Анна Политковскаяның қасақана өлтірілуі туралы сұрақ қойылғанда Ресей президенті Владимир Путин "ол тек журналистік ортада белгілі болды, адам құқықтарын қорғау саласында белгілі болды, Ресей саяси өміріне ықпалы шамалы болды" деген еді. Путин бул журналистің еңбегінен көрі, ажалы кеңінен белгілі деп сипаттады. Путин бұл жерде Ресей ресми қызметкерлерінің әдеттегі сөзін қайталап отыр. Мәселен, федералды қауіпсіздік қызметінің өкілі Илья Шабалкин "Новая газета" басылымы және газет тілшісі Анна Политковская Чешенстан тақырыбын ақша табу кәсібіне айналдырды деген. Билік өкілдері Анна Политковскаяның жеке тұлғасын жағымсыз көрсететін, ол оқырманға ықпал жасамайтын, ақша қуып кеткен журналист болатын дейді.
Бірақ Анна Политковскаяны жеке танитын адамдар бұл өте адал кісі болған дейді. Мәселен, Чешенстанда қаза тапқан Ресей батырының жесірі, Мәскеуде тұратын Марина Кондратьева былай дейді:
- Шынын айтсақ, біздің қоғамда коррупция қатты асқынып, қоғам шіріп кетті. Парызыңды адал атқаруға болады, міндетіңді адал атқаруға болады деген ұғым көптеген адамның санасына кірмейді. Тек ғана адал жұмыс істеу емес, ар-ұятты алға қойып істеу деген. Ол тек журналистік парызын адал атқарған жоқ, ол азамат ретінде парызын адал атқарды, мемлекеттің жарға құлауына аз қалғанын білді. Бізде азаматтық сана-сезім толығымын жоқ. Ол азаматтық сана-сезімді оятқысы келді.
Анна Политковская адал, батыр адам болды дегенді Башқортостанда орналасқан Благовещенск қаласының журналисі Вероника Шахова да айтып отыр. Анна Политковская 2004 жылы желтоқсанда Благовещенск қаласының милициясы жасаған көше зұлымдықтарын зерттеген, сол кезде Вероника Шахова оған мәлімет жинауға көмектескен. Анна Политковская ақша қумаған, ол әділет жағында жүретін, сол үшін қауіп-қатерге баратын, дейді Дағыстан тұрғыны Мовлади Соипов. Ол Анна Политковскаямен Чешенстанмен шекаралас Дағыстан аудандарында кездескен болатын:
- Гранттарды оған басқа жолмен де алуға болатын еді, грант алу біздің елде қиын шаруа емес. Грант алу үшін оқ астына түсу шарт емес, ол басқа шаруа. Ол ерекше адам болатын, мұның барлығы оның жанында, санасында тәрбиеленген болатын. Әлемнің бір жерінде әділетсіздік орын алып жатса, заңсыздық орын алып жатса, ол қарап отыра алмайтын, іске белсенді араласатын, оның тәрбиесі сондай еді. Мүмкіншілігі мен шамасына қарап ол мұнымен күресетін. Ол өз басын қауіп-қатерге салып, тәуекелге баратын. Меніңше, мұндай адамдар сирек кездеседі.
Анна Политковская Мәскеу театрында адамдарды кепілдікке алу дағдарысын да жазды, Беслан дағдарасын да кеңінен жазды. Ресей ресми өкілдері Анна Политковская өз мақалаларында чешеншіл бағыт ұстанатын деп айыптайтын. Беслан дағдарысының құрбаны, негізіненен чешендерден жасақталған қарулы топтан зардап шеккен Элла Кесаева былай дейді:
- Мұның бәрі шын емес. Ол жаугерлерді қорғаған жоқ, ол нақты адамдарды қорғады. Ол нақты адамның аты-жөнін алып, тарихын зерттеді, әр адамның трагедиясын зерттеді деп айтса болады. Ол өзі ешқандай қорытынды жасамады, ол тек ғана нақты мәлімет беретін, кереметі сонда болатын. Қорытындыны біз, оқушылар, өзіміз жасайтынбыз. Меніңше, ол ешқандай жаугерлерді қорғаған емес. Ол нағыз журналист ретінде ісін ашық та адал атқарды. Чешен халқы мен барша Кавказ үшін оның орны толмас. Ол тірі болғанда өмірінің соңына шейін тынбаушы еді. Ол күәгерлік жасағанда ел басшылығындағы көптеген тұлға сазайындарын тартатын еді. Оның ішінде Беслан мәселесі де бар.
Анна Политковскаяны білген, онымен кездескен адамдар бұл ісіне адал журналист болған еді, әйел басымен қауіп-қатерден қорықпайтын тұлға еді дейді.