«Жақын күндері ардақты ресейлік мамандар Қазақстанға кішкентай Хиросима орната жаздады – жаппай қырып жою зымыраны Жезқазғаннан бар жоғы 40 километр жерге түсті», - деп басталады «Экспресс К» газетіндегі мақала. «Егер ол қалаға түссе, онда құрбандар саны мыңдап, жапа шегушілер саны он мыңдап саналар еді. Себебі, қарғыс атқыр «Протон» жаппай қырып жою қаруына жататын 218 тоннадан артық гептил тасыған болатын», - дейді мақала авторы. Ол гепилдің адам организіміне түсуінің кез-келген түрі өте қауіпті екендігіне тоқталады. «Бұл заттың миллиграмының мыңнан бір бөлігі бір литр ауға түссе, кез келген тірі жанды өлтіреді. Егер «Протон» Жезқазғанның бір орталығына құлағанда бұл егеменді Қазақстанның тарихындағы ең қорқынышты күн болар еді», - дейді газет тілшісі. Оның айтуынша, зымырандардың осы түрінің соңғы 9 жылда Қазақстанда 6 рет құлауы ақылға сыйымайды. «Егер «Протон» бұрын елді мекендерден жүздеген шақырым аулақ жерге түссе, енді қала сыртына түсіп отыр. «Келесі рет құласа, енді көздегенін дөп басатын шығар», - деп аяқталады «Экспресс К» газетінде.
Бірақ Ұлттық ғарыш агенттігі «Қазақстан «Протон» зымырынын Байқоңыр ғарыжайлағынан ұшырмайтын болды» деген мәлімдеме жасағанын хабарлайды «Айқын» газеті. «Алайда, бұл «болары болып, бояуы сіңгеннен кейін тым кеш шығарылған шешім емес пе?» - дейді газет тілшісі. «Сенімсіз техниканы қолдануға алғашқы «Протон» құлаған кезде тыйым салу ешкімнің ойына келмеген сияқты. Екінші рет зымырантасығыш Қызылорда облысының аймғанына құлағанда Байқоңырдағылар зымырандар бұдан былай адам денсаулыған залалсыз отынмен ұшыратын болады» деп сендірген еді. Адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса қауіпті зымыранның қатты отыны – гептилді Ресей жағы залалсыз жанармайға үшінші зымыран құлағанша ауыстырған жоқ», - дейді «Айқын» газеті. «Протонның жырын айт!» деген осы мақалада тілші Қазақстан үкіметінің зымырандардың құлауы Қазақстан президентіне қауіп төндірмеу сақтық шараларын қолға ала бастағанын хабарлайды. «Бұдай былай «Байқоңырдан» ғарыштық кемелерді ұшыру сәті президенттің сапарымен сәйкес келмеуге тиісті қадағаланбақ», - дейді «Айқын» газетінің тілшісі. «Егер президенттің сапары бағытында зымыран ұшатын болс, оған дереу тыйым сала алатын құқығымыз болуы тиіс», - деген үкімет басшысы.
«Литер» газеті болса, «премьер-министрдің мәлімдемесіне орай қазақстандықтардың зымыран құлайтын аймаққа бару күн тәртібін жасаған жөн емес пе?» деген тақырыпта сауалнама жүргізеді. Эколог Мэлс Елеусізов «премьер-министрдің президенттің өмірі мен денсаулығы үшін алаңдағанын қоштай отырып, «бірақ үкімет басшысы қарапайым адам туралы да бір ауыз сөз айтуы тиіс болатын» дейді. Себебі, оның айтуынша, гаптилдің бір граммы бір текше километр ауаны улайды. Бұл өте қауіпті деп есептейді эколог.
Ал «Время» газеті зымыранның құлауы Қазақстанға миллиондап кіріс әкелуі мүмкін екендігін айтады. Мысалы, былтырғы жылы жаз айларында Қазақстанда «Днепр» бағдарламасы бойынша 40 тонна жоғары улы отыны бар РС-20 жеңіл зымыраны құлған кезде ресейлік «Космотранс» компаниясы мен сақтандырушылар Қазақстанға 1,1 миллион доллар төлеуге мәжбүр болған. «Алайда, қазір онымен салыстырғанда әлдеқайда көп ақша туралы айтуға болады. Өйткені, «Протонның» ұышырылуы 300 миллион долларға сақтандырылған. Ал зымыранның өзі ұшыру базарындағы аса табысты ауыр зымырантасығыштардың бірі болатын», - дейді «Время» газеті «Протон» сонша құлдырады деген мақалада.
«Время» газетіндегі «Культік сатқындық» деген мақалада пресвитериандық шіркеудің 12 қызметкерінің аштық жариялағанын хабарлайды. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өздеріне қарсы қылмыстық іс қозғағанына наразылық білдірген. Алайда, Қазақстанның діни комитеттер қауымдастығы мемлекеттік сатқындық жасады деген күдікпен ұсталған бір азаматтың осы шіркеуге қомақты қаржы аударуы діни бірлестіктің жұмысын тексеруге түркі болды деген. «Егемен Қазақстан» газетінде Ақмола облысы бойынша 19 діни бірлестік тіркеуден өтпегені анықталып, соларға қатысты прокурорлық шара қолданғаны жазылған. Мәселен, Есіл ауданында «Евангель христиан-баптистер» бірлестінің жетекшісіне ақшалай айыппұл салынып, діни ұйымның жұмысы 4 айға тоқтатылған. Сондай-ақ Степонгорск қаласында да осындай ұйымның қызметі уақытша тоқтатылса, Жақсы ауданындағы бір баптистік ұйымды мүлдем жабуға шешім шығарылған. Сонымен бірге «Егемен Қазақстан» газетінде осы облыста жаз айларында «заңсыз миссионерлік айналысты» деген айыппен бірнеше діни уағыз айтушының елден шығарылғандығы жазылған.