Грузия мен Ресейдің қарым-қатынасын ушықтырып кеткен ең бір соңғы жағдай Грузияның бөлініп кеткен Абхазия аймағындағы орманда орын алды. Онда өткен аптада Грузия күштері екі орыс әскериін өлтірді делінген еді. Грузия президенті Михаил Саакашвили 26-шы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 сессиясында сөйлеген сөзінде бұл оқиғаның заңсыз кірген адамдарға қарсы жасалған заң аясындағы қимыл-әрекет болғандығын атап өткен.
- Бір таңданысты жағдай: Ресей әскерінің полковнигі Грузия орманында қарулы бүлікшілер тобын құрып, оларға жетекшілік етіп, қақтығыс пен төңкеріс жасау ісіне баулыған ба? Мен ресейлік достарымыздан Ресейде мұндай мақсатқа жер жетпей ме деп сұрағым келеді. Ресей офицерлерінің Грузия орманында өлмеуі үшін, онда демек Ресейде орман жоқ болғаны ма? Қалай десек те, біз адам өлімі болғанына өкінеміз.
Ресей болса мұндай мәлімдеулер, түсініктемемен келіскісі келмейді. Саакашвилидің баяндамасынан кейін Бас Ассамблея мінберінен сөз алған Ресейдің БҰҰ-ғы елшісі Виталий Чуркин террорға қарсы жаттығу жүргізіліп жатқанда шабуыл жасалғандығын айтады. Оқиға Кодори шатқалында болған еді. Чуркиннің айтуынша, жаттығу жүргізіп жатқан нұсқаушыға пышақ салынған және ол басынан атып өлтірілген. Чуркин Грузия қарым-қатынасты қиындатып, күрделендіретін нәрсенің бәрін жасап жатыр дейді.
Жалпы Ресей мен Грузияның байланыстары 2003 жылы Грузияда раушан төңкерісі орын алып, билік басына батыстық бағыттағы Михаил Саакашвили келгеннен бері онша жақсы емес.
Өткен жылы Грузия Ресейдің төрт дипломатын тыңшылық жасады деген күдікпен қамауда ұстағаннан кейін Ресей Грузиямен көлік тасымалы және сауда қатынастарын қысқартып тастады емес пе?
Ал осы жылдың тамыз айында Грузия Ресейдің әскери ұшағы біздің әуе кеңістігімзге заңсыз кіріп, зымыран тастады деп айыптаған болатын. Ресей жағы болса мұндай жағдай болған жоқ деп оны жоққа шығарады. Осы үш бірдей даулы оқиғадан кейін тергеу-тексеру жүргізген халықаралық және ресейлік сарапшылар мен ОБСЕ ұйымы мұндай оқиғаның орын алғандығы анық болуы керек, бірақ жауапқа тарту мәселесін онша қаламаймыз деген еді.
Кодори шатқалында болған соңғы оқиға жайында айта келе, Саакашвили Грузия алдағы уақытта қандай да бір қақтығыстарды болдырмауға және әскери әрекеттерге бармауға тырысады деді.
- Біздің бұл аймақтағы көзқарасымыз екіжақты, бір-бірімізге деген тәуелділік жан-жақты пайда әкеледі. Мен Грузия халқының тұрақтылық пен гүлденуге жеткізетін демократиялық принциптер мен ашық үкіметте өмір сүрудің катализаторы екеніне сенімдімін, - деді президент.
Десек те Грузияның бөлініп кеткен аймақтарында қарым-қатынастар күрделі қалпында қалып отыр. Сәрсенбі күні Оңтүстік Осетияда минометтік атқылаулар орын алды, Грузия сепаратистерді, сепаратистер Грузияны айыптап отыр.
Аталған аймаққа Грузия мен Ресейдің біріккен бітімгершілік күштері бақылау жасайды.