«Төбемізге зымыран құлай береді. Біз шыдай береміз» деген мақалада «Айқын» газеті соңғы «Протон-М» зымыран-тасығышының құлауы салдарынан Қарағанды облысына келген экономикалық зиянның есептелген жалпы көлемі 7 миллиард 327 миллион теңгені құрағанын хабарлайды облыс әкіміне сілтеме жасай отырып. Жалпы бұл облысқа соңғы 8 жылда үш рет зымыран-тасығыш құлаған. Облыс әкімінің айтуынша, зымыран тасығыштар құлаған алдыңғы екі аудандағы халықтың денсаулығын зерттеу нәтижесі тұрғындардың түрлі науқасқа шалдығу қаупі бар екендігін көрсеткен. «Ауыл шаруашылығы шеккен зиянға келсек, - облыс әкімі «Айқын» газетінде, - біздің есеп бойынша оның көлемі 980 миллион теңгені құрайды. Зымыран қалдықтары құлаған аумақ 32 900 гектарды қамтиды. Осы алқаптағы жер жарамсыз болып, онда мал жаюға, суғаруға тыйым салынады. Мұндай шара Қазақстанның заңдарына сәйкес қабылданады», - депті Қарағанды облысының әкімі «Айқын» газетінде. «Аталған аумақта мал жаюға және мал өнімдерін сатуға тыйым салынуына байланысты 19 шаруа қожалығы табыс көзінен де айырылып отыр. Бұған қосымша, Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп есептелген экологиялық зиян көлемі 1 миллиард теңгеден асады, – деген облыс әкімі. «Осылайша, әкім Қазақстанның заңнамасына сәйкес, бір тұрғынға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы өтемақы төлеу есебінен алғанда, халыққа төленетін өтемақының көлемі 2 миллиард 13 миллион теңге болатынын мәлімдеді», - деп жазады «Айқын» газеті.
Алайда, «Время» газеті «Роскосмос» кәсіпорнының басшысының мәлімдемесіне сүйене отырып, «Протон-М» зымыран-тасығышының құлауы мен оның салдарын тексеру бойынша құрылған Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссиясы бұл апаттың шығын көлемі жөнінде нақты шешімге келе алмағандығын хабарлайды. «Ресей жағы келіссөздер кезінде апаттың салдарын жою бойынша қазақстандық тараптың өтемақысын төлеу қажеттігін растады. Бірақ бастапқы есепті тексеру керек. Мұндай құжаттар топ-том», - депті ресейлік өкіл «Время» газетінде. Газеттің хабарлауынша, «жұмысшы тобына қатаң мерзім берілді: барлық құжаттар 2007 жылдың желтоқсанына дейін дайын болуы тиіс», - деп жазады «Время» газеті.
Ал «Экспресс К» газеті болса, Астана қаласында ғарыштық дәуірдің басталуын, яғни, ғарықша алғаш зымыранның ұшырылу күнін қызықты фотокөрмемен атап өтілгендігін баяндайды. «Сенсациялық суреттер иттердің ғарышқы ұшырылуының құпияларын паш етеді», - деп жазады газет тілшісі. Осы газеттегі «Сен омбудсменге шағымдандың ба?» деген мақалада осындай ұранмен Қазақстанда арнайы плакаттар таратылатындығы жазылады. Адам құқығы бойынша ұлттық орталықтың жетекшісі Вячаслва Калюжный «Экспресс К» газетіне биылғы жылы адам құқығын қорғайтын уәкілге шағымданушылардың былтырғы жылмен салыстырғанда азайып кеткендігін жазыпты. Мәселен, биылғы жылдың үшінші тоқсанында 409 шағымның 90-ы өндіріске қабылданып, оның төрттен бірі қанағаттандырылыпты. Шағымданушылардың 30 пайызы соттардың, 21 пайызы полицияның үстінен, 13 пайызы тұрғын үй құқығы бойынша арыз жазыпты. Обмбудсменге сонымен бірге көрші елдердің тұрғындары да арызданған көрінеді. «Мысалы, Қазақстан кедені мен шекара қызметінің жұмысы бойынша Қырғызстан азаматтары да шағым берген». Сонымен бірге «Экспресс К» газеті жақында жаңа омбудсен Асқар Шәкіров өз қызметі бойынша ашық баяндама жасайтындығын жазады.
Халықаралық ұйым - Венециандық комиссиясының конституциялық құқық жөніндегі бөлім басшысы Шнутс Рудольф Дюр Қазақстандағы омбудсменнің қызмет аясы жөнінде «Литер» газетіне көлемді сұқбат береді. Онда ол Венециандық комиссия республикадағы омбудсмен қызметі бойынша өзгерістер керек деп есептейтіндігін айтыпты. Халықаралық сарапшының айтуынша, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкілдің адам құқығына қайшы келетін заңдар бойынша Конституциялық Кеңеске сұрау жолдай алатын құқығы болуы тиіс. «Содан кейін олар бұл заңдардың шынымен адам құқығына қайша келе ме, келмей ме деген мәселені қарауы керек», - дейді сарапшы «Литер» газетінде. Оған қоса Шнутс Рудольф Дюр Қазақстанның маңызды аймақтарында да омбудсменнің өкілдіктерін ашу қажеттігіне тоқталады. Оның сөзіне қарағанда, дамыған еуропалық елдерде омбудсменнің дербестігі парламент арқылы қамтамасыз етіледі. Оның жұмысын парламенттік басымдылық мақұлдап, оған оппозиция да қатысып отырады. «Бірақ Қазақстанда парламентте оппозициялық партиялар болмағандықтан, мұнда жағдай мүлдем басқаша», - дейді «Литер» газетіне халықаралық конституциялық құқық бойынша маман. Дегенмен, жалпы алғанда Қазақстанда адам құқығына қатысты Конституциялық кеңес пен омбудсмен институты жасаған кішкентай қадамдар бар дейді халықаралық сарапшы.