«Мая тәтенің лашығы» атты «Время» газетінде жарияланған мақалада Алматы маңындағы Қарасу ауылында тұратын Мая Әбенова Астанаға Парламент депутаттарынан араша іздеп кеткен кезінде, оның үйін сот орындаушылары жермен-жексен еткені баяндалады. «Үй бұзушылар тіпті оның дүние-мүліктерін далаға шығарып та әуреленбеген. Бүгінде оның бүкіл заттары үйілген күл-қоқыстың астында қалған», - дейді «Время» газетінің тілшісі. Үйді құлатқан кезде Маяның ұлы жұмыста болғандықтан, екі күн бойы оның машинада түнеуіне тура келген. «Енді Маяның баратын жері жоқ – бәлкім, енді ұлымен машинада тұратын шығар», - деп мақаланы қорытындылайды «Время» газетінің тілшісі. Газет мәліметтеріне қарағанда, қарасулық Мая Әбенова үш сотық жер телімін 2005 жылы Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімшілік шешімімен алған.
«Алматыша тазалау» атты «Свобода слова» газетіндегі мақалада жер учаскелерінің тартып алынуына байланысты Алматыда қайшылықты жағдайдың белең алып отырғаны жазылады. Мысалы, Алматыдағы Әл-Фараби мен Розыбақиев көшелері маңындағы 69 үйдің тұрғындары сот шешімімен баспаналарынан күшпен шығарылу қарсаңында тұрғандарын баяндайды «Свобода слова» газеті. Тұрғындар құрылыс компанияларының оларға беріп отырған өтемақысына пәтер сатып ала алмайтындықтарын айтады. «Олар «әкімшіліктің мемлекет мұқтаждығынына жер алу туралы конституцияға қайшы қаулысын алып тастау бойынша қыркүйектің 20 күні шеру өткізуге өтініш берген», - деп жазады «Свобода слова» газетінің тілшісі. Оның айтуынша, «тұрғындар қақпаның алдында қаз-қатар тұру арқылы сот орындаушыларға өз күштерімен тосқауыл қойып, екі отбасының үйлерінен күшпен шығарылуына жол бермеген. Азаматтар әрі қарай да өз құқықтарын қорғау мақсатында радикалды әдіс-тәсілдерге баруға дайын», - деп жазады «Свобода слова» газетінің тілшісі. Сонымен бірге мақалада тұрғындардың жергілікті әкімшіліктің жеке меншікті тартып алу әрекеттеріне байланысты Қазақстан президентіне хат жолдағандары айтылған. Ал осы басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Қазақстан президентінің жер дауына байланысты қарапайым азаматтардың мұң-мұқтаждарына әлі бірде-бір рет назар салмағынын жазады. «Бес жыл бойғы жергілікті әкімшілік пен құрылыс салушылар жасап жатқан бейберекетсіздікті ол тоқтата алар еді ғой», - дейді газет редакторы. Гүлжан Ерғалиева сонымен бірге «Назарбаевтың өгей балалары» деген мақалада президентті Алматы маңында заңсыз құрылыс нысандарының салынуы да аса толғандырмайтынын жазады. «Әйтпесе, неге ол Алматы әкімшілігінің тұрғын үй саясатымен келіспейтіндігін білдірген жүздеген адамдардың, қоғамдық ұйымдардың арыз-шағымдарына соншалық үнсіз қалды?» - дейді «Свобода слова» газеті.
Гүлжан Ерғалиева өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласы маңындағы құрылыс нысандарын тексеруге үкіметтік комиссияны жіберудегі мақсат «әкім Тасмағамбетовтің сазайын тарттыру» дейді. «Мысалы, комиссия мүшесі болып оңтүстік астананың әкімі қызметінде ұзақ отырған Виктор Храпунов тағайындалды. Барлық жерге қатысты істер соның тұсында болды емес пе?» - дейді «Свобода слова» газетінің бас редакторы.
«Тасжарған» газеті алғашқы бетінде «Шаңырақ» шайқасы аяқталған жоқ» деген мақала жариялайды. Онда «Шаңырақ» ісі бойынша сотта басты жауапкерлердің бірі Арон Едігеевтің сөзі беріледі. Онда Арон Едігеев өзін айыпты деп санамайтындығын айтады. «Барлық кінә билікте отырғандарда: қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовте, Қазақстан ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановта. Маған 25 жыл берсеңіздер де, ату жазасына кессеңіздер де айтқаным айтқан, өз сөзімнен таңбаймын» депті «Шаңырақ» ісі бойынша сотқа тартылып отырған азаматтардың бірі – Арон Едігеев «Тасжарған газетінде жарияланған соңғы сөзінде. Ал «Шаңырақ» ісі бойынша қоғамдық қорғаушылардың бірі Жасарал Қуанышәлі «Тасжарған» газетінде прокуратура 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отырған Арон Едігеевтің полицейді өлтіруге қатысы жоқ екенін дәлелдейдін куәгерлер бар екенін алға тартады. Оның айтуынша, жәбірленушілердің бірі тергеуші Шманов Арон Едігеевтің «полиция мен тұрғындар арасында таяққа сүйеніп, бірдеңелер айтып жүргенін көргенін, бірақ адамды өртеуге оның қатыспағанына» куәлік еткен.
«Түркістан» газеті «жерді заңсыз басып алудың көбейіп бара жатуының себебі - әлеуметтік теңсіздікте» екендігін жазады. «Заңға әрбір тұрғынның 10 сотық жерге тегін иелік етендігін жазып қойдық. Бірақ ол Алматы мен Астанада жүзеге аспайтын Қаулы болып шықты», - дейді Есенгүл Кәпқызы «Түркістан» газетінде. Оның ойынша, «билік тармақтары әлеуметтік теңсіздікке көз жұма қарап, кез келген мәселеде қарапайым тұрғындарды кіналап шығады. Халықтың қордаланған ашуының бұрқ етуінің соңы алаптақа айналатындығын 1986-шы жылғы оқиға дәлелдеп берген жоқ па?» - дейді «Түркістан» газеті бейсенбілік санында.