Ауғанстанның ауылдары мен басты қалаларын жалғастырады деп ойластырылған айналма жол жобасы 1960 жылдары қолға алынған еді. Ал екінші дәрежедегі жолдар алыс елде мекендер мен шағын қалалардан осы айналма жолға келіп қосылуы тиіс болатын.
Бірақ аталған жоба басталғанымен, оның аяқталуы тым созылып кетті. 1970 жылдары айналма даңғылдың солтүстік бөлігі салынып бітпей жатып соғыс киіп кетті де құрылыс тоқтап қалды.
2001 жылы Талибан режимі құлатылған соң Ауғанстандағы қайта құруды бастаған халықаралық күштер күре жолды жөндеп, ол айналма даңғылдың қалған бөлігінің құрылысын жүргізу болды. Бірақ осы қазан айына дейін айналма жолдың қалған бөлігін қаржыландыру мүмкін болмай келді.
Азия даму банкінің Ауғанстан бөлімшесінің директоры Брайн Фоусет былай дейді:
- Біз Ауғанстан үкіметімен бірге 176 миллион доллар қаржы қарастырдық, олар 4 миллион қосты. Бұл қаржы Бала Мұрхабтан Леманға дейінгі 143 шақырым жолға жұмсалады. Жолдың бұл бөлігі айналма жолға барып қосылады. Сауд Арабиясының үкіметі мен Ислам даму банкі Леманннан Амаликке дейінгі жол бөлігін қаржыландырады. Міне бұдан кейін айналма жол толықтай бітеді.
Азия даму банкі айналма даңғылды Ауғанстанның тасымал жүйесіндегі ең маңызды күретамыр деп сипаттайды жане оны толық аяқтап шығу Ауғанстандағы қайта құру ісіндегі үлкен бір қадам болмақ деп атап көрсетеді. Дегенмен де Фоусет «Азат Ауғанстан» радиосына берген сұхбатында 2006 жылы Лондондағы донорлар конференциясында қабылданған Ауғанстанның ұлттық даму жоспарында белгіленген мерзімде аяқталмауы мүмкін дейді.
Стокгольмдегі Қауіпсіздік және даму саясаты институты жанындағы тәуелсіз орталықтың директоры, Орта Азия бойынша маман Никлас Суансторм айналма жол жобасының толық жүзеге асуы Ауғанстан ғана емес, Орта Азия аймағындағы бұрынғы Совет республикалары үшін де пайда келтірер игілікті шаруа деп атап көрсетеді. Ол Ауғанның айналма жолы сауда көлемін арттырып, байланыстарды жетілдіре түседі дейді.
- Нәтижесінде, Ауғанстанның Орта Азия мемлекеттері үшін Пәкістанның Карачи портты қаласы сияқты байланыс нүктесі болғаны маңызды. Сауда күрт өседі. Мен оның ықпалы бастапқыда керемет болады деп ойламаймын. Ауғанстанды Тәжікстанмен, Қырғызстанмен байланыстырады, ал ең маңыздырағы - Қазақстан, Өзбекстанмен байланыстар орнайды, өйткені экономика шынымен осы жақтан келеді. Одан әрі қарай парсы тілді аймақтар бар, ирандықтар үшін біз бұл жүйенің геосаяси ықпалын арттыруымыз керек деп ойламаймын. Керісінше, Иран басқа елдер сияқты бұдан өз пайдасын көру үшін ұмтылады, - дейді ол.
Суансторм ешқандай теміржол жүйесі жоқ Ауғанстан үшін айналма жолдың толықтай салынып бітуі үлкен көмек, қолдау деп атап көрсетеді.