Accessibility links

Еуро Одақ Өзбекстанға қатысты санкцияларын қайта қарайды


Еуропа Одағының сыртқы істерлері екі аптаның ішінде Люксембургте Өзбекстанға қарсы санкцияларды күшінде қалдыру-қалдырмау мәселесін талқылап, шешетін болады. Еуро Одақтың сырты саясат жөніндегі басшысы дүйсенбі күні еуропалық парламентарилерге айтқанында, санкцияларды қайта қарау бойынша жұмыстар жүріп жатыр деген. Бірақ, Өзбекстандағы адам құқықтары жағдайы нашар күйде қалып отыр.

Еуропа Одағының Өзбекстанға 2005 жылы елдің шығысындағы Әндіжан қаласындағы көтерілісшілерді күшпен басып тастап, адам қырғынын жасағаны үшін Ташкентке енгізген санкцияларына екі жыл толғаннан кейін, одақтың өзі тығырыққа тіреліп отыр.

Бір жағынан алғанда, санкциялар жұмыс істеген сияқты. Өзбек билігімен кездесулерде Әндіжандағы оқиға, елдегі адам құқықтары жағдайы талқыланып, диалогтар жүргізілді. Бірақ, бұл кездесулерде Өзбекстанның илікпеуі Еуро Одақ ресмилерін таң қалдырды.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хавьер Солананың адам құқықтары жөніндегі өкілі Риина Кионка, дүйсенбі күні Брюссельде Еуропалық парламенттің адам құқықтары бойынша комитетінде айтқанында, өзбекстандықтармен біраздан бері жүріп жатқан кездесулер ешқандай нәтиже бермеді деді. Оның айтуынша, Өзбек тарабы Еуро Одақтың алаңдаушылығына мән бермей, келешектегі кездесулерден қашып отыр:

«Соңғы өткен кездесуде қазан айында адам құқықтары жөніндегі талқылаулар өткізу туралы ешқандай келісім жасалмады. Оған қосымша өзбек жағы өздерінің санкциялар мен Әндіжандағы оқиғаға қатысты ештеңе де талқылағылары келмейтінін білдірді. Ол Еуропа Одағының ішкі проблемасы», - дейді.

Киионканың айтуынша, Ташкент Еуро Одақ пен Өзбекстанның ынтымақтастығы тұрғысында өте менменшіл ұстанымда отыр. Ол Еуро Одақтың 27 сыртқы істер министріне қазанның 15-де Люксембургте санкциялар туралы талқылағанда нақты шешім қабылдауына қиындық әкелмекші. Мамыр айында еуро одақ Өзбекстанға салынған санкцияларды қарай келе, бұл елдің ресмилеріне Еуропаға келуге салынған тыйымды алып, уақытын азайтып, тыйымдарды аздап босатқан болатын.

Дүйсенбі күні бұл адам құқықтары жөніндегі Хавьер Солананың өкілі Киионка Еуро парламенттегі тыңдауда, одаққа мүше бірқатар елдер Әндіжан оқиғаларына қатысты санкцияларды қайта қарап, халықаралық тергеу үшін талаптарға басқа да шарттар қосуды қалайды деп айтты. бірақ, ол қандай шарттар болатынына тоқталмады.

Еуро Одақтың атын атағысы келмеген бір ресми өкілі «Азаттыққа» берген сұхбатында, Өзбекстанның Әндіжан туралы талқылаулардан бас тартуы - Брюссельдің адам құқықтары талаптары және Өзбекстанды азаматтық қоғамымен диалог өткізуге көндіру сияқты басты мәселелер алынуы мүмкін дегенді білдіреді деп айтты. Бір жағынан дейді ол ресми өкіл, Еуро Одақ өзінің виза бермейтіндер тізімін ұлғайтып, кейбір ресмилердің есеп шоттарын жауып тастай алады.

Еуропа Одағының Өзбекстанмен байланысы қиындық туғызып отырғандықтан ол одақтың өз ішінде бөлінушілікке әкеліп отыр. Британия, Швеция, Нидерланды мен Ирландия Өзбекстандағы адам құқықтары саласында айтарлықтай алға басушылық болмаса санкцияны жеңілдетуге қарсы тұратындарын айтуда. Ал, екінші тараптан Еуропа Одағына төрағалық еткен Германия және одаққа қазіргі төрағалықты алып отырған Португалия Еуро Одақтың мамыр айында қабылданған Орта Азиядағы жаңа стратегиясын алға тартып, Өзбекстанмен қарым-қатынас құру қажеттілігін айтады.

Киионканың дүйсенбі күні түсіндіруінше, Өзбекстандағы адам құқықтары жағдайы өте жаман. Ол сонымен қатар, Еуро Одақтың Орта Азиялық стратегиясында адам құқықтарының талаптары негізгі элементтердің бірі екеніне тоқталды.

Халықаралық Дағдарыс тобының өкілі, сарапшы Алан Делетроз Өзбекстандағы адам құқықтары жағдайының қиындығы туралы айтпағанның өзінде, бұл ел әлеуметтік апатқа ұшырау алдында тұр деп отыр. Оның атап көрсетуінше, Өзбекстанда денсаулық сақтау, білім және басқа да салалардағы жағдайлар төменгі деңгейде.

Сонымен қатар, сарапшы Делетроз Брюссельді Өзбекстанда желтоқсан айында болатын президенттік сайлауға дейін санкцияларын босатпауға шақырды. Бақылаушылар бұл сайлауда да ұзақтан бергі президент Ислам Каримов жаңа мерзімге тағы өтеді деп болжап отыр:

«Егер Еуропа Одағының Кеңесі Каримов әкімшілігіне қарсы санкцияларды жеңілдететін болса, Каримовтың насихат құралы оны бірден ол дұрыс жасаған деп онымен Еуропалық демократия да келісті деген дәлелді кеңінен пайдаланып сосын, міне қараңыздар олар санкцияны алып тастады деп айтады».

Делетроздың айтуынша, Еуро Одақ Өзбекстанды Орта Азия елдерінен оқшауландырып бөліп тастауы керек.
XS
SM
MD
LG