2001 жылғы 11-ші қыркүйектің күн шуақты ауа-райында Нью-Йорк тұрғындары күнделікті жұмыстарына кірісіп, қала басшысының кезектен тыс сайлауында дауыс беріп жатқан. Бірақ, таңғы 8:46-да орын алған шабуылдың төтенше даусы мен әдеттен тыс көрінісі сол күнделікті тіршіліктің шырқын бұзды. Бойнг-757 жолаушылар ұшағы қаладағы көп қабатты биік үйге барлық епкінімен келіп соғылғанда, күтпеген қатты дыбыстан адамдар тосылып қарап, тоқтап қалды. Олар Бостаннан келе жатқан 11-ші рейстегі американ әуе жолының ұшағы 417 метр биіктіктегі Дүниежүзілік Сауда үйінің солтүстік мұнарасына келіп соғылғанына куә болды. Биліктің айтуынша, ол ұрланған ұшақтың ішінде 49 жолаушы мен ұшақ қызметкерлері болған. 11-ші қыркүйектегі басып әкетілген ұшақтарды Мохаммед Атта деген жетекшілері басқарған.
Сол сәтте көшеде жүрген деректі фильм жасаушылар бұл күні ұшақтың солтүстік мұнараға қалай келіп соғылғандағы өздерінің алған әсері мен Манхэттан көшесіндегі айқай-шуды былай жазып алған:
«Ұшақтың үшкір басы 110 қабатты биік ғимараттың 99-шы қабатынан 94-ші қабатына дейін жарып кіргенде, ұшақтың мыңдаған литр жанар майы ол жерді бір сәтте өртке орады».
Ғимараттың жарықшақтары мен сынған әйнектер және кеңсе қағаздары көшені жауып қалды. Аздаған минуттардан кейін көшедегі көріністер СНН арқылы әлемге көрсетілді:
«Бұл дәл қазір сіздер өте үлкен алаңдаушылық тудырған қатты соққыны көріп тұрсыздар. Ол Дүниежүзілік Сауда Үйі және бізде бүгін таңертең Дүниежүзілік Сауда Үйінің бір мұнарасына ұшақ келіп соғылғаны туралы нақтыланбаған хабарлар бар».
Алғашқыда бұл көріністер ең жаман ұшақ апаты сияқты болып көрінді. Нью-Йорк полициясы мен өрт сөндірушілері апат болған жерге ағылды. Жедел-жәрдем көліктері де сол алаңнан табылып, барлық телеарналар тікелей ефирде оқиға орнынан хабар көрсетіп жатты. АҚШ-тың ABC телеарнасының тілшісі солтүстік мұнараға соғылған ұшақ шабуылына қатысты жағдайды суреттеп жатқанда, Дүниежүзілік Сауда Үйінің 415 метрлік биіктіктегі оңтүстік мұнарасындағы 84-ші қабатпен 78-ші қабат арасына екінші ұшақ келіп соғылды. Ол кезде сағат 9-дан 3-минут кеткен, алдыңғы ұшақтан 17 минуттан кейін соғылып отыр.
Екінші ұшақ Біріккен әуе жолдарының 175-ші ұшағы да 53 жолаушысымен Бостоннан шыққан. Деректерге қарағанда, бес адам ұшақты басқаруға алып, оны Дүниежүзілік Сауда Үйіне бағыттаған. Осыдан кейін барып, ұшақтардың террористер қолына түсіп, олардың ойластырылған шабуылы екені анықталды.
Бұл сәттерде АҚШ президенті Флоридадағы мектепте жаңа үкіметтің алғашқы қадамдары туралы сөйлесіп жатқан. Президентке алғашқы ұшақтың соғылғаны туралы хабарланғанда, ол апатты жағдай болды деп қабылданып, мектептегі сапарын жалғастыра берген. Аздаған уақыттан кейін оның басшысы Эндрю Кард оқушы балалардың арасында отырған президенттің құлағына сыбырлап, “Президент мырза, тағы екінші ұшақ Дүниежүзілік Сауда Үйіне соғылды. Америка шабуыл астында” деп айтқан.
9-дан 29 кеткенде мектептен шығар алдында Буш бұл шабуылдар туралы өзінің алғашқы қоғамдық мәлемдемесін жасады:
«Мен вице- президентпен, Нью-Йорктің басшыларымен, Федералды тергеу бюросының басшысымен сөйлесіп, оларға федералды үкіметтің барлық көздері құрбан болғандар мен олардың отбасына көмектессін деп, және бұл шабуылдардары жасағандарды іздеу шараларымен кең көлемді тергеу жүргізуге нұсқау бердім. Терроризм біздің халқымызға қарсы тұра алмайды».
Десе де шабуыл онымен біткен жоқ. Террористер басып алған үшінші америка әуе жолының 77-ші бағытындағы ұшағы сағат 9.39-да Уашингтонның халықаралық Даллес әуежайынан 63 жолаушымен шығып, АҚШ Қорғаныс департаментінің бас пәтері Пентагонға құлады. Бұл жерде ғимаратта және ұшақта болған жалпы 125 адамдай қаза болды.
Бұл арада Нью-Йоркте жүздеген өрт сөндіруші Дүнижүзілік Сауда Үйі мұнараларына көтеріліп, адамдарды құтқаруға әрекет етіп жатты. Бірақ, өрттің ыстық ауасы мен түтін төменгі қабаттағы адамдардың шығуына көп қиындық әкелді. Сол жерде болғандардың бірі:
“Онда адамдар терезеден секіріп жатыр. Мен өзім кемінде 13-14 адамның терезеден секіргенін көрдім. Бұл өте қорқынышты. Мұндай жағдайдың болғанына сене алмаймын”-дейді оқиға орнында болғандар.
Сосын сағат 10.05-те белінен алапат өртке оранған Дүниежүзілік Сауда Үйінің оңтүстік мұнарасы құлады. Ыстық жалын мен ғимараттың күлі көкке көтеріліп, мыңдаған адам аман қалу үшін Манхэттанның төменгі жағына қарай қашты.
Бұл оңтүстік мұнара құлаған бес минуттан соң, елдің шығысындағы Пенсильвания штатындағы әуеде өмір мен өлім арасындағы күрес жүріп жатты. Онда төрт террорист Құрама Штаттардың әуе жолының 93-ші бағытындағы 38 жолаушысы бар Нью-Джерсейден Сан-Францискоға шыққан ұшағын басып алып, оны Ақ Үйге соқпақшы болған. Бұл ұшақтағы жолаушылар қол телефондарымен туыстарына телефон шалып, Нью-Йорктегі шабуылдар туралы естіген. Сөйтіп, хабарларға қарағанда жүргіншілердің аздаған тобы ұшақты басып алған террористерге қарсы шығып, бұл ұшақтың да бомба ретінде қолданылуына кедергі жасаған. Сосын ол ұшақ Пенсильвания штатының кішкентай қаласының сыртында орманды жерге құлады. Билік бұл ұшақтағы жолаушылардың кедергі жасаған әрекеті Ақ Үйді соққыдан сақтады деп санайды.
Тағы да Нью-Йоркке оралатын болсақ, күшті өрт Дүниежүзілік Сауда Үйінің солтүстік мұнарасын да толығымен қиратты. Оның үйіндісінен шыққан күл мен жалыннан адамдар топырлап, жан-жаққа қаша бастады. Бұл жерде 2800-ден аса адам қаза тауып, 343 өрт сөндіруші мерт болды.