Accessibility links

Қазақстан ресмилері ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ұсынысын алға тартқанда айтылған сындарға мән бермей отыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің 2009 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету ұсынысын соңғы алты жыл бойы белсенді түрде алға тартып келеді. Орта Азиялық жетекші өткен жұмада ұйымның Венадағы Тұрақты Кеңесі алдында Астананың мүддесін қорғасын деп өзінің мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевты жіберген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на қатысушы 56 елге осы ұйымның талаптарына сай, Қазақстанда адам құқықтары мен еркіндігін бағалау үшін толық кепілдік жасап жатқанын көрсететін екі ай уақыты болған.

Өткен жылы Брюссельде ЕҚЫҰ-ның 56 сыртқы істер министрі Қазақстанның ұйымға төрағалық ету ұсынысын кейінге қалдырып, Астанаға елдегі демократия мен адам құқықтары жағдайын жақсартуға уақыт берген болатын. Десе де Қазақстанның төрағалық ету ұсынысы туралы ақырғы шешімді ЕҚЫҰ-ның министрлер кеңесі қарашаның 29-ында Мадридтегі кездесуде жасайды деп жоспарланып отыр. Ресми Астананың ұсынысын бекіту шешіміне ұйымға қатысушы 56 елдің бәрінің бірдей қолдауы қажет.

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның тұрақты Кеңесінде сөйлеген сөзінен кейін ақпарат құралдарына айтқанында, өз елінің ұйымға 2009 жылы төрағалық ету ұсынысы осы жылдың аяғына дейін қабылданады деген сенімін білдірді. Саудабаев журналистерге айтқанында өзінің баяндамасынан кейінгі талқылаулар, ЕҚЫҰ-ның Қазақстан үшін әділ де дұрыс шешім қабылдайтындай өте мықты оптимизм танытты деп айтты. Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев осы жылдың ішінде Астананың ұстанымын қорғап Венаға келген жоғарғы деңгейдегі үшінші өкіл болып отыр.

Оған дейін сәуір айында Венаға Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин барған. Оның соңынан шілде айында осы мәселемен Австрияда елдің Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев болды. Осы айдың басында ЕҚЫҰ-ның негізгі шешімдерді қабылдайтын мекемесіне Марат Тәжин келіп, сөз сөйлеуі тиіс болған, бірақ белгісіз жағдайлармен оның сапары кейінге қалдырылды. Одан кейін президент Назарбаев жоғары дәрежелі ресми адамы әрі тәжірбиелі дипломат Қанат Саудабаевты Венаға жөнелтуді шешкен. Сөйтіп, Қазақстан президенті өз елінің ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ұсынысының маңыздылығын тағы бір рет білдіріп отыр. Ал, ұйымның Тұрақты Кеңесінде сөйлеген сөзінде, Саудабаев ЕҚЫҰ-на мүше елдердің Астананың ұйымға 2009 жылы төрағалық ету ұсынысына қарсы айтқан пікірлеріне аса мән бермеді. Ол өз елін ЕҚЫҰ-на жетекшілік етуге лайық деп әбден сендіргісі келді.

Бірақ, халықаралық бақылаушылар мен бірқатар елдер Қазақстан ұйымға төрағалық етуге әлі дайын емес деген сынмен, ол үшін алдымен Қазақстан ЕҚЫҰ-ның демократия құндылықтарын қабылдап, халықаралық міндеттемелерге сай, адам құқықтары мен елде демократия орнатуы керек деп келеді және олар Қазақстандағы сайлауларға қатысты алаңдаушылықтарын алға тартады.

Мәселен, ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі басшысы Любомир Копай, Қазақстанда 18-ші тамызда өткен парламенттік сайлаулар туралы былай деген.

“Менің бақылаушы болған қызметім барысында, ешбір демократиялық елдегі парламентте бір ғана саяси партияның болғанын ешқашан көрген емеспін”-деген.

Ал, жаңа сайланған депутат Камал Бұрқанов болса, “Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мүмкіндігі өте мықты әрі салмақты. Сайлаулар біз жоспарлағандай өтті. Негізінде, халық дауыс берді, өз қалауларын білдірді. Бұл олардың құқы және ол қасиетті. Дауыс берушілердің көбі дауыс берді, сондықтан мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне ешқандай кедергіні көрмей тұрмын десе, парламенттік сайлауда жеңіліске ұшыраған партияның қатарында болған социал демократ Әміржан Қосанов “Тамыздағы сайлаулардан кейін әлбетте, Қазақстанның ЕҚЫҰ сияқты ықпалды халықаралық ұйымға басшылық ету мүмкіндігі азайды”, - дейді.

Осы аптада Варшавадағы ЕҚЫҰ-ның кездесуіне АҚШ делегациясын бастап келген елші Ричард Уильямсон Азаттық радиосына айтқанында, Уашингтон Қазақстанның ұйымға төрағалығын 2011 жылы ұсынуды қарастырып жатыр деген. Оның сөзіне қарағанда, бұл ұсыныс Астананың алда демократияға қатысты прогресін жасауына мүмкіндік береді.

Ал керісінше, Ресей мен ТМД елдері Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалы еткенін қолдайды.

Бұл тұрғыда сәуір айында Астанадағы семинарда ЕҚЫҰ-ның Ресейлік елшісі Алексей Борадавкин Астананың ұсынысынан бас тарту барлық қатысушы елдердің теңдігін ұстаймыз дейтін ұйымның негізгі принциптеріне қайшы келеді деген. Бородавкин сонымен қатар, Қазақстанның төрағалық ету ұсынысына қарсы болып отырған елдерді айыптап, олар басқа елдерге қалай жүруді, ішкі саясатын қалай құруды және қалай демократияны алға жылжытуды үйретеді деді. Оның ол сөзіне сүйенген, Саудабаев қыркүйектің 20-сындағы сөзінде ЕҚЫҰ-ның алдында “ұйымның бәрімізге ортақ екенін нағыз көрсететіндей” жекелеген мүмкіндік тұр деді. Саудабаевтың мұндай өз елін алға тартып күш салуына қарамастан, Қазақстандағы саяси дамулар басқаша көрініс беріп, оған қатысты ресми Астананың төрағалық етуіне қарсы айтылған уәждер көбейіп, Орта Азиялық бұл елдің нағыз демократияға қадам басуы керек деп отыр.

Қазақстанның ұйымға төрағалығына қатысты қарсылықтарға негіз болған, мамыр айында парламенттің конституцияға өзгеріс енгізіп, 1-ші президентке қалағанынша сайлауға түсуіне мүмкіндік бергенімен, тамыздағы парламенттік сайлауларда мәжілістің 98 орынын тек президенттің Нұр-Отан партиясы иеленгені болып отыр.
XS
SM
MD
LG