«Литер» газеті «Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесудің арқасында ауыл баласы әскери маман атанады» атты мақалада Павлодар облысы Баянауыл ауданында тұратын Абылай Оспанов деген бала президенттің осы облысқа жасаған сапары кезінде оған өзінің әскери маман болғысы келетін арманын айтқанын жазады. «Бүгін ауылдастары «батыр бала» атап кеткен Абылай Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери академияның 7-ші сыныбында оқиды», - дейді «Литер» газеті. «Егемен Қазақстан» газеті Қазақстан президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты тақырыпта интерактивті тақта арқылы оқыған сабағы жайлы баяндайды. Онда мұндай сабақтардың Қазақстан бойынша 1 мың мектепте өткендігі айтылады. Маңғыстау облысынан жолданған хабарда соңғы 1,5 жылда облыстың білім беру саласының бюджеті 6,8 миллиард теңгеден 12,3 миллиард теңгеге өскендігі, соның нәтижесінде жалпы білім беретін 43 орта мектеп мультимедиалық-лингафондық кабинетпен, мектептердің 92 пайызы интернет жүйесіне қосылғандығы сөз болады. «Бір жылда ғана жеті орта мектеп, бір лицей ашылып, бес балалар мекемесі қалпына келтірілді», - деп жазылған «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақалада. Президенттің қатысуымен болған интерактивті сабақ жайын басты мақала етіп алған «Казахстанская правда» газеті де президенттің сабақ барысында Қазақстанда жаңа мектептер салынатындығын айтқандығына тоқталады. «Казахстанская правда» газетінің хабарлауынша, президент «алдағы үш жылда республикада 229 мектеп салынады, олардың ішінде 65-інің іргесі биыл қаланады» деген.
Алайда, «Айқын» газеті болса, кейбір ауыл мектептерінің оқу жылы басталып кетсе де, мектептегі жөндеу жұмыстары дұрыс жүрмей, оқу ісіне кірісе алмай отырғандығына тоқталады. Мысалы, «Күні кеше өздерінің құрбы-құрдастары Елбасымен интерактивті сабақ өткізіп, мәре-сәре болып жатқанда Орал қаласынан таяқ тастам жердегі Подстепное ауылындағы орта мектеп оқушыларының көңілі құлазыды», - деп басталады «Айқын» газетіндегі «Мәні кеткен мектеп немесе мыңнан астам оқушы қайда оқиды?» деген мақала. «Өйткені олар оқитын мектеп онсыз да күрделі жөндеуді қажетсініп, жадап-жүдеп тұрғанына біраз жылдың жүзі болып еді. Есік-терезелерінің алқам-салқамы шығып, үңірейіп тұрған мектеп үйіне қараудың өзі үрейлі. Ел аман, жұрт тынышта, ай мен күн орнында тұрғанда, тура қаланың түбіндегі мектепте жаңа оқу жылы басталмай жатып доғарылады деп кім ойлаған» - дейді газет тілшісі.
Оның айтуынша, «бұл мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, 1984 жылы пайдалануға берілген ғимаратта тап қазір 700-дей шәкірті бар қазақ мектебі мен 400 оқушысы бар орыс мектебі паналап отыр. «Іші-сырты шаң-тозаң, едендері шала-шарпы сырланып, сыр сасыған, есік-терезелері қиқы-жиқы, алқам-салқамы шығып жатқан қос мектептің ең бері дегенде әлі бірнеше апта, бірер айсыз жөндеуге келуі неғайбыл. Сонда ұзынсаны мыңнан аса оқушы бірінші тоқсанды қайда оқымақ?» - дейді «Айқын» газетінің тілшісі. Алайда, газет бұл сауалдарына жергілікті құзырлы орындардан жауап ала алмаған.
«Қазақстан президентінің интерактивті сабағын тыңдаған он мыңдаған оқушы мен мұғалімдер арасында 178 мектеп инспекторлары да болды», - деп жазады «Экспресс К» газеті. Себебі, биыл алғаш рет Алматы қаласында мектеп инспекторлары қызметтеріне кіріскен. ТМД елдерінде алғаш қолға алынып отырған мұндай бастамаға балалар арасында қылмыс түрлерінің өршуі түрткі болған. Мысалы, газетте келтірілген деректерге қарағанда, мұнда құқық бұзушылықтың басым бөлігі мектептер мен соған қарасты аумақтарда болады екен. «Айталық, биылғы жылдың сегіз айында оқушылар 122 қылмыс жасап, олардың 144-і соларға қатысты орын алған. Мектеп аумағында 40 қылмыс жасалған. Кәмелетке жастары толмағандар ісі жөніндегі инспекцияда 1140 бала есепте тұр. Осы құрғақ сандардың артында – тағдыр тәлкегіне түскен жүздеген бала өмірі жатыр», - деп жазады «Экспресс К» басылымы.
«Комсомольская правда» газетінің Қазақстандағы қосымшасы болса, «Сәбилерді азғырғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері ұсталды» деген мақала жариялаған. Онда Шымкент қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жұмысынан жақында ғана босаған бір ер азаматтың екі бүлдіршінді орталықтағы үйдің жертөлесіне алдап апарып, азғырып, келеңсіз әрекеттерге барғандығы баяндалады. Қазір күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.