Accessibility links

Украинадағы сайлау қортындысы әлі белгісіз


Украинаның парламенттік сайлаулары екі бәсекелес партияның дауыс берулердегі алғашқы қортындылары тепе-тең түсіп отырғандықтан тығырыққа тірелуі мүмкін. Екі жетекші партия да өздерін жеңіске жеттік деп және бірін-бірі дауыс берулерді бұзуға тырысты деп айыптап жатыр.

Орталық Сайлау Комиссиясының соңғы хабарламасына қарағанда, жексенбі күнгі сайлауларда 96 пайыз дауыс жиналды. Оның алдыңғы қатарында, 34 процентпен ресейшіл премьер министр Виктор Януковичтің жетекшілігіндегі Аймақтар партиясы тұр.

Юлия Тимошенконың Батысшыл оппозициялық блогы 31 процентпен екінші орында. Үшінші орында “Біздің Украина-халықтың өз-өзін қорғау блогы 13 пайыз дауыспен келеді.

Жексенбі күні кешкісін Юлия Тимошенко “exit poll” өзінің оппозициялық және Қызғылт сары көтерілістегі бұрынғы одақтасы болған президенттік партияға қосып үкімет құруға жеткілікті орын берген соң, жеңіске жеттік деп жариялап қойған. Бірақ, дауыстарды санай келе Януковичтің партиясы алға шығып, сөйтіп Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы Қызғылт сары көтерілістің жақтастары өздерінің жетекшілігі тез азая бастағанын байқады.

Сонымен олар қазір тар жолға тап болып Янукович коалициясының басымдылығы алдында тұр.

Дүйсенбі күні Янукович Киевте өзін қолдаушылардың шеруі алдында сөйлеген сөзінде, өзінің партиясы жаңа үкімет құруды қолға алады деген:

“Біз тағы да үкімет құрамыз. Жаңа үкімет халықтың бірлігі мен адамдардың сенімінен құралады. Бұл үкімет Аймақтар партиясы коалициясының жетекшілігімен құрылатын болады”.

Януковичтің жетекші одақ құру мүмкіндігі негізінен 2,9 пайыз дауыс жинаған Социалистер париясына байланысты. Сондай-ақ, ол одаққа коммунистер партиясы енуі мүмкін. Және де бұл жерде бұрынғы парламент спикері Володымыр Литвин де шешуші роль атқара алады. Дауыс берулердің алғашқы қортындысы бойынша 4 процент дауыс жинаған ол блог қай тарапқа да қосыла беретінін айтты. Януковичтің бекемдігі оның бәсекелестерін алаңдатып отыр.

«Азаттықтың» Украин қызметі хабарлағандай, елдегі сайлаулар барысын бақылайтын Украинадағы Дауыс берушілер комитеті маусым айындағы сайлау заңына енгізілген өзгерістерге байланысты дауыс берулер қортындысы бір жақты болып кетуі мүмкін деген. Ол өзгерістер даулы болған дауыс берудегі алаяқтықты азайтып, үйден дауыс беруді шектеу болды.

Украинадағы Дауыс берушілер комитеті айтқандай, жүз мыңдаған украиндық жақында ғана шетелден үйлеріне оларды, өз қалаларынан басқа жерде тұрады немесе жасы тым ұлғайған болмаса науқас адамдар кабинаға келіп дауыс бере алмады. Сонымен қатар, Еуропалық сайлау жүйесін бақылау ұйымының сайлауды бақылағанында, өздері барған үштен бір сайлау учаскесінде дауыс беру бюллетендерімен проблемалар болғанын айтады. Сөйтіп, ондай заңсыздықтар қай партия немесе блогқа өзінің кедергісін келтіргені туралы әлі анықталған жоқ.

Тимошенко блогы бұл Украинаның шығысындағы премьер министрдің көрсеткіштеріне байланысты болуы мүмкін десе, Ющенко дүйсенбі күні бұл аймақтағы дауыс берулер қортындысы кешігіп жатқанына қатысты заң бұзушылықтар болуы мүмкін деп тергеу жүргізуге шақырды.

“Мен құқық органдары басшылығына сайлау учаскелеріндегі дауыстар қортындысының кешігіп жатқан жағдайына байланысты тезарада тергеу жүргізуіне нұсқау бердім. Мен парламентке алаяқтықпен жетуге тырысып жатқандарға ашық әрі біржақты айтып тұрмын. Менің әрекетім мен сөздерім қарама-қайшы болып қалмайды. Алдауға барғандар жазаланады. Заңға және өз тағдырларыңызға қарсы шықпаңыздар. Ешкімде сайлаушылардың нағыз қалауын пайдаланып кете алмайды. Мен Украина демократиясының жеңісі мен бірлігіне кәміл сенемін”, - деді ол.

Бұған қатысты Янукович сайлау демократиялық түрде өтті дей келе, сайлау нәтижелерін қайта жазу сияқты қандай да бір әрекеттерге қарсы екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG