«Қашаған төңірегіндегі тартыс итальян премьер-министрі Романо Продидің Астанаға жасаған сапарынан кейін қыза түсті», - дейді «Экспресс К» газетінің тілшісі «Инвесторлар Кю» деді деген мақалада. «Біз шұғыл мәлімдемелер естіген жоқпыз. Қазақстан үкіметі мен консорциум арасындағы келіссөздер бірқалыпты, тыныш өтті. Бірақ Қашағанға байланысты жақын уақытта жаңа шытырманды жағдай – «Жер қойнауы мен кеніштерді пайдалану туралы» заң жобасы төңірегінде дау-дамай туындауы кәдік», - деп жазады «Экпресс К» газеті. Мақала авторының айтуынша, газет редакциясына Қазақстанның шетел инвесторлары кеңесі, Халықаралық салық және инвестициялық орталық және тағы басқа беделді ұйымдардың Қазақстан президентіне жолдаған хаты келіп түскен. Онда олар президенттен «Жер қойнауы мен кеніштерді пайдалану туралы» заң жобасына вето қоюды сұраған. Газетте келтірілген шетелдік инвесторлардың сөздеріне қарағанда, олар заң жобасына енгізілген өзгерістерді қоштамаған. Мәселен, халықаралық «брэйсвэлл энд Джулиани» заң компаниясының басшысы Грегори Дж.Воджак: «Егер бұл өзгерістерді Сенат мақұлдаса, оның үлкен әрі ұзаққа баратын салдары болуы мүмкін», - депті «Экспресс К» газетінде. Президентке шетелдік инвесторлар жолдаған хат былай аяқталады: «Бұл заң жобасы арқылы келісім-шарттардың тұрақтылығы, сотта және халықаралық төрелік сотында дауларды шешу кепілдігі, жеке меншікті қорғаудың конституциялық кепілдігі бұзылатындығына алаңдаушылық білдіреміз. Бұл өзгерістерді Қазақстанның инвеститициялық ахуалының нашарлауы деп қабылдау қажет деп сенеміз», - дейді қазақстандық инвесторлар президентке жазған хаттарында.
«Батыс елдері үрке қарап отыр» деген мақалада «Жас алаш» газетінің тілшісі: «Қазақстан басшылығының «Қашаған» кен орындарында жұмыс істеп жатқан компанияларға тізе батыруы, экологиялық талаптарды ескермегенін, берген уәдесінде тұрмағанын ескертіп, келісім-шартты қайта қарау туралы мәселе көтеруі, «Теңізшевройл» компаниясына экологиялық талаптарды бұзды деп айтып тағуы Қазақстанды майшелпек көретін шетелдік мұнай алпауыттарын қатты ойландырып-ақ тастады», - дейді. «Мұның үстіне мәжіліс те дәл осы кезеңде «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасын талқылап, мақұлдай қалды. Ол заңда: Егер бұл Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы келіп жатса, шетелдік немесе отандық компаниялармен арадағы кен өндіруге байланысты келісім-шарт бұзылуы мүмкін» деген бап бар», - дейді «Жас алаш» газетінің тілшісі. Мақалада сарапшылардың «Қашағанға қатысты жағдайдың арты Қазақстанынң экономикалық өсіміне қатер төндіріп, Қазақстан-Қытай құбыр жүйесінің болашағын бұлыңғыр етуі мүмкін» деген пікірлері беріледі. Осы газетте сонымен бірге Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттауына орай саяси партиялардың үкіметке талап қойғаны баяндалады. Онда қоғамдық ұйым өкілдері үкіметтен баға мен тарифтерді тұрақтадырудың нақты іс-жоспарын жасауды; 2007 жылдың қазан айынан бастап тұрмысы төмен отбасыларына өтемақы төлеуді; 2008 жылдың қаңтарынан бастап күнкөрістің төменгі шегін күн көруге мүмкіндік беретіндей деңгейге көтеруді; биылғы жылдың қараша айынан бастап, бюджет қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақы мен стипендияны көтеруді талап еткен.
«Егемен Қазақстан» газеті үкіметте президенттің бағаны тұрақтандыру мен халықтың тұрмыстық деңгейі төмен топтарына көмек көрсету жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында мәселелер қаралғанын жазады. Мақалада берілген деректерге қарағанда, қазір Қазақстанда нан бағасы орта есеппен 44 теңгеге тұрақтанып, тұрақтандыру қорларына 550 мың тонна астық жиналған. Сонымен бірге өсімдік майы бағасын төмендету үшін импорт тауарларына баж салығын төмендету қажеттігі сөз болады «Егемен Қазақстан» газетінде. «Үкімет нан мен ұнның қымбаттауына орай жағдайы төмен жандарға қалай көмек көрсету жағын ойластырып жатқанда Оңтүстік Қазақстан облысында көмекке зәру отбасылары күнделікті азық-түлікті айтырлықтай төмен бағамен сатып алуда», - деп жазады «Мегаполис» газеті.
Ал бұған дейін Қазақстанда ең арзан нан сатылып келген Павлодар облысында қазір бұл тағамның бағасы 45 теңгеге көтерілуі павлодарлықтардың көңілін күпті еткендігін жазады газет тілшісі «Халықтың нанмен ажырасуы» деген мақалады. Ал «Министр мафияның құрбаны болды» деген «Литер» газетіндегі мақалада негізгі тағам түрлерінің қымбаттауы қайтара сатып алушылар мен тауарды көптеп сатушылар арасындағы ымарашылдықтың салдары екендігі баяндалады.
«Айқын» газеті де осы тақырыпқа тоқталады. Онда берілген мәліметтерге сүйенсек, «ет бағасының 50 пайызы, сүттің 35 пайызы делдалдар қосқан үстеме баға екен».