Алматыдағы Орталық мешітке жиналған мұсылман қауымның көптігі сонша мешіт іші тұр ғой мешіт сыртында да айт намазына келген адамдарға орын жетіспеді. Орталық мешіттің бас имамы Құлмұқанбет Мақамбет, Ораза айт намазынан кейін радиомызға берген сұқбатында, бұны бұрын-соңды болмаған жақсылық жағдай дей келе, сондай-ақ айт намазына келген мұсылман қауымның дені жастар болғандығын ерекше атады.
Айт намазынан кейін айт мерекесі басталып, барлық мұсылман қауым бір бірін шын ниетімен құттықтасып, елге, халыққа амандық саулық тілесті.
Алматы тұрғыны, жасы жетпісті арқалаған Нұрақмет ақсақал 30 күн оразадан кейн келіп отырған осы айт мерекесіне байланысты ‘елге тыныштық болсын, халық аман болсын‘ деген тілегін жеткізді. Ал жуырда ғана Еуропа елдерін аралап, сол жақта ‘аттандап‘ қайтқан Амантай қажы ‘қазағым, қазақстаным, дін ислам жасасын‘ деген тілегін білдірді.
Орталық мешіттің бас имамы Қ.Мақамбет мұсылмандар үшін айт мерекесі күндері бұған дейін бір бірімен араздасып, ренжісіп қалған туыс-туғандар, көршілер бір бірін кешірісіп бір біріне жақсылық тілесе сол қабыл болады дейді. Сондай ақ бұл күні мұсылмандар өз бауырларымен қуаныштарын бөлісе отырып, кембағал, жетім-жесір, мүгедек жандарға қолынан келгенше сыйлықтар тартып, ауыру сырқаулардың қалін біліп оларға алладан шипа тілейді дейді ол.
Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастығының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек биылғы оразаның қазақстан мұсылмандары үшін жақсы өткенін ал осы ораза айттың қасиетті жұма күніне сәйкес келгенін жақсылыққа жоритындығын жеткізді.
Айт мерекесін тойлау үшін Қазақстанға әдейі келген Түркияның Стамбұл қаласында тұратын ғалым-зерттеуші Абдуақап Қара барша мұсылманды айт мерексімен құттықтап, жақсылықтар тіледі. Оның айтуынша Түркияда Ораза айт мерексі ресми түрде мемлекеттік мереке ретінде 3 күн бойы тойланады екен. Ал Қазақстанда үкімет мұсылман үшін екі ұлық мерекенің бірі Құрбан айтты тойлауға 1 күн демалыс беріп ал екінші ұлық мереке Ораза айтқа әлі күнге дейін ондай демалыс бермей отыруын бұл түсініксіз нәрсе дейді ол.
Осы сұрақ бойынша жауап беруін сұрағанымызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастығының баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек бұл мәселеге байланысты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бұдан бұрынырықта айтқанын «бұл қәзір емес алдағы келешекте болады» деген сөзін дәлел ретінде келтірді.
Ораза айт мерекелеріңіз құтты болсын!