«Нұрбанктің» бұрынғы басқарушылары Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлауға қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген екі адам - Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің оққағарлары - Айдар Бектібаев пен Сергей Кошлай дүйсенбі күні Алматы қаласында журналистер алдында мәлімдеме жасады. Екеуінің атынан жазылған мәлімдемені оқыған Айдар Бектібаев Отандарына өз еріктерімен оралып, «Нұрбанк» ісіне қатысты тергеу орындарының барлық сұрақтарына жауап беруге өздерінің әзір екенін айтты.
«Өкінішке орай, тағдырдың жазуымен Әлиевтің қоластында қызметте жүрген кезде оның тарапынан жасалған заңға қайшы іс-әрекеттердің дер кезінде алдын алмадық», - деді Бектібаев.
Бұдан былай Рахат Әлиевке бағынбайтындарын айтқан оның бұрынғы оққағарлары Австрияда бұларға Рахат Әлиев тек өзіне ыңғайлы ақпаратты ғана беріп отырғанын енді ғана білгендерін айтады.
«Ол бізді ғана емес, істің нақты мән-жайын Австрияның заң орындарынан да әдейі жасырып, шатастырды. Бұл үшін ол Австрия қоғамындағы өзінің жеке және ресми байланыстарын, соның ішінде ықпалды бизнесмендердің көмегін пайдаланды», - деді Айдар Бектібаев.
Бірнеше айдан бері Қазақстан тарапынан халықаралық іздеуде жүрген бұл екеуі Австриядан Қазақстанға қалай келіп жетті деген сауалға Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов келесідей жауап берді:
- Олардың айтуы бойынша, олар Қазақстанға жету үшін өздерінің жеке таныстарын пайдаланған. Және де оларда басқа аттарға жазылған бірнеше паспорт бар болуы мүмкін...
Қазақстан Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, Бектібаев пен Кошлай қыркүйектің 17-күні түске дейін Алматы қалалық полиция департаментіне өз еріктерімен келген. Олар сол күні журналистер алдында жасаған мәлімдемені биылғы жылғы қаңтар айының соңында «Нұрбанктың» бұрынғы қызметкерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың ұшты-күйлі жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша «жауапкершіліктен қашу емес, өз ар-абыройларын қорғау мүмкіндігін пайдаланып, жақын-туыстарының бетіне тайсалмай қарау ниетінен туған қадам деп қабылдауды» сұрады. Мәлімдемені қағаздан көз алмай оқып берген соң Бектібаев пен Кошлайды полицейлер алып кетті. Себебі, олар қылмыстық істе әлі күнге дейін күдіктілер болып саналады дейді полиция өкілдері.
«Нұрбанк» ісіне байланысты Қазақстанның заң орындары биылғы жылғы мамыр айында Қазақстанның Австриядағы сол кездегі елшісі боп тұрған Рахат Әлиев пен оның төңірегіндегі тағы бірнеше адамға қарсы қылмыстық іс қозғап, оларға халықаралық іздеу жариялаған болатын. Сол бойынша, маусым айының басында Австрияның астанасы Вена қаласының полициясы Рахат Әлиевпен бірге оның серіктері Айдар Бектібаев, Сергей Кошлай, Виктор Сапожников және Вадим Кошлякты ұстады. Алайда, көп ұзамай Әлиев кепілге 1 млн еуро ақша төлеп және өзінің ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен бостандыққа шықты. Сондай-ақ қалған 4 адам да жүздеген мың еуро ақшаны кепілдікке қойып қамаудан босатылды. Ал тамыз айында Вена соты Әлиев пен оның серіктерін Қазақстанға еркінен тыс қайтарып бермеу туралы шешім шығарды.
Қазір Рахат Әлиевпен бірге Еуропада Виктор Сапожников пен Вадим Кошляк бас сауғалап жүр. Әлиев бұған дейін баспасөз арқылы таратқан мәлімдемелерінде «Нұрбанктың» жоғалған екі қызметкері – Темірәлиев пен Хасеновтың қайда екенін өзінің білмейтінін айтып, оларды ұрлағаны жөнінде өзіне жала жауып отыр деп Қазақстанның заң орындарын айыптаған болатын.
Кейбір бақылаушылар Әлиевті шетелден қайтара алмаған күннің өзінде Қазақстан жағы заңға сәйкес оны сырттай соттай алады және қылмыстық іске қатысты тағы екі куәгердің келуі тергеу ісін сотқа тапсыру мерзімін жақындата түседі деген болжам айтады.