпталған үш жергілікті полиция қызметкеріне өткен жылы рақымшылық жасалды.
“Беслан дауысы” тобының басшысы Элла Кесаеваның айтуынша, билік орындары Беслан трагедиясын ұмытқысы келіп отыр.
“Билік Бесланды ұмытқысы келеді, бұған біздің көзіміз жетіп отыр. Билік орындары Беслан туралы ешнәрсе есіткісі де білгісі де келмейді. Біз Ішкі істер министрлігі, Федералды Қауіпсіздік қызметі, армия, прокуратура, және билікпен күресуге мәжбүрміз. Бізді оппозиция ретінде қарастырады. Газеттер бізді қаралауда, біз қоғамнан шеттетілудеміз. Бізді ұмытты. Біздің әлеуметтік және моральдық проблемаларымызбен ешкімнің шаруасы жоқ”, дейді Кесаева.
Ол да Беслан оқиғасында екі жиенінен айырылған.
Кесаева мен Бесландағы басқа адамдардың пікірінше, президент Владимир Путиннің үкіметі ол трагедияның шындығы мен ақиқатын жасыруда.
Сонымен қатар, Ресейдің “Левада” орталығы жүргізген сауалнамаға сәйкес, жауап берген адамдардың 8 пайызы ғана Бесланға байланысты үкімет бүкіл шындықты айтты деп сенеді.
Ал Мәскеуде орналасқан Кавказ бойынша сарапшы Алексей Малашенко мынадай пікірін білдірді:
“Біз Дубровкада орын алған оқиға сияқты Беслан ақиқаты туралы ешқашан білмейтін шығармыз. Ең соңында, билікке жағатын түсіндірме айтылады, себебі тәуелсіз ашық тергеу жүргізілмеді. Бәрі бақылау астында болды”, - дейді сарапшы Малашенко.
Жарылғыш заттар бойынша сарапшы әрі Мемлекеттік Дума депутаты Юрий Савельевтің баяндамасында адамдарды кепілдікке алу дағдарасының қантөгіспен аяқталғанына Ресей әскері айыпты делінген. Савельевтің бұл баяндамасы Беслан дағдарысы мәселесінде пікірталасты көбейтіп отыр.
Ал Беслан құрбандарының туыстары шындыққа қол жеткіземіз деп үміттенеді. Бірақ белсенділердің айтуынша, Ресей билігі оларға қысым жасауда.