Казатком ауылында биылғы жылдың наурыз айының 18-ы мен 19-ында болған жанжалға кінәлі ретінде облыстық сотта Қайрат Батырханов, Азамат Садықов, Бақыт Cәрсенбаев есімді үш азамат қылмыстық жауапқа тартылып отыр. Оларға ҚР қылмыстық істер кодексінің «алдын ала тәртіпсіздік ұйымдастыру», «билік өкілдеріне қырсылық көрсету», «тәртіпсіздіктер жасау арқылы біреудің мүлкін жою» және тағы басқа баптары бойынша айып тағылуда. Айыпталушы Қайрат Батырхановтың апайы Мұғалима Батырханова 25 жастағы бауырының тағдырына алаңдап отырғандығын айтты.
- Менің бауырымның және қасындағы екі баланың да кінәсі жоқ. Оларға әдейі қастандық ұйымдастырды деп жала жауып отыр. Ондағы жанжалға 40-50 адам қатысты. Енді келіп белгісіз куәгерлердің айтуымен бар кінәні сол үшеуіне жауып отыр. Куәгерлердің барлығы бүркеншік атпен өткен. Біз олар нақты куәгерлер ме, әлде жалған қолдан жасалған куәгерлер ме оны білмейміз, - дейді Мұғалима Батырханова.
Биылғы жылдың наурыз айында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Казатком ауылы тұрғындары арасында болған төбелестің аяғы қантөгіске әкеліп соқтырған еді. Онда 5 адам қаза тапқан болатын. Ресми Астана тұрмыстық кикілжің деген баға берген бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жергілікті жерде сот процестері жүрген болатын.
«Мүмкін биліктің айтқанындай, бұл біреудің кедейленіп, біреудің баюы сияқты әлеуметтік жанжал да болар. Әйтсе де халық мұның әлеуметтік жанжалдан гөрі ұлтаралық жанжалға жақын екендігін түсініп отыр. Билік мұны түрлі айламен тоқтатқысы келсе де бәрібір ұлтаралық деңгейге көтерілгені рас. Ешқандай бейнетаспаға, суретке түсірілмеген оқиғада үш адамды кісі өлтірді деп соттаудың негізі жоқ. Әрине, мұны сот шешеді. Бірақ, сот нақты деректерге сүйенуі керек. Менің көкейімде жазықсыз жандарды соттап жібере ме деген қорқыныш бар. Мұндай жағдай желтоқсан оқиғасында Қайрат Рысқұлбековті соттау кезінде болған, мұндай жағдай Шаңырақ соты кезінде де бой көрсетті. Дәл осындай жағдай Талдықорғандағы сотта да қайталанатын сияқты», - дейді «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі Дос Көшім.
Өзін қазақ патриоты санайтын Кенесары Қаптағаев бильярдтан басталған текетірестің ірі қақтығысқа ұласып, аяғы кісі өліміне әкеп соқтыруына билік саясатын кінәлі есептейді.
«Қанша жерден мәйпездеп халыққа ақша бер, алда, бізге ұлтаралық татулық керек деу - ол болмайтын шаруа. Өйткені, қазіргі жастар өздерін кемсітуге жол бермейді», - дейді Кенесары Қаптағаев.
Дос Көшім: «Егер сотта нақты дәлелдер болмаса, ол дәлелді қорғаушы жақ мойындамаса, ол дәлелдер барлық Қазақстан заңдарына сәйкес түрде тіркелмесе онда бұл жоғарыдан түскен бұйрықты орындау ғана болып шығады», деген пікір айтады.
Наурыздың 18-і күні Казатком ауылындағы қақтығыс кезінде жергілікті тұрғындар - Махмахановтардың үйі өртеніп, түк қалмай жанып кеткен еді. Қазақстан ІІМ бұл оқиға бойынша халықаралық қылмыстық іздеу жариялаған Тахир Махмаханов әлі күнге табылған жоқ.