2003 жылы Вашингтонның Ирақты басып алу шешіміне байланысты орын алған келіспеушіліктерден кейін АҚШ пен Түркия қарым-қатынастары ешқашан бұрынғыдай болған емес.
Сол кезде Анкара Түркияның оңтүстігіндегі әуе-базасына өзінің НАТО одақтасы болып табылатын АҚШ-тың орналасуына рұқсат бермеген болатын. Талдаушылардың көбі Түркияның шешімі АҚШ әскерилерінің Ирақтың солтүстігіндегі жоспарларын қиындата түсті деген тұғын.
Содан бері жүргізілген сауалнамалар Түркия халқының басым бөлігі жалпы АҚШ-ты қолдамайтындарын көрсетсе де, екі ел арасындағы қарым-қатынастар жақсара бастаған болатын. Бұған бір дәлел ретінде Түркияның Еуропа Одағына мүше болуға ұмтылысын Вашингтонның қолдап келгенін атап өтсек болады.
Алайда қазір Түркия мен АҚШ қарым-қатынастары тағы да шиелене түскен сияқты. Осыған байланысты Түркия мәселесі бойынша Анкарада орналасқан талдаушы Дэвид Барчард мынадай пікірін білдірді:
“Әсіресе соңғы бір екі аптада Ирақтың солтүстігінен шыққан лаңкесттік әрекеттерден көптеген адамның құрбан болғаны түріктерді қоздырып жіберді. Себебі менің есебім бойынша соңғы 2-3 күнде Түркияның шығысында орын алған лаңкесттік әрекеттерден шамамен 20 адам қаза тапты. Сол үшін түріктер терроризммен күресу үшін АҚШ-тың Ираққа кіруі дұрыс болған еді деп есептесе, бірақ олар АҚШ-тың әрекетсіздігінен соншама адамның құрбан болып жатқанын шыдағысы келмейді”.
Түркияның оңтүстігінде АҚШ басып алған Ирақтан іс-қимылдарын атқаратын Күрдістан Жұмысшылары партиясы соғысушыларының лаңкесттік шабуылдары көбейіп жатыр. Ресми Анкара Түркия әскерилері Ирақтың солтүстігінде кек алуы мүмкін деп ашық айтты.
Бұрын дос болған Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарына енді бұл аз болып отырғандай, сәрсенбі күні Түркия АҚШ конгресі комитетінің Осман империясы кезінде армяндардың жаппай өлтіру оқиғасын “геноцид” деп таныған қарарын айыптады. Яғни Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде бір жарым миллионнан аса армяндарды Осман империясы қырды деп сипаттайтын қарарды Өкілдер палатасының сыртқы істер бойынша комитеті қолдап дауыс берген болатын.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған мен Түркия президенті Абдулла Гул бұл шешімді Түркия қабылдамайды деп мәлімдеді. Жалпы Түркия ешқандай геноцид болмады дейді.
Ақ Үй бұл міндетті емес қарарға өз қарсылығын білдірді. Әгі қарарды АҚШ-тағы үлкен Армян дисапорасы қауымдастығы алға тартып келеді. АҚШ президенті Джордж Буштың айтуынша, бұл қарар АҚШ пен Түркия қарым-қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін. Түркия премьер-министрі Ердоған да осындай мәлімдеме жасады.
“АҚШ-тың аймақтағы ең маңызды серіктесімен арадағы қарым-қатынастары әлсіреуі мүмкін. Армения болашаққа деген оң көзқарасынынан айырылады. Бұл тек Армения диаспорасына ғана пайда әкелетін болады”, - деді Ердоған.
Аталған қарар енді Өкілдер Палатасына жіберілді. Онда ол келесі айда дауысқа салынуы мүмкін. Осыған ұқсас заң жобасы Сенатта да қаралып жатыр.
Түркия егер Өкілдер палатасы мен Сенат бұл заң жобасын мақұлдаса АҚШ-қа қарсы қадам жасаймыз деп ескертті.