«АҚШ долларының әлемдік базарда құлдырауы айтарлықтай болды» деп хабарлайды «Литер» газеті сәрсенбілік санында. Газет мәліметтеріне қарағанда, «жасыл валюта» соңғы аптада салмағынан қатты айырылған. «Соған қарамастан, көптеген экономистер американ валютасы өзінің құлдырау құрдымына әлі толық түсіп біткен жоқ деп есептейді», - дейді газет тілшісі. Газетте келтірілген экономист-сарапшылардың пікіріне қарағанда, американ валютасының құлдырауы бірнеше жылға созылып, жұрттың осы валюта түріне деген сенімін мүлде жояды».
Ал бұл ретте «Айқын» газетінде қаржыгер Ғалым Байназаров: «Қазақстанда шетелдік қаржы институттарына отандық банктердің берешегі кейінгі жылдары жылдам өсіп отырғандығын» тілге тиек етеді. «Мысалы, өткен жылы берешек көлемі 33 миллиард доллар болды. Бұл – біздің жалпы сыртқы қарызымыздың 41,4 пайызы», - дейді бұрынғы Ұлттық банк төрағасы. Оның айтуынша, бұл қарыз сомасы үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында 45 миллиард долларға жеткен. Демек, сыртқы қарыздың 50 пайызын құраған. Маманның пікірінше, бұл өткен айдағы мереке күндері АҚШ валютасының бірден көтеріліп кетуіне себепкер болды. «Бірақ та доллар тапшылығынан туындайтын қиындықтарды барлық елдердің орталық банктері біліп, бақылап, өздерінше қамсыздандыру шараларын жүргізіп отырды», - деп есептейді қаржыгер Ғалым Байназаров «Айқын» газеті. Оның айтуынша, Қазақстанда да Ұлттық банк бірнеше үлкен шаралар қолданып, екінші деңгейдегі банктердің шетелден алынатын қарызына шектеу қойған.
«Аргументы и факты Казахстан» басылымы Қазақстандағы саяси реформалар тақырыбына бірнеше мақала арнайды. Мысалы, «Демократияға – тұрақты даму арқылы» деген мақалада автор Қазақстан экономикалық жағынан алға шығып, енді демократиялық реформаларды қарқынды бастағанына тоқталады. «Демократиялық реформаларды тереңдетуге Қазақстан ішкі саясатында басымдылық беріп отыр» деп есептейді мақала авторы. Оның ойынша, елді демократияландыру мемлекеттілікті нығайтуы үшін саяси реформалар кезең-кезеңмен және тепе-теңдікті сақтап өтуі тиіс. Бұл орайда ол Конституцияға өзгерістердің енгізілуі жақсы нәтиже берді деген пікірде. Мысал ретінде мақала авторы жергілікті мәслихаттардың атқарушы билікті бақылауға құзырет алуын тілге тиек етеді «Аргументы и факты Казахстан» басылымында.
Бұл уақытта «Время» газеті ЕҚЫҰ-ның Варшавада өткен жиынына қатысқан қазақстандық оппозиция өкілдері польшалық журналистермен кездескенін жазады. Мақалада айтылғандай, ЖСДП өкілі Әділ Нұрмақов «соңғы сайлау қалай өтіп, Қазақстанда қазір не болып жатқандығын» жеткізсе, Польшадағы қазақтар қауымдастығының басшысы Балия Мажец сайлау алдында демократиялық талаптарға сай келмейтін заңдардың қабылданғанын мәлімдеген. Оған қоса польшалық журналистерді қазақстандықтардың, әсіресі жастардың сайлау қорытындысы бойынша пікірін білу қызықтырған. Өйткені, Польшадағы қазақтар қауымдастығына Польшада оқитын қазақ жастарынан жиі жасырын хаттар келіп түседі екен. Онда қазақстандық студенттер оппозицияны жақтап өз пікірлерін білдіріпті. «Хаттардың бүркеме атпен жіберілуі адамдардың ашық пікірлерін айтуға жасқанатынын айғақтайды», - депті Польшадағы қазақтар қауымдастығының басшысы Балия Мажец «Время» газетінде.
Ал осы газеттегі «Еуропаны ағарту» деген мақалада автор: «Қазақстан делегациясының ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдер бойынша өткізілген конференциясында сөз сөйлеуі мерейін үстем етпегені былай тұрсын, кәрі Еуропаны тағы да «Қазақстанға ЕҚЫҰ-ын басқаруды сеніп тапсыруға бола ма?» - деп ойлантуға мәжбүр етті», - дейді. Әсіресе Қазақстандағы «Кришна санасы» діни бірлестігінің өкілі Максим Варфоломеевтің баяндамасы көпшіліктің назарын аудартқан. Онда ол Қазақстандағы діни ұйымдарды кемсітушіліктің орын алғанын, көптеген заңдарды Қазақстан билігінің өзі бұзатынын, діни сенім-наным еркіндігі сақталмайтын тілге тиек еткен. Осыдан кейін сөз алған «басқа елдердің өкілдері қазақстан билігін айыптады» дейді діндәр Максим Варфоломеев «Время» газетінде. Ал осы жиында сөйлеген АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы елшісі Ричард Уильямсон «Қазақстанның мемлекеттік саясаты бірқатар мәселелерде ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерінен алшақ жататынын» алға тартқан. Оның сөзіне қарағанда, әсіресе дін туралы заңға діни ұйымдарды тіркеуді қатаңдататын өзгерістердің енгізілуі алаңдаушылық тудырып отыр.