Қырғызстан мен Тәжікстанда шамалы ғана көлемде мұнай болғанымен, оларда табиғи газ мүлдем жоқ. Бірақ есесіне мұнай мен газға бай Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан су алатын өзендердің басым көпшілігі Қырғызстан мен Тәжікстанда бастау алады. Мәселен, атақты Сыр Дәрия өзені Тәжікстанда басталады, Шу өзені Қырғызстан жақтан толып келеді. Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері өзен суларын пайдаланатын көршілеріміз ақысын төлесін деп мәселе көтереді ара-тұра, су қоймаларын жөндеуге қаржы шығарсын деп талап қояды ара-тұра.
Қырғызстан мен Тәжікстан басшылары Бишкектегі кездесулерінде гидроэлектростанциялардың өнімдерін ұлғайтуға келісті. Бұл жерде олар тек электроэнергия саудасын ұлғайтуды көздеп отырған жоқ, олар Өзбекстаннан келетін табиғи газға тәуелділікті қысқартуды көздейді.
Екі көршілес мемлекет алдағы екі жылда Орталық Азия елдерін Оңтүстік Азиямен жалғайтын үлкен жол салынады деп үміттеніп отыр. Тәжікстан президенті бұл жайында былай деді:
- Тәжікстан мен Қырғызстан қатынас тұйығынан шыққысы келеді. Орталық Азиядағы географиялық жағдайдың ерекшелігінен екі ел де тұйықта отыр. Қатынас тұйығынан шығуға ұмтылуымыз керек, себебі болашақта елдеріміз даму керек, халықтың тұрмыс деңгейі жақсару керек. Алдағы екі жылда Сарытош күре-тамыр жолына қосылатын жол салынады, оған 150 миллион доллар шетел инвестициясы жұмсалмақ. Бұл жол Қырғызстан, Қазақстан, Ресейді және басқа мемлекеттерді Тәжікстан арқылы Оңтүстік Азияның жылы суларына шығарады. Екінші жағынан қарағанда, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан және Иран осы жол арқылы сауда жасай алады, әріптестік жасай алады.
Қырғызстан солтүстігінде Қазақстанмен шексессе, оңтүстігінде Өзбекстан мен Тәжікстанмен шектеседі. Тәжікстан мен Қырғызстанның ортақ шекарасы 970 километр екен. Оның жартысы, нақты айтқанда 490 километрі әлі нақтыланбай жатыр, келіссөз әлі жүріп жатыр. Таулы аймақтарда өтетін шекара нақтыланбай жатса да, екі тараптың жергілікті әкімшіліктері шекара бекеттерін де қойып тастаған болатын, шекарашылар ары-бері өтетін халықтан пара талап етіп, дау шыққан жағдайлар да көп болған. Шекараның нақтыланбай жатқаны, белгіленбей жатқаны қауіпсіздікті қамтуға да нұқсан келтіріп жатыр.
Осы келіссөзде Тәжікстанның Жергетал ауданында ежелден тұратын қырғыздардың мәселесі және Тәжікстаннан босып келген қырғыздардың да мәселесі сөйлесілді. Қырғызстанда жасайтын тәжіктердің де құқықтық жағдайын шешу келісілді. Қырғыз президенті Құрманбек Бақиев бұл жайында былай деді:
- Қоныс аударған азаматтардың құқықтарын қорғау және көші-қон барысын реттеу жайында қол қойылған құжат Тәжікстандағы этникалық қырғыздарға және Қырғызстандағы этникалық тәжіктерге көмектесу жайында біркелкі мемлекеттік саясат жүргізудің негізгі құралы болып табылады.
Тәжікстанда қазір 65 мыңдай қырғыз жасап жатыр. 1990 жылдары Тәжікстанда азаматтық соғыс болғанда 40 мыңдай қырғыз Тәжікстаннан босып келген. Олардың көбі Қырғызстанда қалды, бірақ олардың құқықтық дәрежесі осы күнге дейін белгіленбей келеді. Осы мыңдаған бұрынғы босқынға енді қырғыз азаматтығы берілмек.